Сабақ негізделген оқу мақсаты



бет2/4
Дата29.06.2017
өлшемі0,58 Mb.
#20582
түріСабақ
1   2   3   4

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Пәнаралық байланыс.

АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы



Қадағалау нәтижесі бойынша бағыт беру. Ой қозғау сұрақтарын қою. Кеңесу.

Қадағалау, бақылау, ынталандыру, өзара бағалау, топ бақылаушысының бағалау нәтижелері бойынша бағалау. Сұрақтар қою арқылы әр оқушының білімдері тексеріледі. Сабаққа кері байланыс алынады.

Қазақ тілі, физика

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақ оқу мақсатына сай өтті.

Сабақта оқушылар күрделі функцияның туындысын тауып, есептерді шығара білді осы тақырыпқа байларысты ережелер мен формулаларды жатқа айта білді.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы ауызша тез есептеуге тапсырма, логикалық тапсырма, дөңгелек диаграма арқылы деңгейлік тапсырмалар беруім тиімді болды.

Барлық жоспарланған шаралар оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырды.

Сабақтың барлық кезеңдері белгіленген уақытта өтіп, барлық жоспарланған шаралар тиімді болды.

Мен жоспарлаған шараларды орындау барысында оқушылар қимыл қозғалыста болғандықтан сергіту сәтін жасатпадым. Таймерді қолданып, әр тапсырманы уақытпен шектеп отырдым.






Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. «Жұптас- ойлан- есепе» ойыны оқушылаға қызықты болды. Оқушылар өздері ізденіп күрделі теңдеулер құрастырып, олардың туындысын таба білді.

2. Бағалау парағын қолдана отырып, оқушылардың өздерін өздері бағалау тиімді болды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)



  1. Жұптық әдіспен үйге берілген есептерді тексеру.

  2. «Даналық ағашы» әдісін қолдану арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Сабақта «Адвокат» ойынын қолдану, оқушылардың орындаған жұмыстарын саралауды жеңілдете ме деп ойлаймын.






Оқушылардың өздерін өздері бағалау парағы

Оқұшының фамилиясы, аты

«Даналық ағашы» ойыны

Үйге берілген есеп №220

Үйге берілген есеп №221

«Миға шабуыл»

«Білімі жүйріктің -ойы ұшқыр»

А деңгейіндегі есеп

В деңгейіндегі есеп

С деңгейіндегі есеп

«Жұптас, ойлан, есепте»

Өзімнің қорытынды ұпайым

Мұғалімнің бағалауы

Күрделі функциясының туындысын табу ережелерін қолдана алу.




0

1





0

1


0

1


0

1


0

1

2



1

2

3



1

2

3









Туындыны табу ережелерін, формулаларын қолдана білу

1

2

3



0

1





0

1


0

1


0

1


0

1

2



1

2

3



1

2

3









Өрнектерді ықшамдай алуы




0

1











0

1


0

1

2



1

2

3



1

2

3









Күрделі функция құрастыра білуі







1

2

3


















1

2

3








35- 43 ұпай . Алдағы уақытта бұл тақырыпқа байланысты мазмұны күрделенген, шығармашылық ізденісті қажет ететін тапсырмаларды орындай білуге жаттығуым керек.

29 - 34 ұпай. Өткен тақырыптармен байланыстырылған тереңірек ойлайтын жаттығуларды орындай білуім қажет.

22 – 28 ұпай. Осы тақырыпқа сәйкес білімді, дағдыны жетілдіре түсуім қажет.

35- 43 ұпай «5»

29 - 34 ұпай «4»

22 – 28 ұпай «3»
Бірінші(ілгері) деңгей мұғалімі Тулегенова Кульмира Сағымбековнаның рефлексивтік есебі.

12 ақпан күні 10а сыныбында «Күрделі функция» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабағыма барлығы 11 мұғалім қатысты. Оқушылар сабақта бірлесе, ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, күрделі функцияның ережелерін, туындыны табу формулаларын қолдана отырып, күрделі функцияның туындысын таба білуге жаттығыды деген мақсат қойдым. Осы мақсатымды жүзеге асыру барысында төмендегідей іс- шараларды жоспарлап, ол іс- шаралар түгелдей жүзеге асты.



Сабақтың өту барысында оқушылар сабақтың табыс критерилерін өздері анықтап, алдарына нақты мақсат қоя отырып, жұмыс жасады. «Даналық ағашы» ойыны арқылы өткен тақырыптарды қайталап, үйге берілген есептерді «Жұптық» әдіспен бір-бірлерін тексерді. «Миға шабуыл» әдісін қолдану барысында оқушылардың ауызша есептеу дағдылары қалыптастырылды. Сабақтың «Білімі жүйріктің – ойы ұшқыр» бөлімінде оқушылар берілген есептерді бірлесе орындай отырып, слайдтағы дұрыс жауаптар бойынша бір- бірлерінің жұмыстарын тексерді. Оқушылар сабақта «Дөңгелек диаграмма» әдісін қолдана отырып, деңгейлік жұмыстарды орындап, тақтада қорғай білді. «Жұптас-ойлан- есепте» ойыны арқылы оқушылыр формулалардың жартысы жазылған парақшалар бойынша өз жұптарын тауып, бірлесе отырып, әр жұп бір күрделі функциядан құрастырып, туындысын есептеп, тақтада қорғады. Топтарға ортақ берілген логикалық тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындап, шешімін таба білді. Сабақ соңында оқушылар бағалау парағын қолдана отырып, өздерін-өздері бағалап, табыс критерийлері бойынша кері байланыс берді. Бағалау парағы бойынша оқушылар өздерін-өздері бағалаған кезде, нақты бағаланды. Бұдан құрастырған бағалау парақтың тиімді болғанын байқадым. Сабақ барысында оқушылар әр іс- шараға белсене қатысып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындай білді. Бұл сабақта орташа оқитын Б және Е деген оқушыларым белсенділік танытып, жақсы ұпай алып, ілгерлеушілік көрсеткені байқалды. Таймерді ұтымды қолдану барысында әр жоспарланған шара өз мерзімінде өтті. Бұл сабақтағы жоспарланған шаралардың оқушыларға тиімді болғанын байқадым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет