Білу және түсіну
Ы.Алтынсарин. Бұл кім?
«Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (Ана)
Дүниеде анаға жыр арнамаған жыршы, күй арнамаған күйші, ән арнамаған әнші, шығармасын арнамаған жазушы бар ма екен?
Ананы жырлаймын деп ақын тебіренсе, ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойланды.
«Құрметтейік те, қадірлейік те ғазиз Ананы, өйткені ол дүниедегі асылдың асылы – өмір сыйлайды ғой!» - деп тебіренеді Ғ.Мүсірепов.
«Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар, ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі» дейді орыс жазушысы М.Горкий.
«Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе! Па шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!» - дейді Баубек Бұлқышев.
Сонымен ана дегеніміз – төзімділік пен адамгершііліктің тәңірісі.
4. Қазір Ана сөзінің мағынасын ашып алайық.
Ана тілі
Ана Отан ана
Жер ана
І-топ. «Ана тілі» деп неге айтамыз?
ІІ-топ. «Отан ана» деп неге айтылады?
ІІІ-топ. «Жер ана» деп неге айтылады?
5. Жалпы ана атаулыға тән, біріміздің анамызға ортақ оқулығымызда тамаша бір шығарма беріліпті. Ол Василий Александрович Сухомлинскийдің «Ақ шаш» әңгімесі.
В.А.Сухомлинский Украина Республикасында дүниеге келген. Украина халқының атақты ұстазы, жазушысы.
Оқулықпен жұмыс.
«Болжау» стратегиясы.
а) Балалардың алдына әңгімеден үзінді беру, яғни оны оқушылар ары қарай жалғастырып, оқиғаның немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.
ә) Оқулықтағы мәтінді оқып беру.
б) Мәтінді оқушылар ойымен салыстыру.
в) Сұрақ-жауап.
- Мәтінде негізгі ой қандай мәселеге құрылған ?
- Мишаның байқампаздығын қалай аңғардың?
6. «Екі жақты күнделік» стратегиясы.
1-топ. Мәтіннен өздеріңе әсер етіп, ойыңда қалған үзіндіні жаз.
Сұрақ: Анының жүрегі қай кезде ауырады? (бірденеге қапаланғанда, ренжігенде, уайымдағанда).
2-топ. Мишаның келесі сұрағына анасы не деп жауап берді деп ойлайсың, соны жаз.
Сұрақ: Ананың жүрегі қай кезде толқиды? (қуанғанда, шаттанғанда).
3-топ. «Ананың көңілі балада. Баланың көңілі далада» мақалының мәтінге қандай қатысы бар?
Сұрақ: Сөз анасы не? Сөз анасы – құлақ.
Су анасы не? Су анасы – бұлақ.
|