Сабақтың тақырыбы: Орындалған арман
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары):
|
Әңгімені түсінік бере отырып,оқуға,кейіпкерлердің мінез –құлқының іс-әрекетінің мәнін ашуға,оқырмандық көзқарасын қалыптастыру.
|
Сабақтан күтілетін нәтиже:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Сұрақтарға нақты жауап береді
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Мәтінді оқиды,түсіндіреді,топта талқылайды. Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Сабақ бойынша не білетіндерін салыстыра алады, ойын қорытып жаза біледі.
|
Тілдік мақсат:
|
сөздік қорын , ауызша сөйлеу тілін дамыту
|
Ресурстар:
|
Суреттер
|
Пәнаралық байланыс:
|
Қазақ тілі
|
Алдыңғы оқу:
|
Дүниеде жамандық неден? мазмұндау
|
САБАҚ ЖОСПАРЫ
|
Сабақ барысы
жоспарланған уақыт
|
Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер
|
Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
|
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
(психологиялық ахуал қалыптастыру)
3минут
|
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді болып жүрейік.
|
Өлеңді қайталайды.
|
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ
7 минут
Үй тапсырмасын қорытындылау
1-деңгей (білу, түсіну):
|
«Дүниеде жамандық неден?» авторы кім? Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин туралы не білдік?
1топ Әңгімедегі кейіпкерлерді атайды
2топ Кейіпкерлер қандай сұраққа жауап іздеді?
1, Әңгіме қалай басталды?
2 топ Қарға мен көккептердің әңгімелерін айту 1топ Жылан мен Бұғының әңгімесін айту
Топ ақжүректің сөзімен аяқтау
Осы әңгімеден не ұқтық?
|
Сұраққа жауап береді. 1 бал
|
2-деңгей (қолдану, талдау)
|
Мәтіннен кейіпкерлердің сөзін тауып оқып береді.
|
Әрбір кейіпкер сөзін тауып оқып береді. 2 бал
|
3-деңгей (жинақтау, бағалау):
|
Рөлге бөліп әңгімелеу
|
Ролге бөліп әңгімелеп береді. 3 бал
|
ЖАҢА САБАҚ
20минут
|
Орындалған арман
1топ Әріптерді құрастырады қандай сөз шықты
Арман деген не ?
2 топ Сіздерде қандай сөз шықты Мектеп туралы
Автор туралы мағлұмат беру
Автор Спандияр Көбеев өмір деректері мен еңбектері туралы айту.
«Орындалған арман»атты әңгімесінен үзінді оқимыз
Оқулықпен жұмыс жүргізіледі
А)Оқушыларға дауыстатып оқыту
|
Топта тапсырмаларды орындайды
|
САБАҚТЫ БЕКІТУ
5 минут
1-деңгей (білу, түсіну):
|
1топ Әңгіменің басында «Үлкен той болды»деп қандай тойды айтып отыр?
2 топ Әңгімеден Хамза Қаржасовтың сөзі бұларға неге ұнамады?
1топ Салмұғамбет Спандиярмен оның әкесіне не деді?
2топ Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп жүзі сұп-сұр болып кетті?
1 топ Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?
2 топ әңгіме неліктен «орындалған арман»деп аталған?Бұл әңгімеден Спандиярдың қандай арманы орындалған?
|
Сұрақтарға ауызша жауап береді. 1 Бал
|
2-деңгей (қолдану, талдау):
|
1 топ Әңгімеден байға байланысты айтылған сөздерді
2 топ Кедейге байланысты айтылған сөздерді теріп жаз
|
Жазбаша орындайды 2бал
|
3-деңгей (жинақтау, бағалау)
|
Венн диограммасы
Ыбырай мен Спандияр салыстыру
|
Ауызша орындайды 3 бал
|
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
5минут
1-деңгей (білу, түсіну):
|
Мәтінді оқу
|
Ауызша орындайды 1бал
|
2-дең (қолдану, талдау):
|
Өз армандарын жазу
|
Жазбаша орындайды 2 бал
|
3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)
|
Эссе жазу
Мектеп сөзіне ассоциация құру
|
Жазбаша орындайды 2 бал
|
Бағалау 3 мин
|
«3»бал –3 «6» бал- 4 «9»бал- 5 деген баға қойылады.
|
|
Кері байланыс 2 мин
|
Мен нені үйрендім? Не қиын болды?
|
Сұраққа жауап жазады..
|
|