Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады



бет3/6
Дата03.01.2022
өлшемі318,02 Kb.
#108206
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
mzh.-zhanuarlardy-ozalys-msheler.-tr-azalarday-ozalysty-rl

Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Біржасушалылардың қозғалу мүшелері. Біржасушалы жануарлар ағзалары суқоймаларда, ылғал жерлерде немесе басқа тірі ағзалар ішінде тіршілік етеді. Олардың басым бөлігінің қозғалу мүшесіне талшықтар (жгутики) жатады. Қоршаған сұйықтықта бұрама (винт) сияқты бұралған талшықтар дененің – жануардың жалғыз жасушасын алға қозғалтады. Қозғалғыш бактериялардың қозғалу мүшесі – немесе көптеген талшықтар. Эукариоттарда көбінесе бір не екі, кейде одан көп, мысалы, 8 талшық болады (88-сурет).

Қарапайымдардың тағы бір қозғалу мүшесіне кірпікшелер жатады. Олар құрылысы талшықтарға өте ұқсас, бірақ едәуір қысқа әрі көп болады.

Біржасушалылардың үшінші әрі соңғы қозғалу тәсіліне жалған аяқтары жатады. Бұл уақытша өскіндері – дененің кез келген бөлігінде түзілетін жасуша цитоплазмасының томпаюы.

Көпжасушалы омыртқасыздардың қозғалу мүшелері алуан түрлі. Олар жануар типіне байланысты. Құрттарда алғаш рет дербес бұлшық ет жасушалары пайда болады. Олар жабынмен (терімен) бірігіп кететін бұлшық еттерден қабат түзеді. Мұндай жүйені тері-бұлшық ет қапшығы дейді. Ұлуларда бұлшық ет жүйесі, әсіресе басаяқтыларда (сегізаяқ) едәуір дамыған. Буынаяқтыларда алғаш рет бұлшық еттердің жеке шоғыры пайда болады. Дененің бір сегменті қозғалу үшін бұлшық еттің белгілі бір шоғыры жиырылады, ал қалғандары демалып, энергияны үнемдейді. Омыртқалылардың қозғалу мүшелері. Жалпы барлық омырт- қалылардың тірек-қимыл жүйесі ұқсас. Бұл ішкі қаңқа – сүйектер мен оларға бекитін бұлшық еттер. Бұлшық ет жиырылып, сүйекті өзіне тартады. Дененің белгілі бір бөлігі осылай жылжиды.

Омыртқалыларда қозғалу мүше- лері тіршілік ортасына тәуелді. Балықтарда қозғалу мүшесі – жүзбеқанаттары. Құрлықта тіршілік ететіндердің қозғалу мүшесі – екі немесе төрт аяғы, ал жылан денесін ирелеңдетіп жылжуға бейімделген. Ауада қалықтауға мүмкіндік беретін мүше – қанат құстарға тән. Су тіршілік ортасын

мекендеушілердің есу үшін жүзбеқанаттары болады. Оған балықтар, теңіз тасбақалары, сүтқоректілер – киттер, теңіз түлендері, мысықтары, тіпті пингвин құстары да жатады. Олардың қанаттары пішіні жағынан жүзбеқанаттарға ұқсайды.

Суда жылжудың тағы бір маңызды әдісі – реактивті қозғалу. Егер ағза өзіне суды жинап алып, содан кейін оны үлкен күшпен (қысыммен шапшып ағу) шығарса, дене қарама-қарсы бағытта қозғалатын болады. Медузалар, сегізаяқтар, каракатицалар осылай жылжиды.

Топырақта қозғалған кезде жануарлар аяғын (жәндіктер, көртышқан т.б.) немесе денесін (шұбалшаң) пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет