Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады



бет42/115
Дата06.09.2022
өлшемі8,58 Mb.
#148831
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   115
2-топ «Көк кәмпиттер»
Тыныс алудың қандай екі типі бар?
Тыныс алу типтері. Тыныс – оттек қатысатын күрделі химиялық үдеріс. Бірақ біздің ғаламшарымызда оттек тек фотосинтез арқылы пайда болды. Сонда оттек түзілгенше пайда болған алғашқы тірі ағзалар қалай тыныс алды? Алғашқы тірі ағзалар оттексіз қоректік заттарды бұзған екен. Осы кезде энергия бөлінген. Бірақ мұндай әдістің тиімділігі шамалы. Ғалымдардың есептеуі бойынша 5%-дан аз. Энергия алу үшін қоректік заттардың оттексіз ыдырау үдерісі анаэробты тыныс алу деп аталады. Мұндай үдеріс қазіргі кезде де міндетті түрде барлық тірі жасушаларда оттек түспей тұрып жүреді.
3-топ «Қызыл кәмпиттер»
Аэробтардың анаэробтардан қандай айырмашылықтары бар?
Анаэроб ағзалар – оттексіз тіршілік ете алатын тіршілік иелері. Олар оттексіз қарапайым тәсіл арқылы қоректік заттардан энергия алуға қабілетті. Анаэроб ағзаларға қандай ағзалар жатады? Бірінші фотосин-тез пайда болғанша тіршілік еткен және қазіргі кезге дейін сақталған ежелгі бактериялар жатады. Бұлар – шіріту, ашыту бактериялар және т.б. Бактериялардың өлшемі – микроскопиялық, оларға үлкен денені құру үшін энергия жұмсаудың қажеті жоқ. Олар бір жасушадан тұрады және жануар ағзасында көп энергия жұмсалатын миы да, бұлшық еті де жоқ.
Анаэроб ағзаларға зең саңырауқұлағы мен ашытқылар жатады. Бірақ зең қимылдамайды, ал ашытқылар – қозғалмағанымен қоса біржасушалы.
Сонымен қатар анаэробтағы кейбір паразиттерге (ішекқұрттар) не-месе басқа жануарлардың асқазанында немесе ішегінде тіршілік ететін пайдалы ағзалар жатады. Асқазан мен ішекте де оттек жоқ. Бірақ бұл ағзаларға да оттек қажет емес. Олар қозғалатын болса да, қозғалуға энергия жұмсамайды. Оларға қорек іздеудің және қоршаған орта өзгерістеріне әсер көрсетудің (қарау, есту т.б.) қажеті жоқ. Олар айнала-сында ішекте не асқазандағы тамақпен қоректенеді. Ал тамақты іздеуге және ұстап алуға энергияны қожайын-ағза жұмсайды. Сондықтан олар анаэробты бола алады.
Аэроб ағзалар – оттекпен тыныс алатын және оттексіз тіршілік ете алмайтын тіршілік иелері. Оларға – барлық өсімдіктер, омыртқалы жа-нуарлар, көптеген омыртқасыз жануарлар және көптеген бактериялар жатады. Оттексіз үдеріске қарағанда оттек пайдаланып, энергия алу үдерісі шамамен 17 есе тиімді.Ағза неғұрлым күрделі әрі жетілген сайын, соғұрлым көп энергия жұмсайды. Осыған байланысты жылықанды жануарлар мен құстарда тыныс алу олар тіпті қысқы ұйқыға кетсе де тоқтамайды.


Қолдану8 минут «Интервью» әдісі


Жалпыға арналған тапсырма:
Жануар, адам, өсімдік ағзасы үшін энергияның маңызы туралы айтыңдар. Оны қайданаладыжәненеүшінпайдаланады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет