Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады


Қолдану Берілген мәтіндерді балалар оқып алады



бет101/115
Дата06.09.2022
өлшемі8,58 Mb.
#148831
түріСабақ
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   115
Қолдану
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Айқас тозаңдану және өсімдігі өздігінен тозаңдану. Айқас тозаңданукезінде бір гүл тозаңы басқа аналығының аузына түседі. Өздігімен тозаңдану кезінде тозаң бір гүлдің ішінде аталықтан аналық аузына түседі.
Өсімдіктің көпшілігінде гермафродитті гүлдер болғанымен, табиғатта өздігінен тозаңдану үдерісі жиі кездеспейді. Сендерге та-ныс егістік бұршақ, жержаңғақ және бидай өздігінен тозаңданатын өсімдіктерге жатады.
Айқас тозаңдану әдісі. Өсімдіктер тозаңдану үдерісіне бейімделді.Аналық тозаңының құрылысы осы өсімдік түрінің тозаңы оңай қонып қалатындай болып түзілген. Тозаңның өзі аналық аузында оңай ұсталу үшін біртегіс емес. Тозаң көп және ол тозаңданудың белгілі бір әдісі үшін бейімделген. Ал тозаңдану әдісі әртүрлі болады.
Желмен тозаңдану –жел арқылы тозаңның тасымалдану үдерісі.Желмен тозаңданатын өсімдіктерде құрғақ әрі жеңіл тозаң көп болады.
Жәндіктермен тозаңдану –жәндіктер арқылы тозаңның тасымал-дану үдерісі. Мұндай өсімдіктің тозаңы жәндік денесіне оңай жабысу үшін бұдыр, жабысқақ болады.
Жануар арқылы кейбір тропиктік өсімдіктер тозаңданады (мысалы, колибри құсы арқылы).


Топтарға тапсырма:
1-топ: Раушан
Қосжынысты және даражынысты гүлдерді салыстырыңдар. Қосжынысты гүлдер үнемі өздігінен тозаңдана ма?
2-топ: Тұңғиық
Тозаңданудың және оның түрлерінің өсімдіктер үшін маңызын түсіндіріңдер.
3-топ: Түймедақ
Сурет бойынша тозаңданудың түр бөлігі туралы айтып беріңдер.



Талдау
«Ыстық орындық» орындық әдісі
(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.
1-сұрақ. Қосжынысты және даражынысты гүлдер арасындағы айырмашылықтарды айтып беріңдер.
2-сұрақ.Тозаңдану түріне байланысты тозаң, гүл құрылысының ерекшеліктері және тозаңдану мерзімі арасындағы байланысты анықтап, талдап бар..

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет