Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады


Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс»



бет54/115
Дата06.09.2022
өлшемі8,58 Mb.
#148831
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   115
Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
Ағза және қоршаған орта арасындағы зат алмасу үдерістерінің мәнін түсіндіріңдер. Катаболизм мен анаболизмнің қарама-қарсы үдерістер екенін айтыңдар.


«Шеңбердегі доп» әдісі
Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы жаңа білім туралы бір сөйлем айтады.

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі


Шеңберге отырғызу, доп.



Бағалау

5 минут
Кері байланыс


3 минут

Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.



Оқушының аты-жөні

«Қар кесегі» әдісі

«Ыстық орындық» орындық әдісі

«Ойлан –жұптас – бөліс» әдісі

«Шеңбердегі доп» әдісі

Балл















































































































«Сабақтағы проблемалар» кестесі



Қиындықтар

Себебі

Шешімі













Бағалау парақшасы


Сабақтағы проблемаларкестесі



Қосымша ақпарат



Саралау – Сіз қосымша
Көмеккөрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың
Үйренгенін тексеруді
Қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
Қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс

Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайыма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағыахуал
Қандай болды?
Мен жоспарлаған
Саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
Уақыт ішінде
үлгердімбе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
Келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
Жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Сабақтың тақырыбы:
Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері.
Зертханалық жұмыс «Өсімдіктердің тынысалу ерекшеліктерін өскіндер мысалында зерттеу»

Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:

СЫНЫП: 7



Қатысқан оқушылар саны:



Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.1.5.2 - өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу

Сабақ нәтижесі:



Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Тақырыптың маңызын түсіндіреді.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Өсімдік бөлінділерінің ерекшеліктері

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Бөліп шығарудың тірі ағзалар үшін маңызы. Жануарлардағы бөліп шығару өнімдері. Зат алмасудың соңғы өнімдері.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы
5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу.
Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.
Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әріп қиындыларда сөздер болу керек.
Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.


Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Сурете байланысты тілек» тренинг
Оқушыларды шеңберге шақыру,амандасу. Стикерлерге салынған әртүрлі суреттерді ұсыну. Суретті не үшін таңдағанын білу. Оқушылар таңдаған суретке байланысты тілектер айтады.

1-топ
2-топ


3-топ
Суреттер

Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну
Өсімдіктердегі метаболизмнің соңғы өнімдері. Өсімдік ағзасында маңызды екі: тыныс алу және фотосинтез үдерістері жүретінін білесіңдер. Тыныс алу барысында түзілетін заттар фотосинтез кезінде пайдаланылады және керісінше. Жалпы бұл екі үдерісті қайтымды химиялық реакция түрінде былай көрсетуге болады:
Шын мәнінде бұлай емес! Фотосинтез «тыныс алуға керісінше» болып табылмайды. Фотосинтезге жарық энергиясы қажет. Бұл екі үдеріс жасушаның жеке органоидтерінде жүреді. Фотосинтез хлоро- пласта жүзеге асады. Тыныс алудың негізгі органоидтерімен кейінірек танысасыңдар.
Тыныс алу және фотосинтез үдерістерінде өсімдіктер фотосинтез ба- рысында органикалық заттар түрінде қорға жинаған жарық энергиясы босап шығады да, оны өсімдіктер тыныс алу нәтижесінде пайдаланады. Тіршілік үдерістері үшін қажет энергияны өсімдіктер (жануарлар да) тек органикалық заттардан алады. Оны тікелей жарықтан алу мүмкін емес! Кейбір ұқсастықтарды келтірейік. Көмірдің энергия беретіні белгілі. Көмір пласт немесе қапқа салынған күйінде тұрса, энергия бермейді. Егер көмірді жақса жылу энергиясы түзіледі де, үйді жылытады. Бірақ табиғи көмірден электр энергиясын арнайы жылу электр станцияларында ғана алады. Жарық энергиясынан өсімдіктер нәруыздарға, майлар мен көмірсуларға айналдыруға қажет энергияны алады. Осы органикалық заттардан тыныс алу барысында тіршілікке қажет энергия алынады. Фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері. Фотосинтездің бастапқы өнімдеріне су ыдырағанда түзілетін оттек пен сутек, жарық хлорофилмен әрекеттескен кезде түзілетін энергияға бай зат жатады.
Фотосинтездің соңғы өнімі бірінші реттік көмірсу – глюкоза болып табылады. Глюкозадан өсімдік кейін басқа органикалық заттар түзеді. Бұл енді фотосинтез үдерісі емес, биосинтез – тірі ағза ішінде қажет заттарды түзу үдерісі болып саналады. Фотосинтездің бастапқы өнімдерінен өсімдік тек оттекті пайдаланбайды. Ол атмосфераға бөлінеді де, аэробты тыныс алуға мүмкіндік жасайды. Сутек атмосферадағы көмірқышқыл газымен қосылып, соңғы өнім – глю- коза түзіледі. Бұл реакцияларды қамтамасыз етуге жарық хлорофилмен әрекеттескен кезде түзілетін энергияға бай зат қолданылады. Спортшыларда (жүгіру, шаңғы тебу, жүзу, веложарыс т.б.) сүт қышқылының мөлшері – бұл ағзаның энергетикалық төзімділігінің көрсеткіші. Сүт қышқылының деңгейі неғұрлым төмен болса, тыныс алу және қан тамыр- лары жүйесі жасушаларды оттекпен қамтамасыз етумен соғұрлым жақсы айналысады.
Көптеген микроағзаларда аралық өнімдерге сірке қышқыл, спирт, көмірқышқыл газы жатады. Өсімдік жасушаларында оттексіз тыныс алудың аралық өнімі – пирожүзім қышқылы сүт қышқылына айналуы мүмкін. Белсенді жұмыс істеп жатқан бұлшық ет жасушаларында сүт қышқылы жинақталады.
Барлық ағзаларда тыныс алудың соңғы өнімдері міндетті түрде су мен көмірқышқыл газы болып табылады. Бірақ нәруыздар оттексіз ыдырауға ұшыраса, онда су мен көмірқышқыл газынан басқа құрамында азот бар қосылыстар түзіледі. Олар ағзадан бауыр және бүйрек арқылы шығарылады.
Өсімдіктердің бөліп шығару ұлпалары. Өсімдіктердің бүйрек сияқты бөліп шығару мүшелері болмаса да, оларда бөліп шығару ұлпалары бар. Ал өсімдіктерге бөліп шығару ұлпалары басқа да әртүрлі мақсат үшін қажет. Мысалы, кейбір өсімдіктер шөпқоректі жануарлар мен жәндіктерден қорғану үшін ащы немесе иісті заттар бөліп шығарады. Басқа өсімдіктер керісінше тозаңдандырғыш жәндіктерді еліктіру үшін тәтті иісі мен дәмі бар заттарды бөледі. Ал басқа бір өсімдіктер қорға жинау үшін заттар түзеді. Бөліп шығару ұлпаларында өсімдіктер түзетін көптеген заттар рөлін ғалымдар анықтаған жоқ, тек әртүрлі болжамдар бар. Мысал ретінде бөліп шығару ұлпаларының үш типін қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет