Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады


Талдау Ортақ тапсырма: «Стоп-кадр» әдісі



бет52/115
Дата06.09.2022
өлшемі8,58 Mb.
#148831
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   115
Талдау
Ортақ тапсырма: «Стоп-кадр» әдісі
1. Тыныс алу мүшелері гигиенасы ережелерін сақтау керек.
2. Темекі шегу салдарынан денсаулығын жою адамның өзіне байланысты екенін түсіндіріңдер.

Дәлелдер мен айғақтар жинайды. Ортаға шығып айтып береді.


Оқулықтағы мәтінді оқып алады.Суреттер.





Сергіту сәті
2 минут

https://www.youtube.com/watch?v=ArT_O6eZxm8


Миды шынықтыру тапсырмасын орындайды.

Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут

Синтез
1. Тыныс алу мүшелерінің саулығын сақтау үшін гигиена ережелерін тал- дап, түсіндіріңдер.
2. Темекі шегуге қарсы мемлекет қандай шаралар қолданатынын талдаңдар. Ол үшін әртүрлі ақпарат көздерін пайдаланыңдар.
3. Тыныс алу мүшелері ауруларының сызбасын құрастырыңдар. Оған аурудың «сыртқы» (өмір сүру салты) және ішкі (тұқымқуалаушылық) себептері, оның алдын алу тәсілдері белгілерін көрсетіңдер.
4. Тыныс алу мүшелерінің ауруларын қандай симптомдары бойынша айыруға болады? Қандай ауру симптомдары ұқсайды? Себебі неде?

Сызылған дайын кластерлер

Бағалау

5 минут
Кері байланыс


3 минут



Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.



Оқушының аты-жөні

ТВ шоу

«Стоп-кадр» әдісі

Кластер

Топтық жұмыстарды қорғау

Балл















































































































Рефлексия


«Бір ауыз сөз»
Оқушылар стикерге сабақ туралы бір ауыз сөз жазып, оны тақтаға жапсырады.Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады. (Ұнады,қажет,пайдалы, білдім, үйрендім,қызықты, ұмтылдым,есте сақтадым)

Бағалау парақшасы


Түрлі –түсті стикерлер

Қосымшаақпарат



Саралау – Сізқосымша
Көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың
Үйренгенін тексеруді
Қалай жоспарлайсыз?

Пəн аралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
Қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс

Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайыма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағыахуал
Қандай болды?
Мен жоспарлаған
Саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
Уақыт ішінде
үлгердімбе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
Келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
Жетілдіруге көмектесетін не білдім?


3-тоқсан 20 сағат



Сабақтың тақырыбы:
Бөліп шығарудың тірі ағзалар үшін маңызы. Жануарлардағы бөліп шығару өнімдері. Зат алмасудың соңғы өнімдері.

Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:

СЫНЫП: 7



Қатысқан оқушылар саны:



Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.1.5.1 - ағзалардың тіршілік әрекетінде бөліп шығарудың маңыздылығын түсіндіру

Сабақ нәтижесі:



Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау
критерийі

Сұраққа жауап береді, жауаптарын дәлелдейді. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Метаболизм, анаболизм, ката- болизм, несепнәр.



Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен алдын алу жолдары (өкпе обыры, астма, бронхит, туберкулез, тұмау).

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы
5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу.
Гүл суреттері бойынша бөліну.
Оқушыларға сурет қиындыларын беремін. Сурет қиындыларын құрастырғанда раушан, тұңғиық, түймедақ гүлдерінің суреттері шығуы керек.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Жіптік құбыр» тренинг
Оқушыларға түзу қағаз беріледі. Оны екіге бүктейміз. Арасын сваркалап жалғағанда ұзын құбыр шығу керек. Шарикті жіберемін. Шарик құбыр бойымен жылжыйды..

1-топ:
Раушан
2-топ:Тұңғиық
3-топ:Түймедақ

«Жіптік құбыр» тренинг, қағаздар, шарик.



Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Ағза үшін бөліп шығарудың маңызы. 4-бөлімнен кез келген өсімдік және жануар жасушасы цитоплазмасында зиянды заттар түзілетінін білесіңдер. Бұл – тіршілік әрекетінің қалдықтары, жасушалар бұл зат- тарды мембрана арқылы бөліп шығарады. Өсімдік ағзасында қалдықтар күзгі жапырақ хромопластында не вакуолінде жинақталады, одан жапырақ түсіру кезінде тазарады.
7-бөлімнен жоғары құрылымды көпжасушалы ағзаларда барлық зиянды заттар жасушадан қанға шығарылатынын білдіңдер.
Қанның зиянды заттардан тазаруына жауапты басты бөлу мүшесі – бүйрек. Тері қосымша қызмет атқарады. Зиянды заттардың бір бөлігі бүйрек арқылы шығарылу алдында бауырда өзгеріске ұшырауы керек. 8-бөлімнен тыныс алу үдерісінде түзілген зиянды газ – көмірқышқыл
газының қаннан өкпе арқылы шығарылатынын білдіңдер.
Бөліп шығару мүшелері. Өсімдіктерде арнайы бөлу мүшелері жоқ. Бұл қызметті жапырақтар мен қылқандар атқарады, кейін олар түсіп қалады.Жануарларда газалмасу – тыныс алу өнімдері ағзадан өкпе арқылы шығарылады. Ал зат алмасудың сұйық өнімдері бүйрек және тері арқылы шығады. Ағзада зиянды заттарды залалсыздандыруда бауыр маңызды рөл атқарады.
Өсімдіктер мен жануарларда зиянды заттар – қалдықтар не шлактар түзіледі. Барлық шлак ағза үшін зиян. Егер олар жасушада, ұлпада немесе мүшелерде жиналатын болса, ағзаның өздігінен улану үдерісі жүреді. Сондықтан ағза олардан тезірек тазаруға ұмтылады. Оған жануарларда тыныс алу және бөлу мүшелері, ал өсімдіктерде ескірген мүшелері мен бөліктері жауапты. Жануарлардағы зат алмасудың соңғы өнімдері. Жануарлар тыныс алу барысында оттектің әсерінен нәруыздар, майлар мен көмірсулардың ыдырау үдерісінде қоректен энергия алады. Майлар мен көмірсулар үш элементтен: көміртек, оттек пен сутектен тұрады. Сондықтан олар ыдыраған кезде (оттекпен қосылғанда) көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Ол сол үш элементтен (сутек, оттек, көміртек) тұрады.
Ал нәруыз құрамына міндетті түрде азот кіреді. Нәруыздар толық ыдыраған кезде құрамында азот бар соңғы (зиянды) заттар түзіледі. Бұлар құрамында азот бар заттардың негізгі үш тобы: аммиак, несепнәр (мочеâина) және зәр қышқылы. Әртүрлі жануарлар ағзасында бұл заттар түрлі арақатынаста немесе олардың біреуі түзіледі. Адам және басқа сүтқоректілер үшін азот бар негізгі шлак – несепнәр (мочевина) болып табылады.
Көмірқышқыл газы жануарлар ағзасынан тыныс алу мүшелері арқылы шығарылады Ал өсімдіктерде жапырақ саңылауы арқылы шығарылады. Су мен құрамында азот бар зиянды заттар, сондай-ақ артық тұз мөлшерін бөлу мүшелері (бүйрек) арқылы зәрмен және тері арқылы термен шығарылады. Бауыр құрамында азот бар шлакты ша- малы улылығын азайтып, бүйрек арқылы шығаруға қолжетімді ету үшін химиялық реакцияларға қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет