(Топ мүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға іледі. кейін пікірлерін қорғайды.)
Топтарға тапсырма: 1-топ: Тыныс алу және фотосинтез жүретін органоидтерді еске түсіріңдер.
2-топ: Тыныс алу және фотосинтез үдерісінде қандай заттар сіңіріледі және бөлінеді?
3-топ: Фотосинтез үдерісінде түзілген бастапқы және соңғы өнімдердің өсімдіктер үшін қандай биологиялық маңызы бар екенін түсіндіріңдер.
Қолдану Сүтті өзектер – өсімдік сүті деп аталатын зат бөлетін өсімдік ұлпаларының жасушалары. Бұл түрі мен құрылымы шын мәнінде жануар сүтіне ұқсайтын алуан түрлі күрделі заттардың қоспасы. Жануар сүтінен айырмашылығы өсімдік сүтінде алу- ан түрлі күрделі заттар едәуір көп. Сендерге бақбақ сүті таныс шығыр. Бұл заттың дәмі ащы. Ол өсімдікті жануардың жеуінен қорғайды. Кау- чукты гевея және басқа да тропиктік өсімдіктердің сүті латекс, гуттаперча жасау үшін қолданылады. Каучукты өсімдіктерге ұқсас сүті бар Қазақстандағы өсімдіктерге таусағыз, қарасағыз өсімдіктері жатады. Көкнәр сүті есірткілік, ауруды басатын дәрілік заттар алу үшін пайдаланылады. Сүйелшөп (чистотел) сүті де медицинада қолданылады. Амазонка ормандарында өсетін кейбір өсімдіктердің сүтінің қоректік құны зор және құрамы шынында да сиыр сүтіне ұқсайды. Өсімдіктердің алуан түрлерінің қызметі әртүрлі болады.
Бөліп шығару ұлпасының тағы бір түрі – шайыр. Ол кейбір тропиктік өсімдіктерге тән. Біздің елімізде қылқанжапырақты ағаштар сондай қасиетке ие. Шырша, қарағай, балқарағай иісі осы өсімдіктер бөлетін шайыр иісіне ұқсайды. Шайыр паразиттік саңырауқұлақтардан және жануарлардан қорғау үшін қажет сияқты. Қазіргі кезде шайырды жасанды полимер материалымен алмастыруда. Бірақ олар медициналық препараттар өндіруде алмастырыл- майтын зат болып қалуда.
Эфир майлары – өсімдіктер бөлетін иісті заттар. Цитрусты дақылдардың қабықшасы, эвкалипт қабығы, лавр жапырағы т.б. эфир майына бай (72-су- рет). Қалақайда бөліп шығару ұлпасы безді түкшелерінде жинақталатын күйдіргіш сұйықтық бөледі. Ғалымдар эфир майларының өсімдіктерге зиянды жануарлардан қорғауға, пайдалы жануарларды еліктіруге көмектеседі деп болжайды. Бірақ олардың өсімдіктер үшін маңызы толық анықталған жоқ.
Эфир майлары фармакология, парфюмерия және кулинарияда қолданылады.