Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады


«Еркін микрафон» әдісі (Микрафонды бір-біріне беру арқылы әрқайсысы жауаптарын айтады.)



бет51/115
Дата06.09.2022
өлшемі8,58 Mb.
#148831
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   115
«Еркін микрафон» әдісі (Микрафонды бір-біріне беру арқылы әрқайсысы жауаптарын айтады.)
1. Тыныс алу мүшелерінің ауруларын атаңдар. Статистика бойынша, қайсысы ең қауіпті болып табылады?
2. Өкпе обырын тудыратын себептерді атаңдар.

Оқулық.
Кеспе мәтіндер.


Микрафон

Ортасы
10 минут

Қолдану
Бронхы демікпесі (астма) – бронхылардың күрт тарылуынан (спазм) байқалатын созылмалы қабыну. Бұл аурудың сырттай белгілері: тоқтамай жөтеліп, кейде тұншығып қалу (тарылған бронхылар оттекті өкпеге жеткізбейді). Ұстамаға (приступ) әртүрлі факторлар себеп болуы мүмкін. Ол: өткір иіс, ауада шаң-тозаң болу, жануар жүні, тыныс алу мүшелерінің жұқпалы аурулары, күйзеліс, аллергия тудыратын медициналық препарат- ты пайдалану, суықта ауыр дене жүктемесі, атмосфералық қысымның күрт ауытқуы.
Өкпе обырынан айырмашылығы бронхы демікпесі тұқым қуалауы мүмкін және қандай да бір тітіркендіргішке аллергиялық реакция болуы мүмкін. Демікпенің алдын алу үшін жоғарыда аталған ережеден басқа, тітіркендіргіштер әсерінен қашу керек. Ағзаны шынықтыру – суық тиіп ауыратын ауруларға қарсы тұрудың артуы. Үйді таза ұстау керек. Өз уақытында медициналық тексеруден өтіп, ұстаманың алдын алу үшін емделу керек.
Бронхит – ауру тудыратын микроағзалардың әсерінен бронхының (көбінесе жоғары тыныс жолдарының) қабынуы. Бронхит кезінде адам жөтеледі. Брон- хит көбінесе суық тию және респираторлық аурулар салдарынан туындайды. Басқа да жұқпалы суық тию аурулары сияқты бронхиттің алдын алуға болады. Тұмау – ауа-тамшысы жолмен тыныс алу мүшелері арқылы берілетін вирустық жұқпалы аурулар. Тұмау көбінесе жоғары тыныс алу жолдары жұмысының бұзылуынан, жалпы ағзаның әлсіреуінен және бүкіл ағзаның улануынан байқалады. Тұмау – вирустық инфекция. Тыныс алу мүшесінің респираторлық инфекциясының (суық тию аурулары деп аталатын) қоздырғыштарын анықтау өте қиын. Мұндай инфекциялар кешенді сипатқа ие. Вирустың қауіптілігі – олар өте тез көбейеді. Бірінші сағаттың ішінде дене температурасы көтеріліп, вирустардың тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген удан ағза күшті улануы мүмкін. Ағзаның улану қаупін төмендету үшін көп сұйықтық ішу керек.
Инфекцияның алдын алу үшін тыныс алу мүшелерін қорғау құралдарын пай- далану қажет. Бұл – дәкетаңғыш, әртүрлі дәрі-дәрмектер: оксолин жақпамайы (мазь), интерферон ерітіндісі, виролиз, ИРС-19 т. б. препараттар. Туберкулез – бактерия – туберкулез таяқшасы (кох таяқшасы) тудыратын өкпе ауруы. Туберкулез кезінде ағза әлсірейді. Ең басты сатысында адамда әлсіздік, салмақ жоғалту, тәбеті болмау, түнде терлеу белгілері байқалады. Кештеу сатысында адам жөтеледі. Туберкулез – өлім тудыратын қауіпті ин- фекция, дер кезінде емдесе адам толық айығып кетеді. Туберкулез кезінде ең басты шарт – дер кезінде дәрігерге қаралып емделу керек. Туберкулездің алдын алу ережесі өкпе обыры мен тұмау ауруларының алдын алу шарала- ры сияқты. Тұмауда, бронхит пен туберкулез де ауа-тамшылы жолмен (ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде немесе ауыратын адамның затын пайдаланған кезде) ауру адамнан сау адамға жұғады. Ал бактерия – туберкулез таяқшасы қараңғы, ылғал жерде 3 айға дейін тіршілік қабілетін сақтайды. Сондықтан жеке гигиена ережелерін сақтау өте маңызды. Бөлмелерді ылғал шүберекпен сүртіп, желдету керек, кілемді, көрпе-төсекті күнге жайып алу қажет және т.б.
ТВ шоу
(Теледидарға арналған бағдарлама дайындайды. Әр топ бірлесе отырып сұраққа айғақтар мен дәлелдер табады. Жиналған мәліметтерді білетін бір оқушы ортаға шығып, журналист сұрақтарына жауап береді.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет