Пәні: География. Сыныбы:9
4 сабақ
|
Сабақ өтілген күн: 17.03.15ж
Орны: биология кабинеті
|
Барлық оқушы саны: 10
Қатысқаны: 9
|
Жас ерекшеліктері: 16
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қалалары, селолық елді мекендері және экономикалық – экологиялық проблемалары.
|
Жалпы мақсаттар
|
Орталық Қазақстан қалаларын, ауылдық елді мекендерін қалаларының экономикалық географиялық жағдайлары туралы білу. Қартамен жұмыс жүргізу барысында Орталық Қазақстан қалаларының орналасу ерекшелігінің таралуын ажырата отырып дамыту. Орталық Қазақстан қалаларының мәдениет орталықтарына, танымал ескерткіштеріне саяхат жасай отырып, мәдениеттілікке, отансүйгіштікке тәрбиеленеді.
|
Түйінді идеялар
|
Қарағанды –шахтерлер қаласы.
|
Стратегиялар
|
«Жеке жұмыс», «Кезбе тілші», «Инсерт»
|
Көрнекіліктер
|
Интерактивті тақта, бағалау парағы, тапсырма түрлері жазылған парақтар, Қазақстанның физикалық картасы, Орталық Қазақстанның физикалық картасы, қалаларымен ескерткіштерінің фотосуреті.
|
Дереккөздер
|
Е. Ахметова, Н. Карменова «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы»
С.Смайлов «Қазақстан географиясы. Оқушы анықтамасы»
ru.wikipedia| -Қ.И Сәтбаевтің қызметі жайлы мәліметтер.
|
Оқу нәтижесі
|
Тақырыпты толық меңгереді. Сын тұрғысынан ойлай біледі. Орталық Қазақстанның қалаларын, ауылдық елді мекендерінің экономикалық географиялық жағдайын біледі. Картадан көрсете алады.
|
Сабақтың барысы
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс -әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
5 минут
|
Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
Сыныптағы оқушыларды қалалардың аттары жазылған парақшалар арқылы 3- топқа бөлу.(Теміртау, Қарағанды, Балқаш,)
Сынып құрамын түгелдеу.
Тақтаға күн ретін жазу.
-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;
- сабақтың өткізу жоспарын көрсету.
|
Оқушылар амандасады.
Оқушылар топқа бөлінеді.
Тақтадан күн ретін жазып алады.
сабақтың жалпы мақсатымен және өткізу жоспарымен танысады
|
Ұй жұмысын тексеру
|
8 минут
|
Оқушыларға топпен жұмыс жасауға тапсырылады.
1. «Кім жылдам?» ойыны арқылы топтарға тапсырмалар беріледі
1.қосымша.
2. Картамен жұмыс
|
Оқушылар жеке жұмыс жасап берілген тапсырманы орындап шығады. Дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.
Бір–бір оқушы шығып,айтқан дәлелдерін картадан көрсетеді.
|
Жаңа сабақ
|
20 минут
|
Бейнебаян көрсетіп Орталық Қазақстан ірі қалаларын, мәдени орталықтарын, кәсіпорындарын ажырату.
а)Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады
ә)Оқушыларға инсерт әдісі арқылы мәтінмен танысу тапсырылады
б)Жаңа терминдер мен ұғымдарды жазу тапсырылады
в) «Кезбе тілші» стратегиясын қолданып, жоспар бойынша тапсырмалар беріледі.
2.қосымша.
|
а)Оқушылар тақырыпты жазып алады
ә)Оқушылар мәтінмен танысып шығады. Топтаса отырып ойланады, талқылайды.
б)Жаңа терминдер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады.
в) оқушылар рөлдерге бөлінеді.
1- оқушы телефон соғылып жатқанға ұқсатып, сабақ бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды.
2- оқушы телестудиядағы диктор: ақпарат береді.
3– тілші, оқиға орнынан ақпарат ұсынады.
4– тілші сұхбат алатын куәгер.
|
Қорытынды
|
5 минут
|
1.Сөйлемді толықтырыңыз
3.қосымша
2.Картамен жұмыс.
|
Оқушылар аяқталмаған сөйлемдерді толықтырады.Топтар бір- бірін бағалайды.
2.Қалаларды картадан көрсетеді.
|
Үй тапсырмасы
|
7 минут
|
Күнделіктеріне жазғызу.
Реферат жазу
|
«Орталық Қазақстанның қалалары» мазмұндау.
1)Қ.И Сәтбаев. 2)Апақ Байжанов
|
Бағалау
|
2 минут
|
Мұғалімнің жиынтық бағалауы.
|
Топтардың бір-біріне қойған бағалауы.
|
Рефлексия
|
3 минут
|
«Блоб» көпірі
4.қосымша.
|
Оқушылар өздерінің қай деңгейде тұрғанын белгілейді.
|
1.қосымша.
Орталық Қазақстан өнеркәсіптің қай саласы жақсы дамыған? ( Мыс өндіру, қорғасын- мырыш, стрек метал.)
Өнеркәсіп салаларының дамуына байланысты қандай электр желісі тартылған (Екібастұз - Қарағанды)
Жеңіл өнеркәсіптің қай саласы жақсы дамыған? (Қарағанды аяқ – киім, трикотаж, тігін, жихаз, шұлық.)
Етті – сүтті ірі қара мал мен жылқы өсіруге қолайлы?
2.қосымша.
Жоспар:
1.Географиялық орны. Халқы.
2.Өнеркәс ібі 3. Экологиялық жағдайы.
3.қосымша
а) Қарағандының негізгі маманданған саласы .........................
б) Теміртау қаласының негізгі кәсіпорындарын атаңыз ..................
в) Орталық Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға құрылған ұйымдар ............................................
4.қосымша.
Ерте болған оқушыларға берілетін тапсырма
Орталық Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсарту шаралары
Тестер
Орталық Қазақстан қандай облыспен шектеспейді?
а) Ақмола ә) Батыс Қазақстан б) Шығыс Қазақстан в) Алматы
Орталық Қазақстан экономикалық ауданы Қазақстан аумағы жағынан нешінші орында?
а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4
Аудан халықының орташа тығыздығы (1 км 2).
а) 4 адамнан аз ә) 3 адамнан көп б) 5,5 адам в) 6 адам
Орталық Қазақстанның ең көп қоныстанған аймағы
а) Солтүстік ә) Оңтүстік б) Батыс в) Шығыс
Қандай пайдалы қазба лар Орталық Қазақстанда жоқ?
а) темір кені мен хром ә) көмір-мұнай б) мыс-марганец в)хром-никель
1935 жылы барлық шахталар электрленді. Алғашқы кірпіш, алебастр, әктас зауыттары жұмыс істей бастады. 1937 жылы жылына 14 мың тонна өндіретін Қарағанды цемент зауыты іске қосылды.
Нұра өзенінде 4 су қоймасы салынған, ең ірісі Теміртауда Самарқанд) (ауданы 82 км 2 су көлемі 260 м 3)
Вольфрамның барланған қоры жағынан Орталық Қазақстан дүние жүзінде 1 орын алады
Қарағанды металлургия комбинаттын Ұлыбританияның Испат фирмасы басқарып, ол Испат-Кармет деп аталды
Достарыңызбен бөлісу: |