Сабақ Өткізген: Н. О. Бакауова 2016-2017 оқу жылы



бет1/2
Дата26.08.2017
өлшемі329,23 Kb.
#29520
  1   2
Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп

Тақырыбы:



Киіз үй –көшпелілердің баспанасы Ашық сабақ



Өткізген: Н.О. Бакауова

2016-2017 оқу жылы
Сыныбы: 6

Өтетін күні:

Пәні: Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Киіз үй –көшпелілердің баспанасы

Мақсаты: Оқушыларға көшпелілер өмірінен деректер беру, киіз үйдің ерекшеліктерімен таныстыру.

2.Оқулық пен қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін  айтуға, өз пікірлерін қорғап, әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру. 
3.Ұлт жандылыққа, батылдыққа, бірлікке, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу. 

Түрі: жаңа сабақ 
Әдісі: СТО стратегиялары 
Көрнекілігі: суреттер, тақырыпқа арналған слайдтар. 
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка 
Барысы: 
1.Ұйымдастыру (1 мин)
-Сәлеметсіздер ме балалар. Отырыңыздар.
 
-Оқушылар назарын сабаққа аудару. 
1. Тренинг «Жүректен шыққан жылы сөз».2 мин
Оқушылар сабақты бір - біріне жылы сөз айтып, жаңа сабақты меңгеру барысында көңіл - күйлерінің жақсы болуына тілек білдіреді.
- Балалар, қазақта мынадай сөз бар «Жылы сөз жанға қуат береді» дейді. Ендеше бүгін сабағымызды бастамас бұрын бір - бірімізге жылы сөз айтып, бүгінгі күнге жақсы тілек айтып бастайық.

 Карточкалар арқылы топқа бөлу (1мин)


1.-топ «тас дәуірі »
2.-топ « қола дәуірі»
3.-топ «темір дәуірі»
2. Үй жүмысын тексеру  Жұптық жұмыс (5 мин)
2.1 Сұрақ жауап ( Блум токсономиясы)

1. Темір дәуірі неше кезеңнен тұрады?

2. Тарихтағы дәуірлердің атауы нені білдіреді?

3.Тарихта еңбек құралдарын жасаудың адам өмірінде қандай маңызы болды?

4. Көшпелі мал шаруашылығы дегеніміз не?

5. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуының негізгі себептері


2.2 Сызбаны толтырыңдар (Тірек сөздер стратегиясы ) (3 мин)


2.3


2.Жаңа тақырып

Ой шақыру стратегиясы. (2-мин)
Мұғалім:  Жұмбақ шешкізу

Төбедегі көзінен

Күн сәулесі түседі

Бұрышы жоқ төрінен

Самал еркін еседі (Киіз) Видеоролик көру

2. Көшпелілердің баспанасы

V. Жаңа білімді түсіндіру, қабылдау : баяндау,сурет арқылы түсіндіру, кесте толтыру .

3Мұғалім: Киіз үйді қазақ халқы «қасиетті, киелі шаңырағымыз» деп дәріптейді. өйткені ол-баспанасы, мәдениеті, мақтанышы, мыңдаған жылғы ой-арман табысы әрі көркем ескерткіші. Мұнда ата- бабамыздың түсінік-түйсігі, ұғымы, таңымы, талғамы, өмір тәжірибесінің тұтас үлгісі, көрінісі жатыр. Бір ғана осы киіз үйден сәулет, құрылыс, сурет, қол өнері, мәдениет сияқты бірнеше ұлы өнердің басын құрайтын ғажайып туынды көре аламыз. Сондықтан, балалар, бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін киіз үй ғажайып туынды екенін дәлелдеу керекпіз Үй іші мен сыртқы әлемді жалғастыратын касиетті шеқара – ақ босаға. Сіздің босағадан қалай аттауыңыздан үй иесіне деген көңіліңіз аңғарылады. Егер сіз үйге босағаны оң аяқпен аттап, басыңызды ие енсеңіз – бұл сіздің үй иесіне көрсеткен үлкен құрметіңіз. Ендіше, балалар, бастарыңды иіп, оң аяқпен аттап жоғары шығыңдар Киіз үй негізгі 4 бөліктен тұрады. Олар: 1 - шаңырақ, 2 - уықтар, 3 - кереге, 4 - сықырлауық немесе есік. Бұлардың барлығы: талдан, қайыңнан, теректен жасалады.Қазақтың киіз үйі 6-қанатты,8-қанатты, 12- қанатты, 24-қанатты болады. Киіз үйге кірген кезде ең бірінші қонақтардың көздері шаңыраққа түсетіндіктен, біздің ата-бабаларымыз шаңыраққа әр түрлі жіптерден жасалған шашақтар іліп қояды,көз тимеу үшін. Жалпы киіз үй оң жақ және сол жақ деп екіге бөлінеді. Яғни ерлер және әйелдер жағы болып. Ер адам жағында босағаға қарай қару-жарақ, ат әбзелдері ілінген.

Киіз үйдің қонақ отыратын жері – төр ең құрметті орын саналады. Қонақтың өз ырысы бар деп түсінген қазақтар келген мейманды төрге отырғызады, қазақстың кеңдігі мен қонақжайлығының белгісі қонағын дәм ауыз тигізбей жібермеген. Бұл тамаша ғұрып күні бүгінге дейін сол күйінде сақталған. Төрде міндетті түрде аң терілері және қасиетті домбыра ілулі тұрады.Барлық киіз үй әдемі ою-өрнектермен әшекейленген түскиіздермен, алашалармен, сырмақтармен безендіріледі. Киіз үй – бүкіл көшпелілер әлемінің, оның тұрмыс-салты мен этикасының, дүниетанымының бір жерге тоғысқан бірегей туындысы.Тез жығылып, тез тігілетін киіз үй түйе мен атқа арту арқылы жеңіл көшіріледі, оның киіз туырлықтары мен үзіктерінен жауын өтпейді. Ыстық күндері киіз үй салқын болса, қысты күні керегесін екіқабат киізбен қаптап, іргесін көміп, ошақ асып, от жағып, жазға дейін отыра беруге болады.



1 презентация – «Қасиетті қара шаңырақ»

VI. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру:(5 мин жұмысқа ) Практикалық жұмысы сергіту сәтті (1 мин )





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет