Кітаптар падишасы: Құрметті оқушылар, міне бүгін біз кітаптың шығу тегімен таныстық. Кітапты сүйіп, қадірлей білу керек. Кітап тағдыры адамдарға байланысты болса, адамның тағдыры да көбіне кітаптарға байланысты болып жатады. Мысалы, біз кітапты оқи отырып, қиялға беріліп, саяхатшы да, сиқыршы да, оқымысты да, ғарышкер де болып кетеміз. Тіпті әр түрлі замандарға сапар шеге аламыз, дүние жүзінің кез келген жеріне саяхат жасай аламыз.
Көптеген ұлы адамдар, оқымыстылар, ғарышкерлер, жазушылар кітаптың өз өмірлеріндегі маңызын туралы көп жазған. Сол сияқты сендерге кітаптар әлеміндегі саяхаттарың сәтті болсын демекпін.
Кітаптың құрылысы
Мақсаты: Оқушының кітаппен өз бетінше жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру. Кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.