6-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:
Еңбекке баулу
|
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Бұғы пішінін жасау
|
Сабақтың жалпы мақсаты
|
1. Білімдік: табиғи материалдар туралы жалпы түсінік қалыптастыру. 2. Дамытушылық: қол қимылы арқылы саусақтар моторикасының дамуына жағдай жасау. 3. Тәрбиелік: табиғи материалдарды ұқыппен пайдалануға баулып, экологиялық мәдениетін жетілдіру.
|
Көрнекіліктер
|
қайың ағашының өңдеуге дайындалған кесіндісі, оны дайындаудың технологиясы көрсетілген плакат, ара,біз
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
Би «Қаражорға»
|
Топқа бөлу
|
Карта
|
Үй тапсырмасы
|
Бұғы суреттерін іліп,қалай жасау керек екенін түсіндіру.
|
Қызығушылықты ояту
|
Бұғы туралы түсінік беру
|
Жаңа сабақ
Бұғылар, бітеумүйізділер (лат. Cervidae) — жұптұяқтылар отрядына жататын жануарлар тұқымдасы. Бұғының отыз түрі бес тұқымдас тармағына бөлінеді:құдырлар; мунтжактар; су бұғылары; нағыз бұғылар; Америка бұғылары. Бұғы Азия, Еуропа, Америка және Солтүстік Африкада тараған. Қазақстанда бұғы екі тұқымдас тармағына жататын төрт түрі (құдыр, елік, марал, бұлан) Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының орманды алқаптарын мекендейді. Бұғылардың көпшілігі орташа немесе ірі денелі, сымбатты келеді. Барлық түрінің дерлік (су бұғысын қоспағанда) еркегінің тармақтанған сүйекті, қуыс мүйізі болады. Ұрғашысында мүйіз тек солтүстік бұғысында ғана болады. Бұғының мүйіздері жыл сайын қыста немесе көктемде түсіп, қайта өсіп шығады. Өсіп келе жатқан мүйізінің терісінде түгі болады, бірақ ол мүйіздің өсуі тоқтағаннан кейін түсіп қалады. Бұғылар орманда, орманды далада, тундрада, тауда кездеседі. Ағаш,бұта жапырағын, қабығын, шөптесін өсімдіктерді, қынаны, мүкті, т.б. қорек етеді. Ұрғашылары мамыр – шілде айларында бұзаулайды. Бұғының барлығы дерлік кәсіптік маңызы бар аң. Олардың терісі және етін пайдаланады. Теңбіл бұғы мен маралдың еркегінің мүйізінен дәрі жасалады.
|
Ой толғаныс
|
Бұғы бейнесін жасау
|
Үйге тапсырма беру.
|
Біз жасап әкелу
|
Бағалау
|
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.
|
Кері байланыс
|
Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер
|
Достарыңызбен бөлісу: |