Өтілетін топ: (5-6 жас) мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы
Оқу қызметінің түрі: Жаңа сабақ
Өзге оқу қызметімен байланыс:«Таным» білім беру саласы, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Білім беру саласы: «Таным»
Тақырыбы:Ыдыстар
Мақсаты:балаларға мөлшер ұғымын түсіндіру,литр сөзімен таныстыру.
Әдіс-тәсілдер:Кіріспе, әңгіме, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, үйрету, жеке баламен жұмыс, қорытындылау, мадақтау.
Көрнекіліктер:комьпютер, теледидар, слайд.
Қажетті құрал-жабдықтар:ыдыстар,стакан,қасық.
Әрекеттердің кезеңдері
|
Тәрбиешінің қызметі
|
Балалардың әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Жұмбақ жасыру
Негізгі бөлім
Сергіту сәті
|
Шаттық шеңбері
Бақыт деген-осы шаттық шеңбері,
Қол ұстасып тұрайықшы, кел бері.
Бақыт деген-көрмей қалса сағынып,
Мені іздейтін адал жүрек сендегі.
-Жақсы балалар, осындай жақсы көңіл күймен оқу қызметімізді бастайық.
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Дәмі де жоқ,түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ.
Ол не?
Жарайсыңдар балалар жұмбақтың жауабы су екен.
Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылыс. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады екен балалар. Балалар суды біз литрмен өлшейміз.Мысалы: 1 -1,5 л су деген секілді.
Литр – сыйымдылықтың жүйеден тыс өлшем бірлігі.1 литр судың массасы шамамен 1 кг болады.
Балалар біз көп су ішеміз бе?
Жарайсыңдар балалар!
Балалар мына стакандарға назар аударайық.Ішінде не бар?
Дұрыс айтасыңдар балалар!
Балалар енді ойын ойнаймыз ба?
Балалар мына стакандардың суларын бірдей қылып толтырайықшы.Қанша қасық су құйсақ толады екен санайық.
Балалар сендерге ойын ұнадыма?
Онда сергіту сәтін жасайық.
Шаршап қалсақ балалар,
Орнымыздан тұрайық.
Ашып-жұмып саусақты,
Бір сергітіп алайық.
Мойнымызда демалсын,
Оңға, солға бұрайық.
|
Шеңбер бойына тұрып тәрбиешімен бірге қайталайды.
-Су.
-су бар
-ия
-балалар сергіту сәтін жасайды.
|
Рефлекстік-түзету
(коррекциялық)
|
-Балалар бүгінгі оқу қызметінде су туралы білдік пе?
-Адамдар көп су ішу керек пе?
-Судың дәмі,тұсі болама?
|
-Балалардың жауаптары.
|
Достарыңызбен бөлісу: |