Ю.А.Гагарин атындағы Мемлекеттік бюджеттік
жалпы білім беретін № 8 орта мектеп
Ашық сабақ
Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Алмаханова Айгуль Адилбековна
информатика пәнінің мұғалімі
Байқоңыр қаласы
2012 жыл
Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Сабақтың мақсаты: оқушылардың Паскаль тіліндегі символдық берілгендермен жұмыс жасау амалдарымен таныстыру. Мәтіндік және символдық берілгендермен программа құрып үйрету.
Білімділік: оқушыларды Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу тәсілдерімен таныстырып, үйрету. Есептер шығаруға дағдыландыру.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, есте сақтауларын жетілдіріп, дамыту, информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелілік: оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, оқушыларды алғырлыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа баулу, оқушылардың бойында азаматтық құндылықтарды қалыптастыруға, қауіпсіздік ережесін сақтауға, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ –жауап, ішінара іздену, практикалық әдіс.
Көрнекілігі: компьютер, оқулық, тест тапсырмалары, үлестірме қағаздар, мультимедиалық проектор.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын бекіту
Жаңа сабақ
Бекіту
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма
Оқушыларды бағалау.
Сабақтың барысы.
Оқушыларды ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау
1. Графиктік режим дегеніміз не?
2. Экранның координаталық жазықтығы қалай орналасқан?
3. Графиктік редактормен қалай жұмыс жасаймыз?
4. Қандай графикалық процедуралар мен функцияларды білесің?
5. Үйге берілген есеп «Жұлдызды аспан суретін шығару»
Үй тапсырмасын бекіту
Кестені процедуралардың сәйкес қызметтерінің ретімен толтыр.
№
|
Атауы
|
|
№
|
Қызметі
|
1
|
SetBkColor
|
1
|
Түзу салу процедурасы
|
2
|
SetColor
|
2
|
Тіктөртбұрышты салу процедурасы
|
3
|
PutPixel
|
3
|
Іші боялған тіктөртбұрыш сызу
|
4
|
Line
|
4
|
Шеңберді сызу процедурасы
|
5
|
Rectangle
|
5
|
Боялған нүкте салу
|
6
|
Bar
|
6
|
Фигура жиегінің түсін білдіреді
|
7
|
Circle
|
7
|
Экранның фонының түсін білдіреді
|
ІV. Жаңа сабақ
Мәтін әр түрлі символдардан тұратын жолдар тізбегінен тұрады. Әдетте, мәтіндермен жұмыс істегенде, тек символдық шамаларды пайдалану тиімсіз, өйткені көбінесе жеке символдарды емес, олардың тізбегін – сөз тіркестерінен тұратын мәтін жолдарын өңдеу қажет болады. Символдар жолы немесе жолдық тұрақты деп символдарының саны 256-дан аспайтын апострофтар ішіне алынған символдар тізбегін айтады.
Тіркестік айнымалының типі программаның типтерді сипаттау бөлімінде немесе тікелей айнымалыны сипаттау бөлімінде де орналаса береді. Оның айнымалы бөлімінде сипатталуы:
Var <айнымалы аты, ...>; string [жолдың ұзындығы];
Мысал: Var Tex1 : string[29];
Atj : string[40];
Atau : string[275];
A : string;
Егер жолдың ұзындығы (символ саны) сипаттау кезінде көрсетілмесе (А айнымалысы), онда оның ұзындығы 256 символ деп қабылданады.
Тіркестік өрнектерде біріктіру және салыстыру амалдары пайдаланады. Біріктіру немесе конкатенация амалы, ол қарапайым «+» белгісімен белгіленеді. Бұл амал бірнеше символдардан немесе сөз тіркесінен жаңа мәтін жолын құру үшін пайдаланылады. Мысалы:
‘Ауыл’ + ‘шаруашылығы’ = ‘Ауыл шаруашылығы’
S1:=’Ас’; S2:=’тана’; S3:= S1+S2;
Нәтижесі: S3:=’Астана’;
Салыстыру амалдары, олар: +, <>, >, >=, <, <= белгілерімен белгіленеді. Сөз тіркестерін салыстыру олардың символдарының кодтарын солдан оңға қарай біртіндеп бір-бірімен салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Егер тіркестің алғашқы символдары бірдей болса, онда қай жолдың символы көп болатын болса, сол үлкен деп есептеледі. Егер өрнекте біріктіру мен салыстыру амалдары болса, ең алдымен біріктіру амалы, содан соң салыстыру амалы орындалады. Сөз тіркесінің салыстыру амалының нәтижесі логикалық шама болады. Мысалдар:
өрнек нәтиже
‘MS-DOS’ < ‘MS-Dos’ true
‘SAM’ = ‘SAM’ true
‘SAM’ > ‘SAM’ true
‘BBB’ < ‘BB’ false
Мәтін ұзындығын анықтайтын операциясы – LENGTH (x).
Length (‘ABCD’) = 4. Length (‘a f 5 1’) = 7.
Copy (St, Poz,N) – St сөз тіркесінің Poz нөмірлік символынан бастап қатар тұрған N символ көшіріліп алынады. St – тіркестік айнымалы, Poz, N – бүтін сандар. Егер сөз тіркесі ұзындығынан N артық болса, нәтиже бос символ болады.
Concat(s1, s2,…,sn) – жақша ішіндегі тіркестік айнымалылар мәндерін орналасқан орындары бойынша біріктіреді.
Upcase(ch) – латын алфавитінің кіші әріптерін сәйкесінше бас әріптерге ауыстырады.
Delete(S,Poz,N) – S сөз тіркесі символдарының Poz нөмірінен бастап, N символды өшіреді де нәтижені қайта S мәні ретінде жазады, мұнда Poz<255.
Insert(S1,S2,Poz) – S1 сөз тіркесін S2 тіркесінің Poz нөмірінен бастап кірістіріп орналастырады да, нәтижені S2 мәні ретінде жазады.
Str(I,S) – I санын сиволдар тіркесіне ауыстырады да, нәтижені S мәні ретінде жазады. I атауынан кейін шығару пішімін ( I:2) көрсетуге болады.
Val(S,I,god) – S сөз тіркесі ретінде берілген сандық мәнді бүтін немесе нақты санға ауыстырады да, нәтижені I айнымалысының мәні ретінде жазады. God – бүтін типтегі айнымалы, егер түрлендіру кезінде қате болмаса, сod = 0 – нәтиже дұрыс, ал cod <> 0 болса, онда нәтиже қате, оның мәні алғашқы қате кеткен орын нөмірін көрсететін санға тең болады да, мұндайда I – дің мәні анықталмаған болып саналады.
POS (‘A’,S) – а символының S мәтіндегі орнын анықтайды. Оқылуы – позишэн. Мысалы, мектеп сөзіндегі т әрпінің орнын 4 деп анықтап береді. Нәтижесі сан болады.
№1
var a, b: string;
begin
a:=‘ПАР’;
b:=‘УС’;
writeln(a+b);
end.
Нәтижесі қандай?
№2
var a: string;
begin
а:=‘МАТЕМАТИКА’;
writeln(length(a));
end.
Нәтижесі қандай?
№3
var a: string;
begin
a:=‘КОСМОНАВТИКА’;
writeln(copy(a,4,4));
end.
Нәтижесі қандай?
№4
var a: string;
begin
a:=‘ИНТЕРНЕТ’;
delete(a,3,4);
writeln(a);
end
Нәтижесі қандай?
№5
var a: string;
begin
a:=‘КУР’;
insert(‘СОР’,a,4); writeln(a);
end.
Нәтижесі қандай?
№6
var a: string;
begin
a:=‘СПОРТ’;
writeln(pos(‘П',a));
end.
Нәтижесі қандай?
№1. a=’ИНФОРМАТИКА’ сөзінің ұзындығын, «форма», «тор», «акт» сөздерін қиып алу прграммасын жазыңдар.
program esep1;
var a: string[11];
b,c,d:string; L: integer;
begin
a:=’ИНФОРМАТИКА’;
L:=length(a);
b:=copy(a,3,5); {форма}
c:=copy(a,8,1)+copy(a,4,2); {тор}
d:=copy(a,11,1)+copy(a,10,1)+copy(a,8,1); {акт}
writeln(‘L=’,L);
writeln(b);
writeln(c);
writeln(d); readln
end.
2-мысал. Берілген текстен тыныс белгілерді жоятын программа жаз.
program esep2;
var s:string; i:integer;
begin
s:=‘ ‘; readln(s);
for i:=1 to length(s) do
if s[i] in [‘-‘, ’, ’, ’. ’ , ’(‘ , ‘)’, ‘!’, ’:’] then delete(s,i,1);
writeln(s);
end.
V. Бекіту (практика)
№1 бөлім. Есептер шығару
№1 есеп: «Информатика сабағы» жолының ұзындығын табу программасын жаз.
№2 есеп: «Математика» сөзінен «тематика» сөзін қиып алу программасын жаз.
№3 есеп: «Turbo», «Pascal», «тілі» сөздерінен біріктіру арқылы «Turbo Pascal тілі» сөзін алу программасын жаз.
№4 есеп: ‘Стол’ сөзінде «о» әрпі нешінші орында тұрғанын табу программасын жаз.
№5 есеп: «Электроника» сөзінен өшіру арқылы «трон» сөзін алу программасын жаз.
№6 есеп: «Интер» сөзіне «нет» сөзін кірістіру арқылы «Интернет» сөзін құрастыру
№7 есеп: 105 санын жолға, «67» символын санға айналдыру программасын жаз.
№8 есеп: «a» әрпін бас әріп «A»-ға ауыстыру программасын жаз.
№9 есеп: Берілген сөзде “а” әрпінің санын есептейтін программа жаз.
№10 есеп: Көшіру, өшіру, кірістіру операцияларының көмегімен берілген сөзде кездесетін «ку» сөзін «за» сөзіне ауыстыру программа жаз.
№11 есеп: «Информатика сабағы» жолынан “а” әрпін жоятын программа жаз
№12 есеп: «Байконур» жолында “а” әрпінің санын есептейтін программа жаз
№2 бөлім. Тест
Сабақты қорытындылау
Мәтін дегеніміз не?
2. Жолдық өрнек дегеніміз не? Типтері? Сипатталуы?
3. Мәтінмен жұмыста жиі қолданылатын амалдар?
Үйге тапсырма
4.3 тақырып. Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу.
№1, №2 есептер
Оқушыларды бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |