Пән қазақ тілі
|
Педагогикалық шеберлік
|
сынып
|
5
|
В
|
Қазақ әдебиеті
|
Модуль
|
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ.
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы, «Үш бақытым» өлеңі.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Мұқағали Мақатаевтің өмірі жайында оқушылардың білімін кеңейтіп, оның шығармашылығымен жақынырақ таныстыру, ақынның «Үш бақытым» атты өлеңін талқылау.
|
Табыс критерийлері
|
М. Мақатаев өмірбаянымен танысады;
М. Мақатаев шығармаларына шолу жасайды;
М. Мақатаевтің «Үш бақытым» өлеңін талқылайды.
|
Түйінді идеялар
|
• Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдері тексеріледі;
• Тапсырманы орындату деңгейіне байланысты ойлау жүйесін дамытады.
• Жекелей, топпен жұмыс жасауға дағдылананады.
|
Уақыт
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеттері
|
Оқушының іс-әрекеттері
|
Ресурсы
|
Ұйымдастыру кезеңі
(2 минут)
|
«Шаттық шеңбері» ойыны.
Мақсаты: қарым-қатынас дағдысын жақсартудың жолдарын ойластыру, сабақтың психологиялық ахуалын оңтайландыру.
|
Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, сабаққа дайындықтарын қадағалайды, оларды шеңберге тұрғызып, әртүрлі тапсырмалар орындатады.
|
Оқушылар шеңберге тұрып бір-бірімен сәлемдеседі, өзара игі тілектер айтады.
|
|
Топқа бөлу (2мин)
|
«Карточка таңдау» әдісі.
Мақсаты: оқушыларды топқа бөлу
|
Мұғалім оқушыларға карточка таңдатады.
|
Оқушылар өздері таңдаған карточкада жазылған сөзге байланысты үш топқа бөлінеді.
|
«Халық», «Тіл», «Отан» деген сөздері бар карточкалар.
|
Қалыптасқан білімді тексеру
(10 минут)
|
«Ыстық орындық» ойыны.
Мақсаты: үй тапсырмасын тексеру.
|
Мұғалім ортаға орындық қояды, сол орындыққа әр топтан оқушылар кезектесіп шақырылады.
|
Бірінші топтан бір оқушы орындыққа отырады, екінші топ оқушылары оған үй тапсырмасы, яғни Б. Момышұлы өмірбаяны жайлы сұрақтар қояды. Келесі топтан бір оқушы орындыққа отырады. Оған үшінші топ оқушылары Б. Момышұлының «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» шығармасы бойынша сұрақтар қояды. Үшінші топтан бір оқушы орындыққа отырады. Оған бірінші топтағы оқушылар жаңа сөздердің аудармалары бойынша сұрақтар қояды. Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүзеге асырылады.
|
Орындық.
|
Теориялық жұмыс
(7 минут)
|
АКТ көмегімен М. Мақатаев өмірі және шығармашылығымен таныстыру жұмысы.
Мақсаты: Ақын өмірі мен шығармашылығы жайында мәлімет беру.
|
Мұғалім слайд арқылы оқушыларға тақырып бойынша мәлімет береді. М. Мақатаевтің «Үш бақытым» өлеңін мәнерлеп оқиды. Оқушылардың «Халық», «Тіл» «Отан» деген үш топқа бөлінуін М. Мақатаевтің «Үш бақытым» өлеңімен байланыстырып, оларды сыни ойлауға итермелейді.
|
Оқушылар тақтаға назар аударып, мұғалімді мұқият тыңдайды, мұғалім қойған сұрақтарға жауап іздейді.
|
АКТ (интерактивті тақта, слайд-шоу).
|
Практикалық жұмыс
(13 минут)
|
Оқулықпен жұмыс
Мақсаты: Оқушылардың М. Мақатаев өмірі мен шығармашылығы жөніндегі танымын кеңейту, алған білімдерін нығайту, топ алдында сөйлеуге дағдыландыру, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
|
Мұғалім оқушыларға постер жасауға және оны қорғауға тапсырма береді, оқушылар жұмысын қадағалайды.
|
Бірінші топ халық, тіл, отан туралы мақал мәтелдерді тауып, постерге түсіреді, Екінші топ туған жер туралы сурет салып постер дайындайды, үшінші топ М. Мақатаев өмірбаянына байланысты постер құрады. Аталған топтар өз ішінен спикер сайлап, өз постерлерін кезектесіп қорғайды. Әр топтың ұсынған постерлеріне келесі топтар 5 пен 10 аралындағы баллдар арқылы баға береді.
|
А3 форматты қағаздар, фломастерлер, маркерлер, 5 пен 10 аралығындағы бағалау парақтары, стикерлер т.б.
|
Сабақты бекіту
(5 минут)
|
«Қар кесегі» ойыны.
Мақсаты: қалыптасқан білімді бекіту.
|
Мұғалім оқушыларға оралған ақ қағаз ұсынады.
|
Оқушылар қағазды бір-біріне лақтыру арқылы өтілген тақырып бойынша сұрақтар қояды.
|
Ақ қағаз.
|
Кері байланыс
(3 минут)
|
«Бағдаршам» суреті бойынша оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгендерін анықтау
|
«Бағдаршам» суреті бар боялмаған суреттерді балаларға таратып, сабақты түсінгені бойынша бағдаршамның түстерін бояту.
|
Қызы түс – мүлдем түсінбедім
Сары түс – жартылай түсіндім
Жасыл түс - бәрін түсіндім
|
Боялмаған «Бағдаршам» суреттері
|
Рефлексия
(3 минут)
|
«Қос смайлик» ойыны.
Мақсаты: оқушылардың сабақтан алған әсерлерін анықтау.
|
Үй тапсырмасын береді.
Бағалаудың мақсатын түсіндіреді. Тақтаға «жақсы» және «нашар» деген мағынаны білдіретін екі смайлик орнатады.
|
Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады, стикерлерге сабақ жайлы өз пікірлерін жазып, пікірімен сәйкес келетін смайликке өз стикерін жапсырады.
|
Смайликтер, стикерлер.
|
Өзіндік бағалау:
Оқушылар күтілген нәтижеге жетті ме?
Не сәтті болды?
Не сәтсіз болды? Неліктен?
Нені өзгертуге болады
|
|