1. Мұғалім: Оқусыз білім жоқ
Оқушылар: Білімсіз күнің жоқ.
2. Мұғалім: Әдепті бала, арлы бала
Оқушылар: Әдепсіз бала, сорлы бала.
3. Мұғалім: Жақсыдан үйрен,
Оқушылар: Жаманнан жирен.
4. Мұғалім: Жаздан өнім жиған-ақылды бала,
Оқушылар: Орақ кезінде ұйықтаған-арсыз бала.
5. Мұғалім: Жаңбыр жауса жер ырысы,
Оқушылар: Батыр туса-ел ырысы.
Оқушылар мұғалімнің көмегімен орындайды.
Сабақтың соңы
«Блум түймедағы» әдісі бойынша сабақты қорытындылау.
Блум түймедағының алты күлтесі – сұрақтар типінің алты түрі.
1. Қарапайым сұрақтар. Ертегі несімен ұнады?
2. Анықтаушы сұрақ. Ертегіде жағымсыз кейіпкер бар ма?
3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. Неліктен төртінші
шәкірт жауабы барлығына ұнады?
4. Шығармашылық сұрақтар. Мен шәкірт болсам, жауабым
былай болар еді...
5. Бағалау сұрақтары. Бір жауап екінші жауаптан несімен
ерекшеленеді?
6. Тәжірибелік сұрақтар. Ертегіге басқаша қандай тақырып
қоюға болады?