Ширату тапсырмасы.
(Ұ, МК) «Есіңе түсір» айдары бойынша М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін тыңдап, адам үшін қажетті үш ұғымды атау
тапсырылады.
Дескрипторы:
1. 1. М. Мақатаевтың «Отан» өлеңін тыңдайды.
2. 2. Өлеңде айтылған адам үшін аса қажетті үш ұғымды атайды.
«Қойын дәптер» әдісі жүргізіледі. Тұманбай Молдағалиевтің
өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.
Аты-жөні
|
|
Туған жылы
|
|
Шығармалары
|
|
Ақпарат
|
|
Жаңалық
|
|
(Ж, Т) «Оқы» айдары
Тұманбай Молдағалиевтің «Отан» өлеңін мазмұнына сай
мәнерлеп оқу тапсырылады.
Дескрипторы:
-Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнымен танысады.
(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету. «Атаның рухына балау» деген сөз тіркесінің мағынасын ашу. Атаның рухына балау – ата-бабамыз сияқты құрметтеу
(Т) «Зертте» тапсырмасы бойынша әр жұп өлеңнен ақынның негізгі ойын тауып оқиды. «Отаныңның өткені, қазіргісі, келешегі туралы қайдан, неден білдің?» деген сұраққа жауап іздейді.
Дескрипторы:
6. 1. Өлеңнің негізгі ойын анықтайды.
7. 2. Автордың ойын деректер келтіре отырып дәлелдейді.
8. 3. Сұраққа жауап береді.
ҚБ: Смайлдер арқылы топ ішінде бірін-бірі бағалауын
ұйымдастыруға болады.
(ЖЖ) «Салыстыр» айдары
«Ақынның Отан туралы түсінігі сенің ойыңмен ұқсас па?» деген
сұрақ төңірегінде ойланып, «Венн» диаграммасы арқылы әр оқушы Отан жайлы өз ойын ақын ойымен салыстырады.
Дескрипторы:
5. 1. Отан туралы өз ойын білдіреді.
6. 2. Өз ойын ақын ойымен салыстырады.
7. ҚБ: Өзара бағалау
(Ж) Дәптермен жұмыс. Оқулықтағы «Отан» өлеңінің мазмұны бойынша үлгіге қарап, Отан сөзіне кластер жасайды. Қазақстан Республикасының астанасы туралы «бес жолды өлең» жазады.
Дескрипторы:
8. 1. Өлең мазмұнына сәйкес «Отан» сөзіне кластер жасайды.
9. 2. «Астана» тақырыбына бес жолды өлең жазады.
ҚБ: «Оң көрші» әдісі
Дәптермен жұмыс. Дәптермен жұмыс мұғалімнің өз қалауы бойынша уақыттың қалуына байланысты орындалады.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
|