С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғарғы колледжі
№19сабақ
Пән: «Экономикалық теория негіздері»
Топ: У1Б Күні: 12.06.2020 жыл Уақыты: 14.45-15.15
Пән оқытушысы: Хурмет Жигер
Сабақ тақырыбы: Нарықтық экономикадағы мемлекет ролі
1 Нарықты ұйымдастырудың эдістері және оның өзекті үш мәселесі
2 Нарық механизміне мемлекеттің әсер етуі
1.Адамзаттың өмір сүру тарихында экономиканы ұйымдастырудың екі негізгі әдістері белгілі: әміршілдік және нарықтық. Шаруашылықты басқарудың бүл әдістері бір өндіріс шеңберінде бірге өмір сүре алмайды. Егер шаруашылықты басқару таза нарық құралына негізделсе, онда ол орталықтан жоспарлауды қажет етпейді, және керісінше, орталықтан жоспарлауды қажет етпейді, және керісінше, орталықтан жоспарлау нарықты қабылдамайды.
Соңғы кездері экономиканы ұйымдастырудың үшінші әдісі деп әкімшілдік әдіспен нарықтық әдістің аралас болуын айтады.
Бүл әлі аз зерттелген, дегенмен әкімшілдік әдістен нарықтық әдіске көшу жолын жеңілдету деп есептеуге болады.
Шаруашылықты әміршілдік-әкімшілдік әдіспен ұйымдастыру өндірушінің үстемдігіне негізделеді. Бүндай жағдайда, әрине, нарықтық механизм қажет емес. Тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы шаруашылың байланыстар орталық органдардың шешімі арқылы анықталады. Әміршілдік әдісте барлығы алдын-ала баланс құру арқылы есептеледі. Орталық органдар өздерінің қарамағындағы шаруашылықтарға не өндіру, кімге өндіру және қандай бағамен өндіру керек деген сұрақтарды бұйрық-нұсқау түрінде беріп отырады. Бұндай модельдің негізгі жұмыс істеу қағидасы: «неге мүмкіндігіміз бар, соны өндіреміз, бізде не бар, соны ал». Орталықтан бекітілген қорлар бойынша жоспарлап бөлу -экономиканы мұндай моделінің негізі болып табылады. Шаруашылықты әміршілдік әдіспен ұйымдастырудың бірнеше кемшіліктері бар. Біріншіден, экономиканы мұндай әдіспен ұйымдастыру күрделі халық шаруашылығының егжей-тегжейіне жете алмайды. Бұған уақыт факторы өте қатты әсер етеді. Себебі барлық шаруашылық мәселелерді орталықтан шешетін болсақ, шаруашылыққа байланысты сұрақтар кәсіпорыннан жоғары органдарға жеткенше, одан шешімін тауып қайтып келгенше жағдай қайта өзгеріп кетуі мүмкін, ал ол проблемаларды шешуді қиындатады. Екіншіден, жоспарлы тұтыну және өнімге бекітілген жоспарлы баға ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін өндіруге, ресурсты үнемдеуді жүзеге асыруға, өнімнің сапасын арттыруға, өндіріс шығындарын төмендетуге мүмкіндік туғызбайды. Үшіншіден, тауар өндірушілерді материалдық ресурстар мен өнімдерден оқшаулау — қоғамдық өндірістің тиімділігінің төмендеуіне, оның даму қарқыны мен деңгейінің құлдырауына әкеліп соқтырады.
Нарықтық механизм бұған қарама-қарсы принципке негізделген, онда шаруашылық субъектілерінің ешқайсысы шаруашылық сұрақтарды алдын- ала, саналы түрде шешумен айналыспайды. Бұл сұрақтар өте қарапайым түрде шешіледі: тауар өндірушілер мен тауар тұтынушылар нарықта кездеседі, сөйтіп өндірістің көлемі мен бағасын анықтайды. Басқаша айтқанда, нарықтық әдіске негізделген экономикада өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы экономиканың өзекті үш мәселесін (не өндіру, қалай өндіру және кім үшін өндіру керек?) шешу мақсатында әрекет етеді.
Не өндіру керек? Бүл жағдайда, тұтынушы бір немесе басқа тауарды сатып алуды таңдау арқылы өз белсенділігін білдіреді. Егер тұтынушы белгілі бір тауарлар түрін көп сатып алса, онда оған баға өседі. Бағаның артуы тауар өндірудің көбеюін ынталандырады. Бұндай механизм біз бұрын ойлағандай экономикадағы бассыздық пен бұлдырлық емес, керісінше оның сынаудан өткен тәртібі болып табылады. Шаруашылықтың нарықтық механизммен әрекет етуі, бейнелеп айтқанда, автоматтандырылған сипатта болады: тауарға сұраным артса, баға өседі, онда тауар өндірушілер өндіріс көлемін ұлғайтады және керісінше -сұраным азайып баға төмендесе оны азайтады.
Қалай өндіру керек? Ол тауар өндірушілердің арасында болатын күресімен анықталады. Тауар өндірушілер үшін бір-ақ жол бар, ол белгілі бір баға саясатын ұстану арқылы бәсекелесін ұту және белгілі бір пайда табу. Ол үшін аз шығынды кажет ететін арзан және сапалы өнім шығару керек. Ал ондай өнім қандай тауар өндірушілерде болады? Әрине, ол өндірісте ҒТП элементтерін кең түрде жүзеге асырған, жоғары білікті кадрлары бар кәсіпкерлерде болады. Қысқасы нарық ҒТП жетістіктерін ендіруді, тұтынушыға қажетті өнім өндіруді ынталандыратын факторларды іздестіруге мәжбүр етеді.
Кім үшін керек? Бүл сұрақ, сұраным мен ұсынымның ара қатысына байланысты. Бұл жағдайда нарықты өндірушілердің саны мен құрамы, олардың табыс деңгейі және т.б. көрсеткіштеріне қарай зерттеу қажет.
Жоғарыда көрсетілген шаруашылықты ұйымдастырудың сұрақтары барлық экономикалық жүйелерге тән өзекті мәселелер болып табылады, бірақ олар әртүрлі шешіледі.
Шетелдік мамандардың пікірінше экономиканы ұйымдастырудың әміршілдік немесе нарықтық әдістері «таза күйінде» өмір сүрмейді. Олардың тұжырымдауынша, нарықты экономикасы дамыған елдерде экономиканы ұйымдастырудың аралас моделі қалыптасқан, онда жеке және қоғамдық институттар экономикалық бақылау жасайды:, жеке жүйе «көрінбейтін қолмен» нарықтық механизмге бағыт-бағдар беріп отырады, ал қоғамдық институттар-әкімшілдік жолмен реттеу және салық стимулдары арқылы.
2 Нарық механизміне мемлекеттің әсер етуі
Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникасымен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары және әр түрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз^өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретініне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Сонымен бірге нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі қайшылықтары да бар. Оның жағымсыз жақтарына әлеуметтік жіктелу, әлсіздерге, әсіресе банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік, жұмыссыздықтың болуы жатады. Экономиканы бірыңғай сұранымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан мемлекет қоғам атынан адамдардың дұрыс экологиялық жағдайда өмір сүру хұқын реттеп отыратын шараларды жүзеге асыруы қажет.
Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім алу табыс табу сияқты әлеуметтік-экономикалық хұқтарына кепілдік бермейді. Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлекет бағаны реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта болу, бюджет шығындарының есебінен жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканың қысымын жұмсартады. Бұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты саяси-әлеуметтік ахуалды ұстап түру мүмкін емес.
Нарықтық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын,еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді. Бірақ көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды,өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық ғылыми-техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық бүрын соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды. Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым-экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық — бүл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.
Нарық — бүл сатушы мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық — бұл сатушылармен сатып алушылар арасында тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Нарық — тауарларды сатып алу-сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы.
Нарық тауарды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады Келтірілген көзқарастардың қай-қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бір проблеманың бір жағын ғана қамтиды. Бү_л анықтамаларға ортақ нәрсе — ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субъектісі өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар және сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сатып — сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын. Тауар ақша қатынастарын қандай мықты нысандарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.
Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу — оны бәсеке, ең аз шығынға үмтылуы, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты маңызды қасиеттерінен айырады. Сонымен бірге,нарықты жәй ғана тауар айырбасы емес, тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым-қатынастарына тән қайтарымдылық, эквивалентік, бәсекелестік болатын айырбастың экономикалық өткізілуі ретінде қарау керек. Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әр түрлі тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасында болатын экономикалық байланыстар мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.
Берілген анықтамада әңгіме, тек өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы жеке байланыс пен қатынас қана емес, сонымен қатар өндірушілердің, өндірушілер мен сатып алушы-тұтынушылардың, тұтынушылардың өздері арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы болып отыр. Екіншіден, бұл қатынастар мен байланыстар қайтарымдылықты, тепе-теңдікті, обьективті түрде алдын-ала анықтайды, яғни шаруашылық серіктестерінің шаруашылық қызметтердің варианттарын және оңтайлы өткізу бағасын таңдаудағы, табыстарды иемденудегі дербестігімен тәуелсіздігі туындайды. Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың шүбәсіз салдары –бәсеке -өндіріс процесінде де, тұтыну процесінде де болатын шаруашылық байланыстардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін.
Себебі нарық бәсекесіз өмір сүре алмайды. Ал бұл, сан алуан меншік формалары мен әртүрлі тауар өндірушілер болған жағдайда ғана мүмкін. Соның нәтижесінде, өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілетсіз шаруашылық бірліктерінен тазарады, ал басқа жағынан, тиімділігі жоғары және болашағы зор шаруашылық субьектілеріне жол ашады. Біздің ойымызша, нарықты бұлай түсіну, оның мүмкіндік сипатын толық қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |