А сық арқылы бөлу
Сыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық шашылады, әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
Белсендіру.
Тікбұрышты параллелепипедтің үстіңгі беті белгілі болғандай, 6 жағынан тұрады, барлық жақтары –тіктөртбұрыш, ал қарама-қарсы жақтары тең. Тең тіктөртбұрыштар бар-жоғы – үш жұп.
Егерде тікбұрышты параллелепипедті дайындау керек болса, жазба қажет, мысалы, зауыттарда әртүрлі орауыштар жасайды. Сондай-ақ жазбалар кейбір тапсырмаларды шешуге көмектеседі, мысалы, геометриялық денелердің үстіндегі нүктелердің аралығындағы қысқа ғана аралықты табады немесе басқа да тапсырмаларда қолданылады.
Сол бір ғана тікбұрышты параллелепипедтің бірнеше жазбасы бар. Текшенің үстінгі жазбасы 6 тең шаршыдан тұрады.
Тікбұрышты параллелепипедтің үстіңгі жазбасы қандай фигуралардан тұратыны туралы сұрақтың жауабын тап.
Тікбұрышты параллелепипедтің үстіңгі жазбасы үш жұпты екі тең тіктөртбұрыштан тұратыны рас па (иә, жоқ, оның өлшеміне байланысты).
Төмендегі қызыл фигуралардың қайсысы текшенің жазбасы бола алады?
№1 тапсырманы орындау ұсынылады.
Текшенің жағында жазылған сөзді таңдап, оған сұрақ қой. Осы сұрақтар текше мен тікбұрышты параллелепипед, шаршы мен тіктөртбұрыш туралы
болсын.
№2 тапсырма ұсынылады.
а) Тікбұрышты параллелепипедтің, текшенің жақтары болып табылатын фигураларды ата.
б) Мына қораптың бүйір қабырғаларының ауданын тап. Қорапты орау үшін қанша қағаз қажет?
в) Қорапты күлтелемей екі рет байлау үшін қанша метр таспа қажет?
№4 тапсырманы осы кезеңде орындауға болады.
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары
|
|