Сабақ Пән: Математика Орта мерзімді жоспар бөлімі


Түсіндіре отырып алғашқы бекіту



бет290/385
Дата24.01.2022
өлшемі2,66 Mb.
#129726
түріСабақ
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   385
Байланысты:
matem-kmzh

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқушылар оқулықтан №3 тапсырманы орындайды, өрнекті баған түрінде жазады, разрядтан аттап өту арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритміне сәйкес есептейді. Бөлуді көбейтумен, көбейтуді бөлумен тексереді.



Өздік жұмыс

Оқушылар оқулықтан №2 тапсырманы орындайды, өрнекті бағанмен жазады, разрядтан екі аттап өту арқылы үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритміне сәйкес есептейді.



Жаңаны қолдану.

Оқушылар оқулықтан №4 тапсырманы орындайды, есепті сұрақпен толықтырады, оны шығарады.

Әр топ өзіне жұппен жұмыс түрін таңдайды.Жұппен жұмыс түрін қолдану кезінде «материал элементтерін бөлу», бір оқушы барлық жауапкершілікті өз мойнына алады, ал екінші оқушы – бақылайды. «Амал бойынша» деген жұппен жұмыс түрін қолдану барысында бірінші оқушы түсіндіреді, екінші оқушы жазады, бірінші оқушы келісетінін не келіспейтінін айтады. Жұмыс істей отырып, «хор» атты жұппен жұмыс түрін қолданып,әр операциядан кейін өз амалдарын салыстырады, егер келіспеушілік болса, өз пікірін дәлелдейді, келісетінін немесе келіспейтінін айтады.

Оқулықтағы №7 тапсырма топпен орындалады, оқушылар кестені толтырады, амал компоненттерінің білім қатысына сүйеніп, әр оқушы бір амалдан орындайды. Бір компоненттің аясында аралық жағдайдағы амалдарда, разрядтан аттап өту арқылы және разрядтан аттамай екі/үш таңбалы сандарды ауызша немесе жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмі жайындағы біліміне сүйеніп, есептеуді орындайды.

Оқушыларға есептеген өрнектерді оқуды ұсынуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   385




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет