Құжатты сақтау және ашу.
Құжатты теріп болғаннан кейін оған ат беріп, дискідегі файлда сақтау керек.Файл аты онын міндетін көрсетуі керек.Файл аты бірден 255-ке дейін символдан тұруы мүмкін, бірақ практикада көп символды аттармен жұмыс істеу қолайсыз.
WordPad қолданбасында құжатты бірінші рет сақтап қою үшін, Файл менюінде Сохранить как командасын таңдаңдар.Сода экранда сохранить как терезесі пайда болады.
Осыдан ат беріп Сохранить батырмасын басамыз.Файл типі автоматты түрде Rtf пен көрсетіледі.
Мәтін бойынша жылжыту.
Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен ,Home (жолдың басына), End(жолдың соңына) , Page Up, Page Down(бір бетке жоғары немесе төмен) пернелерімен жылжытуға болады. Егер құжат беті көп болса, мәтіннің соңына бірден қалай жетуге болады? Көмекке Ctrl+End пернелер тіркесімі келеді.
Мәтін бөліктерін ерекшелеу
Мәтінді теріп болған соң түзеу және пішімдеу үшін мәтін бөліктерін (фрагмент) ерекшелей білу керек.
Тышқанның көмегімен ерекшелеу үшін құжаттың сол жақ, < ерекшелеу ернеуі > деп аталатын, ернеуін қолданады . тыщқанның сілтемесі оңға қарай бұрған стрелка түріне айналады. Пернетақтадан ерекшелеген кезде Shift және Ctrl пернелері тіркесімдерін бірге басу кере.
Мәтін бөліктерін ерекшелеу тәсілдері
Кейде экранда бірден жолды, абзацты немесе тұтастай ерекшелеген ыңғайлы. Бұл жағдайлар арнайы тәсілдер ойластырылған .
1. Тұтас жолды ерекшелеу. Егер тышқанның сол жақ батырмасымен жолдың бір рет шертсеңдер, жол тұтастай ерекшеленеді. Тышқанның сілтемесі бұл жерде ақ стрелка кейпіне енеді.
1. Егер экранның осы жерінде тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерсек, онда тұтас абзац ерекшеленеді:
2. Тышқанның сол жақ батырмасын үш рет шерту мәтінді тұтастай ерекшелейді:
Мәтінді тұтастай бірден ерекшелеу үшін пернетақтадан бір мезгілде CTRL пернесі мен цифрлық қосымша пернетақтадан <5> санын басуға да болады.Мәтін бөліктерін түзетуге: жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыруды жатқызуға болады.Delete пернесімен-курсордан оң бөліктегі орналасқан символды, BaskSpace пернесіме-курсордың сол жағында орналасқан символды жоюға болады.Insert пернесін басқанда қосылады.Мәтіннің ерекшеленген бөлігін екі тәсілмен жылжытуға болады.
-Тышқанмен сүйреу;
-Алмасу буферін қолдану; батырмасы, алмасу буферінен кірістіру.
V) Бекіту (3 мин)
WordPad қандай редактор?
Қазақша жазу үшін қандай қаріп түрін қолданамыз?
Құжатты қалай сақтаймыз?
Файл аты неше символдан түруы мүмкін.
VI)Үйге тапсырма беру, бағалау (2 мин)
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту. Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу.
Мұғалім: Сыдыкова Н.З. Оқу ісі меңгерушісі__________________5>
Достарыңызбен бөлісу: |