Сабақ реті: күні Тақырыбы



бет35/54
Дата11.12.2022
өлшемі468,5 Kb.
#162368
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54
Байланысты:
1-11-2-khimiyalyk-elementter-atom-molekulalar-d-i-mendeleevtin-periodtyk-zanyperiodtyk-zhujenin-kurylysy-54c8aeba33974

Жаңа сабақ түсіндіру.

Білімділік міндеттері: -оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;
-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;
- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;
-түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;
-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.
Жаңа сабақ материалын түсіндіру: Көптеген металл атомдарының сырт -қы қабатында бір,екінемесе үш электроннан болады.Үш электроны бар ме -талл атомдарында иондану энергиясы төмен болғандықтан электрондар оңай үзіліп,электрондық газ түзіледі,яғни «бос электрондар» жи ынтығы пайда болады. Олар қозғалғыш, оңай орын ауыстырады,сондықтан кезкел -ген металды өз-ара байланысқан оң зарядталған металл ионы мен электрон- дық газдан тұратын тығыз жи -нақталған құрылым есебінде қарастыруға болады.Металл иондары мен электрондар арасында түзілетін байла нысты металдық байланыс деп атайды. Ол металдар мен құймаларға тән.Байланыс табиғаты металдық. Металдық байланыс валентті электрондардың ортақтасуына негізделгендік- тен ковалентті байланыспен көптеген ұқсастықтары бар.Бірақ ковалентті байланыста жұп электрон тек екі атомға ортақ болса,ал металдық байланыс- та барлық атомдар электрондары байланыс түзуге қатысады. барлық атом -дарға ортақ болады.Сондықтан ковалентті байланысы бар кристалл торлары сынғыш ,ал металдық кристалл торлар-иілгіш Металда иондар өзара байла- ныстарды бұзбай ығысады.Бұл металдық байланыстың бағытының болмау ын көрсетеді.Металдардың қаттылығын арттыру үшін құймаға бағытты ко- валентті байланыс түзуге қолайлы жағдай жасайтын элементтерді енгізеді, мысалы легирленген болат алу.Сутектік бай-с-бұл бір молекуладағы оң по- люстенген сутек атомы мен екінші бір молекуладағы теріс полюстенген фтор, оттек және азот (кейде хлор, күкірт жәнет.б.) атомы арасында түзіле -тін ерекше бай-с.Ол көбінесе молекулааралық кейде молекулаішілік болады
Молекулааралық сутектік байланыс су молекулаларының арасында пайда болады. Судың дипольді молекуласындағы ортақ электрондық жұп сутек атомынан электртерістігі үлкен оттек атомына күштірек ығысқан, сондықтан сутектің оң заряды аз ғана көлемде, яғни протонның өзінде шоғырланған. Түгелдей дерлік «жалаңаштанған» протон кез келген басқа су молекуласындағы оттек атомының бөлінбеген жұбының бұлтына тартылады. Нәтижесінде сутектік байланыс деп аталатын жаңа байланыс түзіледі:
Н Н
Н-----О…..Н----О Н----О------- О
Н Н Н Н
О
Н
Сызбанұсқадан сутектік байланыстың пайда болуынан судың екі, тіпті үш молекуласы бірігіп, ашық немесе циклді (сақиналы) құрылымдар түзетіні көрініп тұр.
Әдетте сутектік байланысты нүктелермен белгілейді, бұл оның ковалент -тік байланыстан шамамен 5-20 еседей, яғни әлдеқайда әлсіз екенін көрсете- ді. Алайда осы байланыстың әсерінен су молекулалары ассоциацияланады (бірігеді) әрі сондықтан сұйық күйде болады.
Молекуланың ретті орналасуы қатты мұзға тән. Сұйық суға қарағанда оның құрылымындағы молекулалардың тығыздығы едәуір төмен. Сондық -танда су қатқанда көлемін 9%-ке арттырады және 0°С-тағы судан мұздың тығыздығы аздау болады. 0°С-тағы суға қарағанда мұздың тығыздығының азырақ болуы, тұщы сулы су қоймаларының бетінен бастап қатуына әкеле -ді. Судың максимал тығыздығы 4°С-қа сай келеді.Суды одан әрі салқындат- қанда оның бетіндегі тығыздық мұзға айналғанша азая бастайды, сондықтан жылы сулардың терең қабаттары, сұйық күйінде сақталады, қатпайды. Беткі мұз қабаты астындағы судың жылуын одан әрі жоғалтпай сақтайды, соған орай қыста беті қатып қалған өзендер мен көлдерде тіршілік жалғаса береді.
Сутектік байланыс
молекулааралық молекулаішілік
Сутектік байланыс құрамына сутек және электртерісітігі күшті элементтер, мысалы, фтор, оттек, азот, кейде хлор және күкірт кіретін молекулалардың арасында пайда болады.
Сутектік байланыс көптеген заттардың қасиеттеріне әсер етеді. Мәселен, сутектік байланыстың әсерінен фторсутек кәдімгі жағдайда су сияқты, сұйық күйде (19,5°С-тан төмен) болады және құрамы: H2F2, H3F3-тен, H6F6-ға дейін біріккен әртүрлі молекулалардан тұрады. Фторсутек молекуласы мен иондар арасындағы берік сутектік байланыс HF2-, H2F3- және т.б. типті тұрақты қышқыл аниондар түзеді. Оларды KHF2 калий гидрофториді, NH4HF2 – аммоний гидрофториді сияқты қышқыл тұздардың құрамынан табуға болады.
Судың қайнау (100°С) және қату температурасының (0°С) оттек топша- сы элементтерінің сутекті қосылыстарымен (H2S, H2Se, H2Te) салыстыр- ғанда әлдеқайда жоғары екені сутектік баланыстың болуымен түсіндіріледі. Судағы сутектік байланыстарды үзу үшін қосымша энергия жұмсау керек.
Басқа галогенсутектер (HCl, HBr, HI) және сутектік байланыс тән емес халькогенсутектер (H2S, H2Se, H2Te) физикалық және химиялық қсиеттері- нің өзгеру сипаты қатаң сақталатын газтектес заттар болып табылады. Бұл топтың екі өкілінің – су және фторсутектің басқалардан күрт айырмашылы- ғы олардың кәдімгі молекулаларының ассоциациялануына (бірігуіне) әкелетін сутектік байланыстың болуымен түсіндіріледі.
2.Қорытынды: А) кристалл торындағы металдар атомдары бағытталмауымен,қанықпауымен сипатталады;
Б) металдардың физикалық қасиеттері (қаттылығы,электрөткізгіштігі,жылуөткізгіштігі,иілгіштігі,тапталғыштығы) металдық байланыстың болуымен түсіндіріледі.
Металл Na кристалдарының құрылысы.

15-16



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет