Сабақ реті Өтілетін тақырыптар Сағат саны Мерзімі І. Кіріспе



Дата04.08.2017
өлшемі83,66 Kb.
#22783
түріСабақ
Қарақұдық ЖОББМ

Ертіс ауданы



Павлодар облысы

Тақырыбы:
Зат есімнің сиқырлы әлемі.

Пән: қазақ тілі

Сынып: 6-сынып

Аптасына: 1 сағат

Барлығы: 34 сағат

Мұғалім: Нургалиева Г.А.

Тақырыптық жоспар.


Сабақ реті

Өтілетін тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі

І. Кіріспе

2




1

Морфологияның зерттейтін саласы.

1




2

Сөз таптары.

1




ІІ. Зат есім.

2




3

Зат есім, анықтамасы мен сұрақтары(кім?не?..)

1




4

Зат есімнің мағыналық түрлері.

1




ІІІ.Зат есім тудыратын жұрнақтар.

3




5

Есім сөздерден зат есімнің тууы.

1




6

Етістіктен зат есімнің туындауы.

1




7

Өз бетімен жұмыс(талдау)

1




ІV.Зат есімнің сөйлемдегі қызметі.

4




8

Зат есімнің тұрлаулы мүшенің қызметін атқаруы.

1




9

Зат есімнің тұрлаусыз мүшесі болуы.

1




10

Практикалық сабақ

1




11

Өз бетімен жұмыс(өздік жұмыс)

1




V.Зат есімнің түрленуі.

7




12

Зат есімнің көптік ұғымды білдіруі.

1




13

Септікпен байланысы.

1




14

Тәуелденген зат есім.

1




15

Зат есімнің жіктелуі.

1




16,17

Практикалық жұмыс

2




18

Өз бетімен жұмыс(тест)

1




VІ.Зат есімнің басқа сөз таптарымен

байланысы.

6




19

Зат есімнің зат есіммен байланысы.

1




20

Сан есім, сын есіммен байланысы.

1




21

Етістікпен, шылаумен байланысы

1




22,23

Практикалық сабақ

2




24

Өзіндік жұмыс(әңгіме жазу)

1




VІІ.Зат есімнің өмірдегі маңызы.

7




25

Мен және менің әлемім.(сызба карта)

1




26

Мен таңдаған мамандық.(өз ойлары)

1




27

Өмірде мен өзіме кімді үлгі тұтамын?(ой-толғау)

1




28

Менің сүйікті кейіпкерім.(пікіралысу)

1




29

Табиғат әлемі.(суреттеу)

1




30

Практикалық сабақ

1




31

Өзіндік жұмыс

1




VІІІ

32



Қайталау


1




ІХ 33,34



Сынақ


2




«Зат есімнің сиқырлы әлемі.»

Қазақ тілі 6- сынып
Түсінік хат.
Тіл кез келген танымдық іс-әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Сондықтан да болашақ қоғам иелерін тәрбиелейтін жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын «қазақ тілі» пәні арқылы тілдің үш түрлі қызметін: теориялық мәселелердің практикалық дағдының базасы болатынын пайымдауға үйрететін білімділік қызметін; жалпы адамзат жинаған тарихи-мәдени, рухани мұраларды тіл арқылы меңгеруге болатынын және өз ойын жеткізудің, өзін-өзі тану мен өзгені танудың бірден – бір құралы тіл екендігіне көз жеткізетін танымдық қызметін, алған білімді практикалық тұрғыда қалай қолдану іскерліктерін жетілдіруге бағыттайтын коммуникативтік қызметін таниды.

Қазіргі мектептердің аса маңызды, тұрақты міндеті жеткіншек ұрпаққа ғылым негіздерінен терең де тиянақты білім беру, оларды практикада қолданудың дағдылары мен бірлігін дамыту, материалдық дүниетанымды қалыптастыру, азаматтық қоғамдық – тарихи тәжірибесін меңгертуге бағытталады.

Қазіргі кезеңде білім берудегі негізгі мақсат жан – жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой толғамы бар, адамгершілігі жоғары, ұлтжанды, барынша қабілетті жанды қалыптастыру.
Бұл курс 34 сағатқа негізделген.
Курстың мақсаты: Морфология саласындағы сөз таптарының бір түрі- зат есім екндігін түсіндіру. Оның сөйлемдегі атқаратын қызметі, түрлену жолдары мен басқа сөз таптарымен байланысқа түсуін жан-жақты жеткізу, оны өмірде дұрыс қолдана білуге үйрету. Сауаттылыққа көп көңіл бөлу, оқушыларды соған негіздеу. Оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру.
Курстың міндеттері:

1.Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

2.Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру;

3. Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;

4.Өзіндік ой-пікір айта білуге баулу;

5.Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.




Танымдық бағыт бойынша:
оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;

әрбір тілдік бөлшектердің жалпы тіл жүйесіндегі орнын, маңызы мен ерекшеліктерін ажырата білуіне қажетті біліктілік – дағдыларын қалыптастыру;

оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау, түсіну әрекеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

тіл фактілері арқылы оқушының рухани дүниесін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

қазақ тілі сабағындағы пәнаралық байланыс арқылы қоғам, табиғат туралы адамзат жинап қорытқан білім негіздерімен қаруландыру.
Практикалық бағыт:
-зат есімнің синтаксистік қызметін білуі;

-зат есімнің емлесін білуі.

- зат есімнің мағыналық түрлерін білуі;

-зат есімнің басқа сөз таптарымен байланыса алатынын білуі;

-зат есімнің ерекшелігін білуі, мағыналық түрлерін ажырата алуы;

-зат есімнің көптелетін және көптелмейтін түрлерін ажырата алуы;

-зат есімді ауызша және жазбаша септей алуы;

-жіктелетін зат есімдерді білуі;



-берілген тест тапсырмасын жүйелі орындай алуы.

- оқушының сауаттылығын арттыру, әдеби тіл нормаларын меңгерту;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет