Пән аты: қазақ тілі
|
Уақыты:
|
Сыныбы:4
|
Сабақ реті:
|
Сабақ атауы
|
Есімдік 1-7 жаттығу
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
1. Білімділігі: Оқушылардың есімдік туралыалғашқы түсінік қалыптастыру. 2. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, мәтінді талдау, тапсырмалар мен сұрақтар арқылы танымдық, шығармашылық қабілетін байқау, оқулықта берілген жаттығуларды өз беттерімен орындау, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазуға үйрету арқылы ой - өрісін дамыту.3. Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, белсенділікке, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас. Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ - жауап, әңгімелеу, тест
|
Психологиялық ахуал
|
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, сабаққа зейінін аудару
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Үй тапсырмасын тексеру Қызығушылықты ояту. 10 минуттық тест (А деңгейі)
Жаңа сабақ. Есімдіктер – заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың орнына жұмсалатын сөз табы. Есімдіктер жіктеледі, септеледі тәуелденеді және көптеледі. Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:
1) Жіктеу есімдіктер – белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің түрі. Мен, сен, сіз, ол,біз,сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.
2) Сілтеу есімдік – нұсқау және көрсету мағыналарын көрсетеді: бұл, мынау, анау, сол, мына, міне.
3)Сұрау есімдігі – жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар. Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады: кім? неше? қайда? неге?
4) Өздік есімдігі – әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз: өз, өзім, өз-өзіне, өзіміз.
5) Жалпылау есімдігі – жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі: барлық, бәрі, тегіс, түгел, күллі.
6) Белгісіздік есімдігі - белгісіз мәнде айтылатын сөздер. Жасалауына әр, бір, әлде деген үш сөз ұйтқы болып қызмет атқарады: әркім, әлдекім, әрқалай, бірнеше, бірдеме,кейбір, әрқалай.
7) Болымсыздық есімдігі – болымсыздық мағынаны білдіреді. Негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады: ешкім, ешқайда, ештеме, ешқашан, дәнеңе
Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу . Өлеңді мәнерлеп оқу, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.
Көкек пен ол сөздері бірдей сұраққа жауап беріп тұрғанын байқату. Ол сөзі көкек сөзінің орнына жұмсалып тұрғанын ұғындыру.
2 – жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жазу. Есімдіктерді тап, сұрақ қою.Оның қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау.
Ол аралда да марал,Бұл аралда да марал.От екен маралға арал,Оттасын аралда марал.
3 – жаттығу.Берілген есімдіктерді қатыстырып сөйлем құра. Бұл есімдікт ердің жазылуын есте сақтау. Әркім өзі ойымен әуре болды. Оның қайда кеткенін ешкім білмейді. Мен ешқашан Отанымды сатпаймын. Біз ешқандай жаңалық естімедік.
Өз бетінше жұмыс. (С деңгейі) 5-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу. Есімдіктерді тауып, оларды өздері байланысқан етістіктерімен бірге теріп жазу.
Қара күшік күзетте,Ас ішпейді, үрмеді.Ол күзеткен есіктен Ешкім үйге кірмейді . (құлып)
7-жаттығу. Түсіп қалған есімдіктерді орнына қойып, жаңылтпашты оқы. Сұраулық мағынада жұмсалып тұрған есімдік қайсысы?Қара бүркіт томағасын түсірді.Оны мен томағаламай, Кім томағалайды?
|
Сергіту сәті
|
Денені жаттықтыру жаттығуларын жасату
|
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
|
Ой толғаныс
|
.6-жаттығу. Ребусың шешуіндегі, «Біздің сынып » тақырыбында есімдіктерді пайдаланып, әңгіме құрау.
|
Үйге тапсырма
|
4-жаттығу, 176-бет.
|
Күнделіктеріне жазып алады
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Пәннің аты: қазақ тілі
|
Уақыты:
|
Сыныбы:4
|
Сабақ реті:
|
Сабақ атауы
|
Жіктеу есімдіктері 8-16 жаттығу
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
1. Білімділігі: Оқушылардың есімдік және жіктеу есімдіктері туралы түсініктерін кеңейту. 2. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, мәтінді талдау, тапсырмалар мен сұрақтар арқылы танымдық, шығармашылық қабілетін байқау, оқулықта берілген жаттығуларды өз беттерімен орындау, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазуға үйрету арқылы ой - өрісін дамыту.3. Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, белсенділікке, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас. Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ - жауап, әңгімелеу, тест
|
Психологиялық ахуал
|
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, сабаққа зейінін аудару
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Үй тапсырмасын тексеру Қызығушылықты ояту. 10 минуттық тест (А деңгейі)
Жаңа сабақ. Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдіктері мен, сен, ол, біз, біздер, сендер, сіздер, олар. Жіктеу
есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар. Олар мынадай:
Жақ Жекеше түрі Көпше түрі
I
|
мен
|
біз, біздер
|
II
|
сен (анайы)
|
Сендер (анайы)
|
|
сіз (сыпайы)
|
сіздер (сыпайы)
|
II
|
ол
|
Олар
|
Бірінші жақ—айтушы, сөйлеуші жақ, екінші жақ—тыңдаушы жақ. Бұлар—адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? Деген сұраққа жауап береді. Үшінші жақ—бөгде жақ. Ол адамға, адамнан басқа да заттарға байланысты бола береді. Сондықтан кім? немесе не? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Ол (кім?)—оқыған азамат. Ол (не?) -биік тау, т.б.
Оқулықпен жұмыс 8-жаттығу . Өлеңді мәнерлеп оқу, есімдіктерді табу, оларға сұрақ қою.
Мынау, ол, өзінің, ол, өзі, біздер, біз, сен.
9-жатығу. Көп нүктенің орнына тиісті жіктеу есімдіктерінің бірін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. Есімдіктердің қай жақта тұрғанын анықтау. Мен үлкен кісілерге орын беремін. Ол атасына көмектесті. Біз саяхатқа бардық. Сен кешікпей кел. Сендер келесі бөлмеге барыңдар.
10-жаттығу. Жіктеу есімдіктерін қатыстырып сөйлем құрау.
Біз саяхатқа шықтық. Сіз ертең жиналысқа барасыз. Ол жұмыстан кеш келеді.
Өз бетінше жұмыс. (С деңгейі) 13-жаттығу. Сөйлемдерді оқу. Қайталанып келген сөздің бірінің орнына тиісті есімдікті қойып, көшіріп жазу.
14-жаттығу. Сөздерді топтастыру. Неліктен солай топтастырғаныңды дәлелдеу.
Зат есім
|
Сын есім
|
етістік
|
Есімдік
|
Орман, алаша, ылғал, үй
|
Қоңыр, адал, таза, жақсы
|
Тыңдады, оқыды, кірісті, қатысты,тұрады,
|
Бұл, мен ,әркім, сіз, ол, барлық, біз
|
15-жаттығу. Жұмбақты оқы, шешуін табу. Есімдіктерді табу. Олардың қайсысы жіктеу есімдігі?Шешуі: аққу. Есімдіктер: ол, өзін, ешкім
|
Сергіту сәті
|
Денені жаттықтыру жаттығуларын жасату
|
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
|
Ой толғаныс
|
16-жаттығу. Мақалды жатқа айту. Есімдікті табу. Осы мақалды тақырып етіп алып, әңгіме құрау. «Өз елің – алтын бесігің»
|
Үйге тапсырма
|
11,12-жаттығу, 178-179-бет.
|
Күнделіктеріне жазып алады
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |