Қолды иыққа қойып, алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз.
Оң қолды жоғары ұстап 1-2 дегенде артқа сермеп, 3-4 дегенде қолды ауыстырып артқа сермейміз.
Адымды кеңірек ашып, әр адым сайын денені оңға, солға бұрып жүреміз және қолды кеуде тұсына ұстаймыз.
Әр адым сайын, қолдың ұшын, аяқтың ұшына жеткіземіз.
Қолды белге қойып, аяқтың ұшымен, өкше-мен, сыртымен, ішімен жүреміз.
Қолды белге қойып, жартылай отырып жүреміз.
Қолды тізеге қойып, толық отырып жүреміз.
Қолды жанға созып, шынтақты айналдыра-мыз.
Қолды бірге ұстап, кисті оңға, солға айнал-дырамыз.
Етбетінен жатып, қолды бүгіп, жазу. 10*2рет
Қолды алға созып, отырып тұру. 15*2рет.
30сек 30сек
30сек
30сек 40сек 20сек 20сек
20сек 20сек 1мин
1мин
Жаттығуларды дұ-рыс істеуін қад/у.
Қолды түзу ұстау-ын қадағалау. Денені дұрыс бұруын қадағалау. Тізені бүкпеуін қадағалау.
Дұрыс жүруін қадағалау.
Денені түзу ұстау-ын қадағалау.
Жаттығуларды дұрыс орындауын қадағалау.
Сапты бұзбауын қадағалау.
Денені түзу ұстау-ын қадағалау.
ІІІ
Негізгі бөлім.
Оқушыларды екі қатарға тұрғызып, бірінші тұрған оқушылар 15м-ге дейін допты алып жүреді де, тоқтап. Екінші тұрған оқушыға пас беріп, өздері орындарына дейін қатты жылдамдықпен жүгіріп барады. (ұл.)
Осы тәсілмен жаттығулар орындалады. Допты аяқтың үстімен алып жүріп, пасты аяқтың ішімен жерлетіп береміз.
Допты оң аяқтың үстімен 2рет сол аяқ-тың үстімен 2рет алып жүріп, пасты аяқтың үстімен (падъеммен) береміз.
Екі жақты ойын (футбол).
Қыздарға пионербол ойынын үйрету. Допты ұстау.
Допты лақтыру.
Екі жақты ойын (пионербол).
25мин
5мин 5мин
15мин
Ұлдар допты дұрыс алып жүруін, пас беруін және тоқта-туын қадағалау. Қыздар допты дұ-рыс лақтыруын, ұстауын, жаттығу-ларды дұрыс істеуін және шуламауын қадағалау керек.
ІV
Қорытынды бөлім.
Оқушыларды сапқа тұрғызып. Организмді бастапқы қалыпқа келтіруге арналған, жаттығулар жасату.
Сабақты қорытындылау және бағалау.
Үйге тапсырма. Денені көтеру, жүгіру, секі-ру, кермеге тартылу және дене жаттығулары.