Сабақ реті: Тақырыбы: Хром оның қосылыстары. Мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі53,12 Kb.
#30642
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пәні: Химия Сыныбы: 10«А»

Мерзімі: 28.02.15ж. Сабақ реті:

Тақырыбы:Хром оның қосылыстары.

Мақсаты:

Білімділік: Хромның периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғатта таралуы және қасиеттерімен таныстыру. Маңызды қосылыстары және олардың қолданылуы туралы түсінік беру.

Дамытушылық:

  • d-элементтер туралы алған білімдерін дамытып, кеңейту;

  • өткен материалды қорытындылауға және жүйелеуге үйрету;

  • мыс және мырыш, хром туралы білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету;

  • Есеп шығара білу білігін қалыптастыру;

Тәрбиелік:

Көрнекілігі: Электронды оқулық. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары,Хром, хром құймалары. Карточкалар т.б.

Пәнаралық байланыс: Физика, биология, тарих, математика.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі.

Әдіс-тәсілі: Түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап, жаттығулар орындау, есептер шығару т.б.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгелдеп , назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасы бойынша қойылатын сұрақтар:



  • Мырыштың физикалық қасиетін сипаттаңдар.

  • Мырыштың химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазып, түсіндіріңдер.

  • Мырыштың маңызды қосылыстары туралы айтыңдар.

Үйге берілген есепті тексеру.

Рефератты талқылау.

№6,7 есептерді шығару.

№6 есеп.


Бер: m( құйма)= 30г Шешуі:

V(Н2) = 4,4л(қ.ж) Х 4,4л

Zn + H2SO4 = ZnSO4 + H2

Т/к: w(Zn) 65г 22,4л

Х= 12,8г

W(Zn) = 12.8 : 30 = 0,43=43%. Ж: 43%



ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау. (кесте толтыру)






Электрондық формуласы, т.д, валенттігі

Химиялық қасиеттері

Маңызды қосылыстары

1

Мыс










2

Мырыш










ІҮ. Жаңа сабақ.

Хром-ҮІ Б топтың элементі. Оның электрондық формуласы:

Сr +24 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d5 4s1

Графиктік формуласы:

Тотығу дәрежесі: +1-ден +6 –ға дейін.

Табиғатта таралуы. Жер қыртысындағы жалпы мөлшері -0,03%. Хром әртүрлі минералдардың құрамына кіреді.



Алынуы: Хромды теміртасты көмірмен қатты қыздырып алады.

FeO*Cr2O3 + 4C = 2Cr + Fe + 4 CO

Хромның темірмен құймасы – феррохром

Таза хромды алу

Cr2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Cr

Химиялық қасиеттері:

Хромның беті мөлдір оксид қабыршақпен қапталған.Сондықтан химиялық тұрақты.

4Cr + 3O2 = 2Cr2O3 жанады

2Cr + 3Cl2 = 2CrCl3 шабытты әрекеттеседі

2Cr + 3H2O = Cr2O3 + 3H2 су буымен әрекеттеседі

2Cr + N2 = 2CrN азотпен әрекеттеседі

2Cr + 3H2SO4 = Cr2(SO4)3 + 3H2

Хром қосылыстары:



Cr+2

Cr+3

Cr+6

CrO-негіздік оксид

Cr2O3-екідайлы оксид

CrO3-қышқылдық оксид

Cr(OH)2-негіз

Cr(OH)3- екідайлы

H2CrO4-хром қышқылы







H2Cr2O7-дихром қышқылы










Хром қосылыстарын анықтау:

Барлық хром тұздарының ерітінділерінің түсі бар: Cr+2-көгілдір түсті, Cr+3-жасыл күлгін, CrO42—сары , Cr2O72—қызыл сары.



Қолданылуы:

  • легирлеуші элемент;

  • болаттарға қосады;

  • қаптамалар жасау үшін;

  • бояулар дайындауда;

  • тері илеуде.

Ү. Бекіту.Хром – ең қатты металл, ауада қорғаныш қабықшамен қапталған. Жемірілуге тұрақты. Қыздырғанда химиялық реакцияға түседі.

ҮІ. Үйге тапсырма. § 7.4. №4,5 жаттығулар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет