V. Тапсырма: Мәселені талдау. Оқушылар енді өз қалауы бойынша немесе мұғалімнің бөліп беруімен жіктелген бір проблеманы алады. Мысалы
І топ – Экологиялық II топ - Саяси: IIIтоп - Әлеуметтік: IVтоп - Экономикалық:
Vтоп - Табиғи-апаттық Топтар проблеманың түрлеріне аргумент келтіріп талдайды. және шешудің бір жолын ұсынады.
Дескриптор
Проблеманың түрлерін атай алады
Проблеманың түрлеріне аргумент келтіреді.
Проблеманы шешудің бір жолын ұсынады
Бағалау критерийі: Проблеманы талдап, шешу жолын ұсына алады.
Бағалау. Оқушылар жұмыстарын қояды. «Станция» әдісімен жүріп жұмыспен танысады да, бағалайды. Әр оқушы бір ғана жұмысқа дауыс беруге құқылы.
Саралау тапсырмасы:егер жоғарыдағы тапсырмаларды оқушылар тез орындап койса немесе сыныпта дарынды оқушылар болса берілетін тапсырма:
Ғаламдық проблемаларды шешетін мемлекеттік органдар, олардың жұмысына нақты аргумент келтіріңіз
Егер сен мемлекет президенті болсаң ғаламдық проблеманың бірін шешу үшін жұмысты неден бастар едің?
Дескриптор:
Ғаламдық проблеманы шешуге ықпал жасайтын мемлекеттік органды анықтаған
Оның жұмысын аргументтермен талдаған.
Іскер адамның жұмысына баға берген
« Ыстық орындық» ойынымен талдау жүргізеді. Жолдастары бағалайды