Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер»



бет2/4
Дата12.09.2020
өлшемі22,3 Kb.
#63717
түріСабақ
1   2   3   4
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың сабаққа даярлығын қадағалау.

2.Сабақтың ерекшелігімен тансытыру.

3.Бағалау парағын тарату.

4.Қонақтармен сәлемдесу

Үлкеге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сіздерге бас иіп,

Сәлем бердік біз!

Оқушылар бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ.Біз бүгін өзімізді « жас жазушылар одағының мүшелері»-деп ойлайық.Сонымен іске сәт ,«жас жазушылар!»Бұл одақтың жетекшісі мен Ильясова Гульбаршын Аяпбергенқызы.



Сабақтың ережесі:

1.Тыныштық сақтау

2.Сабаққа белсене араласу

3.Сабақта берілген жауаптарды қайталамау

4.Сабақ барысында өз нұсқаңды ұсыну

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Үйге берілген тапсыманы тексеру

2.Оқушылар дайындаған эссені оқыту,талдау.

ІІІ.Мағынаны тану. Ой шақыру

қарсыласпау амандасу


Сыйластық

рұқсат сұрау орын беру
құрметтеу алдын кеспеу сыйлау
Сонымен оқушылар демек біздің бүгінгі жүргізетін жұмысымызға арқау болатын бұл ата-анаға құрмет- сыйлау болмақ.

ІҮ. Жаңа сабақ

1.«Атаңа не қылсаң,алдыңа сол келер» -мақалына талдау жасау (оқушы пікірі)

2.Мәтіннің бірінші бөлігін оқу,талдау

3.Мұғалім рафт әдісі бойынша оқушылардың оқулығын жапқызып қойып интериактивтік тақта арқылы оқулықта берілген аңыздың бірінші бөлігін ұсынады.



Ескерту!

1.Аңыз деген не?

Аңыз –дегеніміз халық ауыз әдебиетіне жатады.Аңыз тарихта болған адамның басына құрылған шығарма.Адамның басында өткен жайттар мен қиял-ғажайып араласып келеді.

Демек аңыз ауыз әдебиеті болғандықтан біз оған өз қиял-ғажайып пікрімізді еңгізуімізге болады. Онда......



1-тапсырма

Ертеде бір елдің ханы: «Қартайған әкелерін балалары биік құздан құлатып өлтірсін!» деген жарлық беріпті.Халық осы жарлықты орындапты.Бір жас жігіт өзінің әкесін құз басына әкеліп,итеруге дайындала бергенде әкесі күліпті.Бала таңданып, «Әке неге күлесің?» деп сұрайды.

Сонда әкесі:..................

4.Оқушылардың нұсқалары тыңдалады.

5. Мұғалім рафт әдісі бойынша оқушылардың оқулығын жапқызып қойып интериактивтік тақта арқылы оқулықта берілген аңыздың екінші бөлігін ұсынады.

2-тапсырма

Сонда әкесі: «Мен де сен сияқты осыдан көп жыл бұрын әкемді құздан итеріп едім.Міне ,енді өзімнің басыма сол келген соң күлемін» депті.

Мұны естіген баласы...............................

6.Оқушылардың нұсқалары тыңдалады.

5. Мұғалім рафт әдісі бойынша оқушылардың оқулығын жапқызып қойып интериактивтік тақта арқылы оқулықта берілген аңыздың үшінші бөлігін ұсынады.

3-тапсырма:

Мұны естіген баласы әкесін өлтірмей,ханнан жасырып бағыпты.Кейін елі бір қиындыққа ұшырағанда хан халқын жинап ақыл сұраса,ешкім ақыл бере алмапты.

Сонда жігіт .........................

Сонда жігіт әкесіне келіп,не болғанын айтқанда,әкесі қиындықты жеңудің шеуін тауып береді.Сөйтіп ,елін аман сақтап қалады.Бұған риза болған хан қартайған адамдарды өлтірмей қайта олардан ақыл кеңес сұрап отыру керектігін заңдастырыпты

-Сонымен оқушылар ата-анамыздың алдында қандай міндеттеріміз бар деп ойлайсыңдар? (оқушы пікірі)

-ал ата-ананың баласының алдындағы міндеті ше? (оқушы пікірі)

Осы тақырыпқа ұқсас бұрын әңгімелер немесе жағдайларды өмірден кездестіріп,естіп көрдіңдер ме?

Ү.Дәптермен жұмыс:

1.Мәтінде кездескен мақалдарды дәптерге жазу,талдау (оқушы ойы)

Мұғалім ҚР республикасының жанұя,отбасына қатысты заңнамасы туралы айтып өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет