Қазақ халқының ауыз әдебеті мен мәдениеті ертеден дамығандығы белгілі. Бұл негізінен халықтың шаруашылығына байланысты дамып отырған. «Мәдениет» деген ұғымның аясы өте кең.Оны екіге бөлеміз.Рухани мәдениетке осы ауыз әдебиетіне жатқызамыз.
1-ші топ.Аңыздар,ертегілер,жоқтау,беташар осылардың анықтамасымен айтылу кезеңдері жайында баяндайды.
2-ші топ.Айтыс,қайым өлең.қара өлең,жар-жар, ауыз әдебиетінің салалары,олардың қолданылатын кезеңдері жайында баяндайды.
3-ші топ.Батырлар жыры, мақал -мәтелдер, жарапазан, жұмбақтардың шығу түрлерін айтады.Оқушылар жауап береді.
Сәйкестендіру тесті: Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетіндегі аңыз әңгімелер, батырлар жыры, салт дәстүрге байланысты , қара өлеңдерді сәйкестендіру Рухани мәдениет салаларына жататын ауыз әдебиетіндегі жырлар.
Ауыз әдебиетінің дамуындағы маңызды рөлді атқаратын салалардың бірі –жырлар. Осы жырдың шығуы, оны өкілдері жайында мұғалім баяндап түсіндіреді.Қазақ халқының ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы рухани мәдениеті өткен замандар мәдениетімен,оны ең құнды дәстүлерімен сабақтас болды.ХҮ-ХҮІІ ғасырларда өмір кешкен ақын жыраулардың поэзияларынан халықтың ой-өрісін, салт-санасын, тілек-мақсатын, айқын аңғарамыз.Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын,келер ұрпаққа айтар өсиетін,мұң-мұқтажын,қайғы-қасіретін аша білді.Біз оны ХҮ-ХҮІІ ғасырда өмір сүрген қазақ даласының қоғамдық саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болған жыраулар Доспамбет.Сыпыр,Қазтуған,Асан Қайғы, Бұқар жырау толғауларынан байқап білеміз.Жыраулар тарихы жайында баяндалады. Келесі мәселе: «Қазақ халқының мәдениеті». Оның ішінде «Материалдық мәдениет» жайында айтылады.Көшпенділердің материалдық мәдениеті көші-қонға лайықтап жасалған.Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне қазақ халқының жасаған заттарынан байқауымызға болады.Қазақ халқында орта ғасырда дамыған шаруашылық түрлері:
1.Көшпелі мал шаруашылығы
2.Отырықшылық-егіншілік бұл негізінен оңтүстік өңірлерде дамыды. Қазақ халқы қосымша кәсіптермен айналысты.
2-ші топ.Қазақ халқының орта ғасырдағы баспанасы жайында айтады.
Жауабы:Киіз үй, төрт дөңгелекті арбалар, екі-үш қабатты күркелі арбалар т.б
3-ші топ. «Қазақтардың ұлттық тағамдары» туралы өз ойларыңды айтыңдар.
Жауабы:Ет, қазы-қарта, жал-жая, қымыз,қымыран, наурыз көже т.б Тарихпен әдебиеттің байланысы. Тарих бір рет қана жазылады, әдебиет халықтың өмірінің бейнесі бүгінгісі, кешегісі. Бүгінгісі ертеңгі өмірі жоқ халықтың тарихыда болмайды. Қазақ халқының әдебиеті мен тарихын егіз ұғым десекте болады. Ассасация әдісімен жұмыс.
Термин сөздерге шолу жасау ( фольклор, этномәдениет, миф)
Жаңа сабақты үш топқа сұрақтар беру арқылы пысықтау
1-ші топ.Қазақ халқының шығармашылық дәстүрлерін атаңдар?
2-ші топ.Ауыз әдебиетінің түрлерін атаңдар?
3-ші топ.Қазақ халқының мәдениетін атаңдар? Қорытындылау: Кестені толтыру: (білдім, білгім келеді, үйрендім) Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: «Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті» тақырыбы бойынша эссе жазу.