Тәрбиелік: Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, ұқыптылыққа, Office қосымшаларын басқа пәндерді оқығанда тиімді қолдана отырып, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.
II-кезең: Үй тапсырмасы. «Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауы бойынша топ 5 топқа бөлініп, әр топқа өз тақырыбы бойынша презентация жасап әкелу тапсырылған. Баяндамашылар кезек-кезек шығып үй тапсырмасы бойынша жұмыстарын қорғайды. Баяндамаға 4-5 минут уақыт беріледі. Болған соң басқа топ мүшелері, мұғалім (1-2 минут) баяндама жасап тұрған топқа сұрақ қойып, білімдерін тексере алады.
1 топ.Металдардағы электр тогы. Топ жетекшісі –Абдужалилов А. Топ мүшелері: Ахмедов М., Журабеков Д.