Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Графикалық режимде мәтін жазу тәсілі»



Дата04.07.2018
өлшемі286,74 Kb.
#46628
түріСабақ
Жаңаөзен мектеп гимназиясы

Математика, физика, информатика пәні бірлестігінің

«ХХІ ғасыр ̶ нақты ғылымдар ғасыры» атты апталығында информатика пәнінен 9 «А» сыныбында өткізілген

АШЫҚ САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: «Графикалық режимде мәтін жазу тәсілі»


Информатика пәні мұғалімі: Есетова М.Б.

2016-2017 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы:  «Графикалық режимде мәтін жазу тәсілі»

Сыныбы: 9 «а»

Сабақтың  мақсаты: 

  1. Білімділігі: оқушыларды Паскаль тілінің мүмкіндіктерімен таныстыру; графикалық объектілерді құру процедуралары және графикалық режимде  мәтін жазу процедуралары туралы толық мағлұмат беру;

  2. Дамытушылығы: графикалық режимде мәтін жазу процедуралары туралы толық мағлұмат бере отырып оқушылардың Паскаль  тіліндегі алған білімдерін дамыту; оқушылардың зейінін Паскаль программалау тілінің графикалық мүмкіндіктерін меңгеруге аудару, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  3. Тәрбиелігі: Паскаль программалау тілінің графикалық мүмкіндіктерін меңгерту арқылы оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдістері: СТО әдістері, жеке және топтық, «Жабық және ашық тест» әдістері

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, оқулық, слайд, интерактивті тақта, интернет желісі, таратпа материалдар

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, геометрия

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

  • Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, олардың көңілін сабаққа аудару

  • Оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатын түсіндіру

  • Оқушыларды топқа бөлу

Үйлестірме қағаздарда түрлі –түстермен берілген фигуралардың суреті болады (төртбұрыш, шеңбер). Төртбұрыш таңдаған оқушылар бір топқа, «Төртбұрыш» тобына топтасады, ал шеңбер таңдаған оқушылар екінші топқа, «Шеңбер» тобына топтасады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Карточкамен жұмыс» немесе «Жабық тест» әдісі
Аталған фигура және процедураларды программалау тіліне аударып (ағылшын тілінде) айтыңдар.

Топқа бөлінген түрлі – түсті фигураларының артында өткен тақырып бойынша бір−бір сұрақтар жазылған. Әр топ оқушылары соған жауап беруі керек. Барлығы 9 сұрақ, 1 сұраққа 1 ұпай. Жауап бере алмаған оқушының орнына келесі басқа оқушылар жауап беруге болады.



1. Графикалық режимді қосу операторы – Uses GraphABC;

2. Нүкте салу операторы – SetPixel (x,y);

3. Кесінді салу – Line (x1, y1, x2, y2);

4. Төртбұрыш – Rectangle (x1, y1, x2, y2);

5. Шеңбер – Circle (x, y, r);

6. Эллипс – Ellipse (x1, y1, x2, y2 );

7. Сызықтың қалыңдығы – SetPenWidth (n);

8. Сызықтың түсі – SetPenColor (clColor);

9. Тұйық ауданның түсі (фигуралардың ішкі түсі) – SetBrushColor (clColor)

ІІІ. Жаңа тақырып

Оқушыларға қосымша таратпа материал беремін.



Екі топқа жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беріледі.
1 –топ: Кез келген сурет салып, мәтін кірістіру (жаңа тақырыпты мысалмен түсіндіру)
2 –топ: Графикалық режимде мәтін жазу тәсілдері
Графикалық экранда мәтін жазу үшін мәтіндік тәсілдерді қолданамыз. Мәтін жазу тәсілдері экранға график түрінде шығарылатын бейнелерге түсінік беріп отырады. Ол TextOut тәсілі.

TextOut (x,y: integer, Text: string) тәсілдері арқылы берілген позициядан бастап, экранға мәтін жолын шығаруға болады. Мұндағы х,у – мәтін жазылатын жолдың алғашқы басталатын орнының координаталары, Text – мәтін, ол апостроф белгісінің ішіне жазылады. Мысалы, TextOut (50, 120, ‘9-сынып’).

SetFontColor (color) – бұл мәтіннің немесе қаріптің түсін беретін тәсіл.

SetFontSize (n) тәсілі мәтіннің (символдың) өлшемін орнатады.

SetFontName (name) – қаріптің атауын береді. Үнсіз келісім бойынша MS Sans Serif шрифты орнатылған. Танымал шрифт атаулары: Times, Arial, Courier New.

SetFontStyle (fs) тәсілі шығарылатын мәтіннің стилін орнатады. Қаріп стильдері төмендегі тұрақтылар бойынша беріледі:

fsNormal – қарапайым;

fsBold – қалыңдатылған;

fsItalic – курсив (көлбеу);

fsUnderline – асты сызылған

fsBoldItalic – қалыңдатылған көлбеу, және т.б.

Мысалы, тіктөртбұрыш ішіне «Жаңаөзен мектеп – гимназиясы. 9 «А» сынып» сөйлемін шығарайық.

Program synyp;

Uses GraphABC;

Begin

setBrushColor (clPurple);

rectangle (50,50,400,200);

SetFontColor (clWhite);

SetFontName ('Times');

SetFontSize (15);

SetFontStyle (fsBoldItalic);

TextOut (100,90, ' Жаңаөзен мектеп ̶ гимназиясы ');

TextOut (160,120, ' 9 "À" сынып ');

end.
ІҮ. Компьютермен жұмыс
1 – топ: Төртбұрыш, шеңбер, түзу сызықты пайдаланып оқулықтағы 85-беттегі сағатты салу, мәтін енгізу. (5 ұпай)

2 – топ: Эллипс және түзу сызықты пайдаланып конфеттің суретін салу және мәтін енгізу. (5 ұпай)

Жұмыстарының қорытындыларын мұғалімге көрсету.


Ү. Сабақты бекіту.

Сабақты бекіту мақсатында https://kahoot.it сайтынан 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы алынады. (10 ұпай)

ҮІ. Кері байланыс

Оқушылардың бүгінгі сабақта нені меңгергендерін толтырады.





ҮІІ. Сабақты қорытындылау, бағалау (4 мин)

Сабақ соңында бүгінгі өткен тақырып бойынша, оқушылар паскаль тілінде қалай суретке мәтін енгізуге болатындығын меңгеріп шығады.



Оқушыларды топ басшысы бағалау парағына ұпайларын жазып отырады. Сол бойынша бағаларын шығару

Бағалау парағы


р\с

Аты − жөні

Үй тапсырмасы

Практикалық жұмыс

Тест жұмысы (қорытындылау)

Бағасы

1
















2
















3
















4
















ҮІІІ. Үйге тапсырма (1 мин)

  1. § 8 «Графикалық процедуралар мен функциялар. Графикалық режимде мәтін жазу тәсілі» тақырыбын оқу.

  2. Мәтіні бар кез келген сурет салып, программасын жазу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет