Сабақ Сабақтың тақырыбы Сан есім Жалпы мақсаты



Дата22.06.2017
өлшемі73,85 Kb.
#19841
түріСабақ
Қ ы с қ а м е р з і м д і ж о с п а р ы


Апта

Күні:

Сабақ

Сабақтың тақырыбы

Сан есім

Жалпы мақсаты

Сан есім туралы оқушы ұғымын мысалдар арқылы терең меңгерту, реттік, дара, күрделі түрлерін ажырату.

Күтілетін нәтижелер

А. Дұрыс шешім қабылдай білуге бағытталады;

В. Ой - өрістері кеңейеді;

С. Пікірлерін жеткізе алады;

Сабақ түрі

Жаңа сабақ.

Тапсырмалар

Топтық, жұптық, жеке тапсырмалар;

Керекті жабдықтар

Оқулық, сандар, симантикалық карта, слайдтар, бағалау парағы т.б.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Оқушылармен амандасу;

Психологиялық дайындық.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Бәрімізге жейтұғын,

Ең алдымен нан керек.

Көтеруге ел туын,

Қуат керек, әл керек!

Оқушылар топ ережесін шығарады.


Тұсаукесер

Үй тапсырмасын сұрау.

  • Үйге қандай тапсырма берілді?

«Иә», «Жоқ» сұрақтары

1.Етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі дейміз. +

2.Дара сын есім екі немесе одан да көп сөздерден жасалады. –

3.Келер шақ етістіктері іс – әрекеттің алдағы уақытта болатынын білдіреді. +

4.Етістіктің үш шағы болады. + 5.Көмектес септіктің сұрақтары кімнен?, неден?. -

6.Қазақ тілінде 7 септік бар. +

7.Мағыналары бір – біріне қарама – қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есім дейміз. +

8.Екі немесе одан да көп сөзден жасалған сын есімді күрделі сын есім дейміз. +


Ереже жаттау.

5 – жаттығу, 135 бет.

Сұрақтарға жауап береді.




Негізгі бөлім

Қызығушылықты ояту.

«Сандар сөйлейді» ойыны.

1 8 14 22

Жаңа сабақ.

-Бүгін ақпанның нешесі?

-Біз нешінші мектепте оқимыз?

-Нешінші сыныпта оқисыңдар?

-Біздің сыныпта неше оқушы бар?

-Мен сіздерге бір – біріне ұқсайтын қандай сұрақтар қойдым?

-Ал осы сұрақтарға жауап беретін сөз табын қалай атаймыз?



Сан есім.

-Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз Сан есім.

-Сан есім дегеніміз не?

-Сан есім туралы тағы не білеміз?



Құрылысына қарай

Құрамына қарай

Мағынасына қарай

1.Дара сан есім

1.Негізгі сан есім

1.Есептік

2.Күрделі сан есім

2.Туынды сан есім

2.Реттік







3.Жинақтық







4.Болжалдық







5.Топтау







6.Бөлшектік

Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын жазу.

Көркем жазу.

Жж әрпін жазғызу және ж әрпінен басталатын сан есімдер жазғызу.



Оқулықпен жұмыс.

1 – жаттығу

Өлеңді оқып, сұраққа жауап беру.

Сан есімдерді тауып, сұрақ қою.

Егіз, жалқы деген сөздерді қандай санмен ауыстырып айтуға болады?

Егіз, жалқы сөздеріне анықтама беру.

Қойды жасына қарай қалай атайтынын сұрап біл.

Қой туралы мағлұмат беру (қозы, тоқты, тұсақ, құнан қой).

2 – жаттығу.

Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жазу. Реттік сан есімдердің құрамындағы жұрнақтардың астын сызу.

-Ал енді «кім жылдам?» ойынын ойнап көрейік.

Жеті атаңды біл айдарымен

Септік деген патшаның 7 бірдей ұлы бар.

Апта күндері есіңде ме?

Әке -

Атау

Дүйсенбі

Атасы -

Ілік

Сейсенбі

Баласы -

Барыс

Сәрсенбі

Немересі -

Табыс

Бейсенбі

Шөбересі -

Жатыс

Жұма

Шөпшек -

Шығыс

Сенбі

Немене -

Көмектес

Жексенбі

3 – жаттығу.

Топтық тапсырмалар.

Сурет бойынша сөйлемдер құрастырып жазу.

Әр топқа әртүрлі суреттер беріледі.

Сол сөйлемдердегі сан есімдердің астын сызу. Оларға сұрақ қою.

І – топ: Қой.

ІІ – топ: Сиыр.

ІІІ – топ: Тауық.

ІV – топ: Үйрек.



Шығармашылық тапсырма.

Санамақ құрастыру.



Тү+1, к+2+лік, к+3+ік, 4+бұрыш, 5+ік, ж+6+р, 7+стік, 8+көз, 9+құмалақ, с+10+а.

5 – жаттығу.

Төмендегі сөздерге тиісті сөздерді тіркеп жазу. Сан есімнің астын сызу.

Бір шымшым тұз, бір жайым қамыр, бір шөкім бұлт, бір салым шай, бір асым ет, бір жұтым су, бір ұрттам айран, бір ауыз өлең. Халықтық өлшемдер шамамен айтылған.

Оқушылар сөз ойларын орта салып, сандарды сөйлетеді.


Сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар өз жауаптарын айтады.

Оқушылар өз жауаптарын айтады.

Жаттығуларды орындайды.

«Кім жылдам?» ойынына өз жауаптарын айтады.

Әр топ өз түсінгендерін айтады, сұрақтарға бірлесе отырып жауап беріп, сөйлемдер құрайды.

Тапсырманы орындайды.



Қортынды, бағалау

Бағалау өлшемі:

  1. Үй тапсырмасын орындауы – 2 ұпай

  2. Сұрақтарға жауап беруі – 3 ұпай

  3. Жаттығуларды орындауы – 3 ұпай

  4. Топ жұмысындағы белсенділігі – 2 ұпай.

Бекіту.

Кесте бойынша жұмыс жасау.

Мысал

Дара

Күрделі

Негізгі

Туынды

Реттік

Есептік

Жүз жиырма



















Бесінші



















Миллион



















Бес



















Алтау



















Жиырма



















Кестені толтыру.

Бүгін сабақта не үйрендік?

Сан есім туралы не білдік?


Сын есім

Сан есім
Венн диаграммасын қолдану.

Екі жұлдыз, бір ұсыныс.



Оқушылар өз жауаптарын айтады.

Рефлексия жазу.


Үйге тапсырма:

  1. Ереже жаттау.

  2. 4 – жаттығу, 136 бет.

№ 46 жалпы орта білім беретін мектебі



Ашық сабақ
Пәні: қазақ тілі.
Тақырыбы:

Сан есім.

4г сынып.


Өткізген: Куанышкалиева А.С.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет