Сергіту сәті: Би « Қара жорға »
Сонымен, модельдеу – бұл жаңа модельдерді жасаудың шығармашылық процесі.
Сарамандық жұмыс:
(жұмысты бастамас бұрын ТҚЕ еске түсіру мақсатында «Жалғасын » тап ойынын ойнаймыз . Ойынның шарты ТҚЕ- нің бір буынын мен айтамын жалғасын сіздер айтасыздар )
1. Технология сабағында санитарлық - гигиеналық талаптарды орындау үшін... ( алжапқыш пен орамал киюіміз керек.)
2. Қайшыны біреуге бергенде .... (тұқыл жағымен беру керек)
3. Желіммен жұмысты аяқтаған соң ..... (қақпағын жабуды ұмытпа)
4. Жұмыс аяқталған соң міндетті түрде .... (жұмыс орныңды жинап, мұғалімге тапсыр)
5. Бүгінгі сабаққа қажетті құрал - жабдықтар.... (түрлі түсті қағаз, қайшы, клей, тік белдемшенің үлгісі М1: 4)
Сабақтың практикалық бөлігі. Кіркспе нұсқау. Консрукциялы сызбаға өзгерістер енгізу арқылы белдемше модельін жасау.
Модельдеу бөлшектерге өзгерістер негізу әдістері көрсетілген нұсқаулық карта бойынша орындалады.
Жаңа материалды пысықтау.
1. Модельдеу дегеніміз не?
2. Модельдеудің қандай түрлерін білесіңдер?
3. Белдемше бөлшектерін ауыстыруға болатын сызықтарды атап шығыңдар.
Қортынды. Бұйым негізі сызылған сызбаны және қосымша модельдеу элементтерін пайдалана отырып, әр түрлі белдемше бұйымдарын тігуге болады.
Баға қою.
Үйге тапсырма беру. Эскиз бойынша белдемшенің негізгі сызбасын өзгерту
Қорытынды бөлім:
«V» - бұны мен бұрыннан білемін
«+» - мен үшін жаңа ақпарат
«- » - басқаша ойлайтынмын
«?» - маған бұл түсініксіз
Оқушы аты
Сұрақтар
|
|
|
|
|
|
|
|
Модельдеу - жаңа модельдегі киімдерді шығару, жаңа киімдерді ойлап табу.
|
|
|
|
|
|
|
|
Көркемдік модельдеу мен суретші- модельер айналысады.
|
|
|
|
|
|
|
|
Модельдеудің екі түрі бар:
Көркемдік
Техникалық
|
|
|
|
|
|
|
|
Техникалық модельдеу- бұл эскизден, суреттен, фото суреттерден модельдер жасау
|
|
|
|
|
|
|
|
Үйге тапсырма:
Бағалау:
Жұмыс орнын жинату:
Haute couture «от-кутюр» француздың сөзінен шыққан, «жоғары дәрежедегі тігу» деген мағынаны білдіреді.
Haute couture «от-кутюр» француздың сөзінен шыққан, «бастап – кутюр», «жоғары дәрежедегі тігу» деген мағынаны білдіреді. От-кутюрға арналған киімді тігу үшін он саусағынан өнер төгілген шебер тігінші болу жеткілікті емес, соған сәйкес сертификат та алу қажет. Алайда тек Францияның астанасы Париж қаласындағы әйгілі Сән үйлері ғана сертификат ала алады.
1968 жылы Haute couture үшін тігілетін киімдерге қойылатын талап бекітілді.
Біріншіден, киім hand made, яғни қолдан тігілген болу керек. Ол 150 сағат уақыт көлемінде жасалады.
Екіншіден, ерекше бұйымның материалы да ерекше, Haute couture үшін арнайы жасалған болу қажет. Демек, өте қымбат мата мен әшекей жұмсалады.
Үшіншіден, киімдерді дайындайтын сән үйінде кемінде жиырмадан астам қызметкер аянбай тер төгуі керек. Сондай-ақ олар жылына екі рет елу шақты сәннің үлгісін ұсынып отыруға тиіс.
ХІХ ғасырда өзінің сән көрсетілімдерінде модельдерді ең алғаш пайдаланған кутюрье Чарльз Фредерик Ворт. Оның еңбегін жалғастырған әріптестері Коко Шанель, Мадлен Вионне, Эльза Скиапарелли, Кристиан Диор майталман дизайнерлер төрткүл дүниеге әйгілі болды.
Haute couture бұйымдарының бағасы қандай?
Сән үйлері бұйымдарды арнайы тапсырыспен дайындайды, олардың бағасы жүз мың доллардың көлемінде болады. Мұндай бағалы бұйымдардың иесі екі-үш рет қана кигеннен кейін, ұрпағына мұра етіп қалдырады. Болмаса қымбат бағаға аукционда сатылады. Бұл киімдер 2030 жыл өткеннен кейін винтажға айналады.
Прет-а-порте
Әр жыл, әрбір маусым сайын дизайнерлер сән үлгілерін ұсынып жатады. Солардың бірі - прет-а-порте. Бұл француз тілінен алынған prеt-а-porter "дайын көйлек" деген мағынаны білдіреді.
Дәл осы сән көрсетілімін сән әлемінің майталмандарынан бастап, қарапайым халыққа дейін асыға күтеді. Себебі дизайнерлер стандартты өлшемге арнап, киімдер әзірлейді.
Бұл көрсетілім екі бағытта дайындалады: кәдімгі prеt-а-porter және prеt-а-porter de lux. Соңғысы өте қымбат, сапалы материалдан тігіледі. Оның бағасы біріншісіне қарағанда қымбатырақ болады. Алайда жаңалық десе ішкен асын жерге қоятын сәнқойлар үшін әйгілі дизайнердің қолынан шыққан бұйымға ақшасын шашу түк те емес.
Мұндай көрсетілім алғаш рет өткен ғасырдың 50 жылдарынан басталды. Осы күнге дейін жалғасын тауып келеді.
Біздің елімізде де prеt-а-porter, Haute couture және өзге де бағыттағы сән көрсетілімдері маусым сайын ұсынылады. Қазақстанның Куралай Нуркадилова, Аида Кауменова, Оксана Корби, А.Бапани, Балнур Асанова, Саида Азихан, Айгуль Касымова секілді дизайнерлері тек еліміз де ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де танымал.
Куралай Нуркадилова
|
Аида Кауменова
|
Оксана Корби
|
Балнур Асанова
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |