Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1 -сабақ Модульге кіру



бет3/17
Дата07.05.2017
өлшемі6,08 Mb.
#15732
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
V. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұның сұрақтар негізінде әңгімелеу.

2. 2-тапсырма. Сөйлемдер құрау, өзара сөйлесу.

3. 4-тапсырма. Берілген үлгілерді пайдаланып, ата-аналарына, достарына, мұғалімдеріне құттықтау жазу.


VI. Сабақты қорытындылау.
VII. Үй тапсырмасы. Ережелерді жаттау.

Кіріспе бөлімі

2-сабақ Сабақтың тақырыбы: Сыйлықтар

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.

Сөздік жұмысы. Сөздік

ынталандыру – поощрение

сый-сияпат - подарок

мүмкіндік - возможность

ілтипат - внимание

айналдыру - превратить

ықылас - желание

шын пейіл - от души

мейірімділік - доброта

талғам - здесь: вкус

қиял - мечта

тапқырлық - находчивость

1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сездік дәптерлеріне жазу.

2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру:

а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы;

б) оқушылардың тізбектеп оқуы.

3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.

4. Сөйлем құрау.


V. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын сұрақтар негізінде әңгімелеу.

Сұрақтар:

1. Адамдар түрлі мерекелерде, мерейтойларда неге ие болуды жақсы көреді?

2. Сыйлық беру неге жатады?

3. Сыйды тартуға қандай кезден үйрену керек?

4. Шын пейілден жасалған сыйлық қандай жақсы қасиеттерді туғызады?

2. 2-тапсырма. Сөйлемдер құрау, өзара сөйлесу.

1. Адамның жақсы міндеті бар.

2. Өмірде көп мүмкіндіктер әкелетін – қуаныш.

3. Шын пейілден жасаған сыйлық адамның бойында мейірімділік туғызады.
VI. Сабақты қорытындылау.

3. 4-тапсырма. Берілген үлгілерді пайдаланып, ата-аналарына, достарына, мұғалімдеріне құттықтау жазу.

- Мерекеңізбен құттықтаймын!

- Мерекеңіз құтты болсын!

- Туған күніңізбен құттықтаймын!

- Сізге табыс тілеймін!

- Отбасыңызға табыс тілеймін!

- Бақытты болыңыз!

- Еңбектегі табысыңызбен құттықтаймыз!

- Зор денсаулық тілеймін!


VII. Үй тапсырмасы. Ережелерді жаттау.

Сөйлесу бөлімі

3-сабақ Сабақтың тақырыбы: Сыйлық берілетін қуаныштар

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Сөйлемдердегі етістіктерден тұйық етістік жасау. Төмендегі берілген сұраққа жауап беру.



Үлгі: болмайды – болма - у (не істеу?)

Сұрақ: Қалай ойлайсыңдар, мерекеде, туған күнде қонақтар қандай сыйлықтар әкеледі?

2.2-тапсырма. «Сыйлық» мәтіні бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
Жеке-топтық жұмыс формасы

Құрал-жабдығы:

1. Бағалау парағы (1-қосымша).

2. Үш деңгейлі тапсырмалары бар парақ.

3. Жауап үлгілері. Жетондар (2-қосымша).
Ойынның жүру барысы

I нұсқа:


Бұл сабақта оқушылар өз білім деңгейіне қарай тап­сырмалар таңдай алады. Үстелде әр оқушының алдында үш деңгейдің барлық сұрақтары бар парақтар жатады (өр парақта 2-3 тапсырмадан).

Оқушылар деңгейді таңдайды:

• III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.

• II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.

• I деңгей (едәуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс.

Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес балдық жүйемен бағаланады.

Оқушыларға өздеріне тиісті деңгейді таңдап алуға уақыт беріледі (2-3 минут). I деңгейді таңдап алған бала­лар бөлек отырады (оларға көбірек уақыт беріледі). Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7-10 минут уақыт беріледі. Оқушылар екі-екіден оты­рады. II және III деңгей тапсырмаларын таңдап алғандар бір-біріне алдымен сұрақ бойынша жауап береді. Сосын мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне баға қояды.

Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады. I деңгейдің тапсырмасын алған оқушылардың

жауабын мұғалім өзі тексеріп, бағалайды. Бұдан әрі 2, 3-сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады.

Жұмыс аяқталған соң, II және III деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптастарына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді.



I деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады.

3. 3-тапсырманы орындау. Тұйық етістіктердің астын сызып, жалғауларын анықтау.


V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырмадағы сөйлемдердің мағынасын түсіндіру.

4-сабақ Сабақтың тақырыбы: Сыйлықты қай кезде береді?

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Берілген сұрақтарға сәйкес жауапта­рын тауып, диалог құру. Тұйық етістіктерді теріп жазу.



Сұрақ

Жауап

1. Сыйлықты қай кезде береді?

1. Туған күнге, мерекелерге, мерейтойларға, аттес­тат, диплом алуына, т.б.

2. Мұндай сыйлықтарды алдын ала беріп қоюдың қажеті бар ма?

2. Сыйлықты сол күні берген дұрыс.

3. Адамдарға өз кәсібінің төл мерекесінде сыйлықтар беріле ме?

3. Иә, ол артықтық етпейді

4. Сыйлықты жай күндерде ұсынуға бола ма?

4. Жай күндері құрмет белгісі ретінде ұсынуға бо­лады.

Сөздік:

Алдын ала – заранее

Кәсіп – профессия

Құрмет – уважение

Белгі - знак

2. 2-тапсырма. Сөйлемдердің мағынасын түсініп, көп нүктенің орнына сәйкес керекті жалғауларын қойып көшіру. Тұйық етістіктерді белгілеу.

Жауап үлгісі:

1. Сыйлықты қалай ұсынсаң, ол сондай әсер қалдырады.

2. Алыстағы адамға сыйлықты басқа кісіден беріп жіберуге болады.

3. Сыйлықпен бірге хат жолдап, құттықтау айтқан жөн.

4. Сыйлықты кешіктірмей жеткізу керек.

3. 3-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсыр­маларды орындау. Мәтінге ат қою.


Мәтін бойынша «Жеке-топтық» ойын жүргізу.

Сынып 3 адамнан топтарға бөлінеді. Тақырып мате­риалы бірнеше блоктарға бөлініп, әрқайсысына үш нұсқадағы тапсырма дайындалады. Бір сабақта әр оқушыға 4 тапсырмадан болса, жеткілікті (3 нұсқасы х4 =12 тап­сырма әр топқа). Мұнда III деңгей тапсырмаларын бермеген дұрыс. Жауаптары жеке парақтарда дайындалады. Тапсырмаларды бәрі орындайды, бір-біріне көмектеседі (мұғалімнен кеңес алуға болады). Бірінші тапсырманы орындап болған соң, команда оны үлгі бойынша тексереді, сосын 2, 3, 4-тапсырмаларды орындайды. Әр тапсырма бағаланып, нәтижесі бағалау парағына жазылып отыры­лады. Сабақ соңына барлық тапсырмаларға берген жауап­тарын қорыта келіп, әр оқушыға ортақ баға қойылады.



.

V. Сабақты қорытындылау.

4. 4-тапсырма. Берілген сөздердің ішінен достарына сыйлықтарды таңдап алу.



Қолшатыр, итмұрын (гүл), қобдиша, кітап, беторамал, бижутерия, білезік, фотоальбом, кәмпит, ойыншық

Мен досыма қолшатыр сыйлаймын.

Итмұрын емдік шөп.

Мен өзіммен бірге үнемі беторамал ұстап жүремін.

Менің әжемде әдемі білезік бар.

Менің өз суреттерім бар жеке фотоальбомым бар.


VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

5-сабақ Сабақтың тақырыбы: Сыйлық

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Сөйлемдерді түсініп жазып алу, есте сақтау. Тұйық етістіктердің жасалу жолдарын түсіндіру.

- Сыйлық талғамыңнан шықпаса да, ренжімеуге, күлімсіреп қабылдауға, рақмет айтуға тиістісің.

- Сыйлықтың бағасын сұрап, жұрттың көзінше пайдалы немесе пайдасыз екенін айтуға болмайды.

- Сыйлықты қайтып беру - әдепсіздік.

- Сыйлық әкелмеген қонаққа ренжімейді, оларға да басқалармен бірдей құрмет көрсету керек.



Сөздік:

Ренжімеу – не обижаться пайдалы – полезный

Күлімсіреу – улыбаться қайтып беру – возвращать

Тиісті – обязан әдепсіздік – невоспитанность

2. 2-тапсырма. Сөйлемдердің дұрыс, бұрысын анықтау.

1. Сыйлық қымбат болу керек. Бұрыс.

2. Сыйлықтың пайдалы болуы міндетті емес. Бұрыс.

3. Туысына, досына арнап өлең, ән сыйлауға болмайды. Бұрыс.


Кластер жасау:

Оқушылар қандай сыйлықтардың пайдалы, қандай сыйлықтардың пайдасыз екенін қағаз бетіне түсіріп, өз ойларын еркін жеткізуі керек. Ол үшін әр топтан оқушылар ортаға шығып, салған суреттері бойынша әңгімелеп беріп, өз пікірлерін білдіреді.


V. Сабақты қорытындылау. Автор орындығы әдісі:

«Сыйлық жасау» тақырыбына шағын эссе жазып, оқушылар өз ойларын жазады. Содан соң жазған оқушы ортадағы орындыққа отырып өзінің эссесін оқып береді. Оқушылар өздерін мұғалімнің орнына қойып, сезінеді. Осылайша келесі оқушы ортаға шығады.


VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. Суретте бейнеленген заттардың ішінен қайсысын досына сыйлайтыны ту­ралы әңгімелеу.

6-сабақ Сабақтың тақырыбы: Кімге не сыйлау керек?

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 2-тапсырма. «Баланың сыйлығы» мәтіні бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.

Сынып 3 адамнан бірнеше топқа бөлінеді. Тақырып материалы бірнеше блоктарға бөлініп, әрқайсысына үш нұсқадағы тапсырма дайындалады. Жауаптары және парақтарда дайындалады. Тапсырмаларды бәрі орындайды, бір-біріне көмектеседі (мұғалімнен кеңес алуға бо­лады). Бірінші тапсырманы орындап болған соң, ко­манда оны үлгі бойынша тексереді, сонан соң 2, 3, 4-тапсырмаларды орындайды. Әр тапсырма бағаланып, нәтижесі бағалау парағына жазылып отырылады. Сабақ соңына барлық тапсырмаларға берген жауаптарын қорыта келе, әр оқушыға ортақ баға қойылады.

ІІІ деңгей

1. Берілген сөз тіркестері бар сөйлемдерді тауып аударыңдар.

Ілтипат көрсетуге, сурет салуына, өлең жаттауына, ән үйренуіне, сыйлық жасамауы, сезімін білдіру.

2. Жоғарыдағы сөз тіркестерінен тұйық етістіктерді теріп жазып, үлгі негізінде талдаңдар.

Үлгі: көрсетуге – көрсет-у-ге (барыс септігінде).

ІІ деңгей

1. Баланың қасындағы адамдарға беретін сыйлығы қандай болу керек екенін айтып беріңдер.

2. Оқушының өз мұғаліміне бірдеңе сыйлауына бола ма? Қалай ойлайсыңдар? Өз пікірлеріңді жазбаша түрінде беріңдер.

І деңгей

Бір мереке күніне құттықтау тілектерін лепті сөйлемдерді пайдалана отырып жазыңдар.

2. 4-тапсырма. Сөздердің аудармасын табу. Дұрыс жауабы:

1. мейірімділік 1. доброта

2. мүмкіндік 2. возможность

3. сыйлық 3. подарок

4. мерейтой 4. юбилей

5. мереке 5. праздник

6. көрсету 6. показать

7. жаттау 7. выучить
V. Сабақты қорытындылау.

3. 1-тапсырма. Синоним сөздерді есте сақтау. Олардан сөйлем құрау.

1) Сыйлау, құрметтеу, қадірлеу, ардақтау, қасиеттеу, қастерлеу.

2) Сұлу, әдемі, әсем, көркем, көрнекті, ажарлы.


VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. Еңбек сабағында әлдебір қажетті затты немесе әшекейлі нәрсені жасауға болады. Сыйлыққа беретін қандай затты жасауға болатыны туралы шағын шығарма жазу.

7-сабақ Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Сыйлықты таңдау неге байланысты?

А. Жасқа В. Уақытқа C. Тұрмысқа D. талғамға

2. Түбір тұлғасы сақталмай біріккен сөзді табыңдар.

A. әуежай B. Қарлығаш C. Еламан D. Ақтөбе

3. Берілген құттықтаулардың қайсысы туған күнге қатысты екенін табыңдар.

A. Мерекеңіз құтты болсын!

B. Шаңырақтарың биік болсын!

C. Керегелерің кең болсын!

D) Жастан жасқа жете беріңіз!

4. Тұйық етістікті анықтаңдар.

A. ұнау B. Айтыс C. Жу D. қу

5. Берілген сөйлемді мағынасына қарай толықтырыңдар.



Сыйлық әкелмеген қонаққа... болмайды.

A. үйге кіруге B. ренжуге

C. құрмет көрсетуге D. басқалармен салыстыруға

6. Лепті сөйлемді табыңдар.

A. Жақыныңды жаралама. B. Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін.

C. Түу, тауда күн күркірегені қандай қорқынышты.

D. Не жазып жүрсіз.

7. Берілген сөйлемге тиісті кіріккен сөзді қойыңдар. Оның... туған күні.

А. Ертең В. Бүгін C. Кеше D. алдыңгүні

8. Берілген сөйлемге қандай тұйық етістікті қойғанда сыйлықты тарту мәні шығады? Сыйлықты....

A. сату B. Ұту C. бөлу D. сыйлау

9. Берілген лепті сөйлемнің жасалу жолын анықтаңдар. Қандай керемет сыйлық!

A. одағай сөз арқылы B. күшейткіш мәнді сөз арқылы

C. демеулік шылау арқылы D. интонация арқылы

10. Тұйық етістіктің жұрнағы жалғанғанда соңғы дыбысы өзгеріске ұшырайтын сөзді табыңдар.

A. тап B. Қал C. Сана D. жи


ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

  1. Зат есім болып кеткен тұйық етістіктерге мысал келтіріңдер.

  2. Өздерің білетін халықтардың сыйлық беру ғұрпын салыстырыңдар.

  3. Қалай ойлайсыңдар, сыйлықтың ақшалай берілгені дұрыс па?

  4. Қалтасына қарамай мырзалық көрсету дұрыс па?

  5. Көрсетуге, оқудан, сыйлауды, құрметтеуде деген тұйық етістіктерді өзара талдап, қандай септікте тұрғанын анықтаңдар.

  6. Сыйлықты таңдауда басқа да адамдардың пікіріне құлақ түру керек пе?


V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.





7-сынып Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы

Диктант «Теңге алу»

Жалпы мақсаттар

Сөйлем мүшелері , сөйлемдегі орны, тыныс белгілері бойынша диктант жүргізу. Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау. Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау. Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету.

Оқыту нәтижелері

Топта белсенділік көрсетуге тырысады; Теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады; пысықтауыштың күнделікті әрекетте кездесіп жүргенін біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады.

Негізгі идеялар

Диктант- сауаттылықты тексеру жұмысы, оқушылар жұмыстарының қалай бағаланатын біледі. Ұлттық ойындар туралы толық мәліметтермен танысу.

Дереккөздер,сілтемелер

Қазақ тілі «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы» М.С.Атабаева. 2002ж .

Ынтымақтастық атмосфера тудыру

Мұғалім жазбалары

Еркін әңгімелесу. Мектепке келе жатып нені байқадыңыздар? Ауа- райы қалай? Сен сыныпқа келгенде кімдер болды?

Тұсаукесер

Өтілген ережелер бойынша сұрақтар, диктант мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін бірігіп жасау. Мәтінге кіріспе сұрақтар беру. Ұлттық ойындар туралы айту.

Мағынаны тану

Ескіден жаңаға көшу, меңгеру қадамдары.

Теңге алу

Өте қызықты, жігітті сынайтын ойындардың бірі. Белгіленген ара-қашықтықта үш-төрт жерге шүберекке оралып, күміс немесе теңге тасталынады. Шабандоздар кезек алып тізбекке тұрады. Олар келген кезектерімен осы қашықтықта шауып келе жатып, ат үстінен еңкейе отырып, жолындағы түйілген шүберекті алуы керек. Осы кезде аттың басын тартып, тоқтатуға болмайды. Атты тоқтатып барып алынған шүберек есептелінбейді. Ойынды қызықтау үшін көрермендер күміс немесе теңгені бірнеше рет қайталап тігеді. Жердегі шүберекті алған шабандоз оның ішіндегісін өзіне қалдырады. Ойын осылайша жалғаса береді. (75 сөз)





Жазу кезеңі Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріне бір мысалдан келтіру.

Қосымша тапсырмалар

Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.

Ой толғаныс

Ұлттық ойындардың түрлерін ата?




Қайталау ережелері Бір сөзге фонетикалық талдау жасау, бір сөзді септеу.

Бағалау

Тексеріп, емле қателері мен пунктуациялық қателерін шартты белгімен көрсету.

Үйге тапсырма

Ережелерді қайталау

V МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: Мен досыма қандай сыйлықтар сыйлаймын?

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру Грамматикалық тақырып Лексикалық тақырып Бекіту. «Кімге не сыйлау керек?»

45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

Тіл дамыту

Жаттығуларды орындау



45

минут


3-сабақ

«Балаларға арналған сыйлықтар» мәтінінің мазмұны бойынша қорытынды жасау «Балаларға арналған ойыншықтар қандай болу керек?» Тірек сызбамен жұмыс

45 минут

4-сабақ

«Мен досыма қандай сыйлықтар беремін?» мәтінімен жұмыс Деңгейлік

тапсырмалармен жұмыс Жаттығуларды орындау



45 минут

5-сабақ

«Анама қандай сыйлық сыйлаймын?» мәтіні

Ы. Алтынсариннің елеңі

Жаттығу жұмыстары

Суретпен жұмыс



45 минут

6-сабақ

«Сыйлықты жасау дәстүрі» мәтіні

Сұрақтарға жауап беру

Диалог құру


45 минут

Қорытынды

7-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары

45 минут

Кіріспе бөлімі

1-сабақ Кімге не сыйлау керек?

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

Сөздік диктант. IV модульдегі берілген жаңа сөздерді теріп, сөздік диктантын жаздыру.

2. 2-тапсырма. Диалогті оқып, өзара сөйлесу.

3. 3-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсыр­маларды орындау.

«Әрқашанда орынды болатын сыйлықтар» мәтіні бо­йынша деңгейлік тапсырмаларды «Брейн-ринг» оқыта үйрету ойынның бірінші не екінші нұсқасы арқылы жүргізуге бо­лады.

I нұсқа:

Құрал-жабдығы:



1. Нөмірлері және атқаратын рөлі жазылған жетондар.

2. Тапсырмаларға арнап алты (төрт) бөлікке бөлінген кеспелер. Сандар жазылған кеспелер.

3. Сары («3» бағасы), жасыл («4» бағасы), қызыл («5» бағасы) түсті фишкалар және толықтыру жасағандарға берілетін көк түсті жарты фишкалар.

4. Үстелдердің сілтемесі.

5. Ортақ қосымша парағы.

6. Үш күрделілік деңгейіндегі тапсырмалар жазылған кеспелер: ойынның екінші нұсқасына мұндай кеспелер түрлі түсті көк, жасыл және сары түсті қатырма қағаздан жасалады.

7. Жауап үлгілері жазылған кеспелер.
Ойынның жүру барысы

Сынып 7(5) адамнан топтарға бөлінеді: мұнда 6(4) ойыншы және бір жүргізуші болады. Ойынға қатысушыларға нөмір жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басында отырады. Үстелдің үстінде үстелдің сілтемесі және 6(4) бөлікке бөлінген жаймалар; осы карталардың үстіне тапсырма жазылған кеспелер келесі ретпен қойылады: астында бірінші деңгейдің сұрақтары (3), оның үстіне екінші деңгейдің сұрақтары (2), ең үстіне үшінші деңгейдің сұрақтары (1). Әр бөлікке бір сұрақтан (А суретін қараңыз). Үстіңгі сұрақтарға дайындықсыз жауап беріледі («блиц-турнир»), екінші сұрақтарға дайындалуға 3-5 минут уақыт беріледі. Астыңғы сұрақтардың жауабы ең күрделі, оларға 7-10 минут уақыт беріледі. Жүргізуші жайманы жаяды. Мысалы, «2» саны түсті делік, яғни 2-нөмірлі ойыншы жауап береді. Егер жауап толық болса, ойыншыға фишка беріледі. Егер жауап толық болмаса, онда кез келген ойыншы оны толықтырып, жарты фишка даярланады, алайда олар әр түрлі болуы да мүмкін, онда ойын екінші нұсқасы бо­йынша жүргізіледі.







II нұсқа:

Екінші нұсқаның ерекшелігі: бөліктерге бөлінген әрбір кеспеге бір ғана тапсырма кеспесі (онда 1-2 сұрақтан) қойылады. Бір үстелге қызыл түсті кеспе, екіншісіне - көк, сонан соң сары, жасыл түсті кеспелер қойылады.

Топ қызыл үстелдегі тапсырманы орындаған соң, көк үстелге, одан соң жасыл және сары үстелдерге көшеді.

Дайындалуға міндетті түрде уақыт беріледі (5-7 минут).

Командалар бір уақытта ойнайды. Бір үстел басындағы ойынның уақыты немесе тиісті деңгей сұрақтарына жауап беру уақыты - 10-12 минут (әр ойыншыға 1,5-2 ми­нут есебінен). Ойын барысында әрбір ойыншы фишка алып отырады. Солардың санына және түсіне қарай баға қойылады. Сөйтіп бір ойында әр оқушы әр түрлі күрделілік деңгейіндегі 18-24 тапсырма орындайды.

4. 4-тапсырма. Дара сөздер мен күрделі (біріккен) сөздерді екі бағанға бөліп жазу. Мағыналарын анықтау. Біріккен сөздерден сөйлемдер құрау.

Сыйлық, Ботагөз, гүлдер, бәйшешек, бүгін, көкөніс, мереке, мерейтой, Екібастұз, кітап, жаздыгүні, өлең, лалагүл, шығарма, қыстыгүні, биыл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет