Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1 -сабақ Модульге кіру



бет6/17
Дата07.05.2017
өлшемі6,08 Mb.
#15732
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

4-сабақ Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.
I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Жаз деген не? Сұрақтың жауабын табыңдар.

A. қыстың жалғасы B. күздің басы C. көктемнің жалғасы D. қыстың ортасы

2. Туынды сын есімді сөзді табыңдар.

A. жазғы саяхат. B. биік тау. C. таза ayа. D. жақсы демалыс



3. Жазғы демалысты қайда өткіземіз?

A. мектепте. B. Класта C. атам мен әжемде D. партада

4. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңдар. Біз жазда саяхатқа....

A. түсеміз B. көреміз C. Шомыламыз D. шығамыз



5. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңдар. Біз жазда өзенге...

A. түсеміз B. көреміз C. Шомыламыз D. шығамыз



6. «Аухау-аухау» деп қай малды шақырамыз?

A. қойды B. Сиырды C. Түйені D. ешкіні



7. Жаз мезгіліне қатысы жоқ сөзді табыңдар.

А. Жайлау В. Гүл C. Боран D. ыстық



8. Күшейткіш үстеуді табыңдар.

A. ыстық B. Ыстықтау C. тым ыстық D. ыстығырақ

9. Қайсысы төрт түлік малға жатпайды?

A. піл B. Қой C. Түйе D. сиыр

10. Жазда болатын табиғат өзгерісін табыңдар.

A. қар жауып, боран болады B. қар еріп, күн жылиды

C. жапырақтар сарғайып, күн суиды D. айнала гүлдеп, күн ысиды
ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру.


  1. Жазғы демалыстың сендер үшін ерекшелігі қандай? Сипаттап беріңдер.

  2. Ата - әжелеріңе немесе жайлауға барғанда қандай малды көріп жүрсіңдер? Сипаттап беріңдер.

  3. Жазда қай жерде демалуды қалар едіңдер? Шағын мәтін құраңдар.

  4. Жылдың төрт мезгілінің қайсысы ұнайды?

  5. Жазда табиғатта қандай өзгерістер болады? Сипаттап беріңдер.


V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.


VII МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: Менің жазғы демалысым

Грамматикалық тақырыбы: Туынды сын есім. Күшейткіш үстеулер. Тәуелдік жалғау. Етістіктің еткен шағы. Туын­ды сөздердегі түбір мен қосымшаның үндесуі

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру

Грамматикалық

тақырып

Лексикалық тақырып Бекіту. «Менің жазғы демалысым»



45

минут


Сөйлесу

2-сабақ

«Жазғы демалысқа арналған

бағдарламалар» мәтіні Деңгейлік тапсырмалар Жаттығу орындау



45 минут

3-сабақ

«Табиғат аясында демалу» мәтіннің мазмұны бойынша жұмыс

Жаттығу жұмыстары



45 минут

4-сабақ

«Жазғы демалысты жоспарлау» мәтінімен жұмыс

Жаттығуларды орындау



45 минут

5-сабақ

«Жазғы демалысты кімдермен өткіздім?» мәтіні

Жаттығу жұмыстары



45 минут

6-сабақ

«Жаз мезгілі демалысқа қолайлы кез» мәтіні

Сұрақтарға жауап беру Фонетикалық талдау Суретпен жұмыс



45 минут

Қорытынды

7-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары

45 минут



Кіріспе бөлімі

1-сабақ Туынды сын есім. Күшейткіш үстеулер.

Тәуелдік жалғау. Етістіктің еткен шағы.

Туын­ды сөздердегі түбір мен қосымшаның үндесуі.

Менің жазғы демалысым

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.












1. Басқа сөз табынан жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім деп атаймыз. Мысалы: кеш-кі, жаз-ғы, өнерлі, т.б. Туынды сын есімдер жоғарыдағы кестеде берілген жұрнақтар арқылы есім сөздерден де, етістіктерден де жасалады. Мысалы: жазғы, өнерлі сияқты сын есімдердің түбірі зат есім болса, ауыспалы, білгіш деген сын есімдердің түбірі етістіктер.

2. Күшейткіш үстеу сынның не қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп, я солғындатып көрсетеді. Мысалы: ең жақсы, әбден шаршаған, т.б.

Сұрақтары: қалай? қандай?



3. Тәуелдік жалғау заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді екенін білдіреді. Тәуелденетін зат 3 жақтың біріне меншікті болып тұрады. Мысалы: кітабым, сыныбың, т.б.

4. Өткен шақ сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болған іс-әрекетті білдіреді. Оның 3 түрі бар: жедел еткен шақ, бұрынғы еткен шақ, ауыспалы еткен шақ. Жедел өткен шақ қимылдың таяу уақытта болғандығын білдіріп, етістік түбіріне -ды, -ді, -ты, -тi жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

Мысалы: келдік, сөйлестік, т.б. Бұрынғы еткен шақ біраз уақыт бұрын болған іс-әрекетті білдіреді. Мысалы: барғанбыз, айтыпты, т.б. Ауыспалы еткен шақ

сөйлеп тұрған уақытқа дейін дағдылы болып тұрған іс-қимылды білдіреді. Мысалы: баратын едік, еске алатын еді, т.б.

5. Туынды сөздер сөздің ең бастапқы бөлшегіне жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. Туынды сөздердегі түбір мен қосымшаның үндесуі түбірдің құрамындағы дауысты дыбыстардың жуан-жіңішкелігіне қарай орналасады. Мысалы: орман-ды, біл-ім, айт-ыс, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет