Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1 -сабақ Модульге кіру



бет9/17
Дата07.05.2017
өлшемі6,08 Mb.
#15732
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

V. Бекіту.

1. Сөздік жұмысы.

1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу.

2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы.

3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.

4. Сөйлемдер құрау.

Сөздік жұмысын сөздік диктант ретінде де өткізуге болады.

Сөздік диктанты оқушыларға жеке сөздердің мағынасын терең түсіндіру үшін жазылады. Бұл диктант үшін мұғалім мәтін таңдайды, онда оқушыларға орфографиялық немесе фонетикалық жағынан ауырлық келтіріп жүрген сөздерге ерекше назар аударылады. Сөздік диктантын жаздырудың түрлі әдістері (көру, есту, түсіндірме, әңгіме, есте сақтау) бар. Сөздік диктантын күнделікті сабақта 5-8 минут уақыт бөліп еткізуге де болады.

(Диктанттар жинағынан)

Сөздік:

қалмау - не отставать ерекшеліктер - особенности

жеткіліксіз – недостаточно кию - одевать

санасу – считаться қалай болса солай - как попало

салақ – неопрятно қарапайым - простой

қолайлы - удобный жарасымды - подходящий


2. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жа­уап беру.

Сұрақтар:

1) Киім киерде адамның жас ерекшеліктерімен санасу керек пе?



2) Түнгі киімге не жатады?

3) Үйде киетін киім қандай болуы керек?
3. 4-тапсырма. Берілген тұйық етістіктерді шартты, ашық райларға қойып, жасалу жолдарын түсіндіру.

Үлгі: ұйықтау - ұйықта+са (шартты рай).


4. 5-тапсырма. Берілген сызба бойынша әңгіме құрау. Мәтінге ат қою.
VI. Сабақты қорытындылау.

6-тапсырма. Киімге байланысты мақал-мәтелдерді түсіндіру



  1. Киім ауыр болмайды,

Азық ауыр болмайды,

Ақыл ауыр болмайды.




  1. Ескі киімді баптағаның,

Жаңа киімді сақтағаның.


  1. Екі аяқ бір етікке сыймайды.

4. Ескі киім – жаңа киімнің қорғаушысы.



VII. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. Синоним сөздерді жазып алып, есте сақтау.



Сөйлесу бөлімі

2-сабақ Күндізгі киім

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Диалогті түсініп оқып, өзара сөйлесу.


3. 4-тапсырма. «Жұмыс киімі» мәтіні бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.

Сөздік:

Ыңғайлы – удобный өткізу – пропускать

Зерттеулер – исследования қабілет – способность

Нашарлау – ухудшаться желді – ветреный

Сақтау – сохранить қысу – жать

ІІІ деңгей

1. Келесі сұрақтарға жауап беріңдер: Жұмыс киімі қандай болуы керек?

Зерттеулер нені көрсетеді?

2. Мәтіннен етістіктерді теріп, райларын ажыратыңдар.



ІІ деңгей

1. Сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырып жазыңдар.

1) Жұмыс киімі ... (қандай?) болуға тиіс.

2) Жұмыс істегенде дене мен киім арасындағы температура ... (қандай?) болғаны дұрыс.

3) Желді жерде жұмыс істегенде киім ... (неден?) тігілуі тиіс.

4) Тоқыма киімдер ... (нені?) ... (қалай?) сақтап тұрады.

5) Аяқ киім ... (қандай?) болуы керек.

2. берілген етістіктерді райлардың басқа түрлеріне қойыңдар.

Үлгі: болады – болса, болды.

Болады, көрсетеді, нашарлайды, сақтайды.



І деңгей

Өздеріңнің жұмысқа киетін киімдеріңе сипаттама беріңдер. Қыста, жазда қандай киім киетіндеріңді әңгімелеңдер.


V. Сабақты қорытындылау.

2. 2-тапсырма. Сөйлемдерді түсініп оқып, аяқтау.



Жауап үлгісі:

1) Көшеге күндіз шықсам, кеудеше (белдемше, шалбар, костюм) киемін.



2) Таңертең тұрсам, халат киемін.

3) Үй ішіндегі жұмыстарды істегім келсе, жұмыс киімін киемін.


VI. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. Сөйлемдердегі етістіктер қандай райда қолданылып тұрғанын анықтау.


3-сабақ Спорт киімі

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың, мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Сөйлемдерді түсініп оқып, жазып алу. Тұйық етістіктердің жалғауларын анықтау.

Тапсырманы өздік диктант түрінде де өткізуге болады. Өздік диктантын оқушылар мұғалімнің айтуымен емес, жатқа жазады. Оның бірнеше жолы бар:

1. Мәтін бірнеше рет оқылады. Содан кейін оқулықты жауып қойып, оқушылар оны жатқа жазады. Содан соң кітаппен салыстырылады.



2. Мұғалімнің өзі бірнеше рет оқып, содан кейін оқушылар жатқа жазады. Оқушылар түгел жазып болған соң, оқулықтағы мәтінмен салыстырылады.
3. 3-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу.

- Шаңғымен серуенге шыққанда қалай киіну керек?

- Тоқыма свитер, күртеше және жел өткізбейтін матадан жасалған шалбар киюге болады.

- Аяқ пен басқа не кию керек?

- Аяққа жүн шұлық, басқа тоқыма бөрік.

- Шаңғышының киіміне қойылатын басты талап қандай?

- Ол қимылдауға кедергі жасамайтын, ауа өткізетін, желден қорғайтын болуға тиіс. Шаңғы тепкенде былғары қолғап өте қолайлы.

- Сонымен шаңғымен серуенге шыққанда жылы киіну қажет пе?

- Иә, өйткені адам тоңбау керек.
4. 4-тапсырма. Сөйлемдердегі зат есімдерге тиісті жалғауларын қойын, жазып алу. Етістіктердің шақтарын анықтау.

Жауап үлгісі:

1. Теннисшілерге түгелдей ақ киім қию дәстүрге айналды.



2. Еркектер шолақ немесе ұзын шалбар, қысқа жең көйлек киеді.

3. Әйелдер шолақ шалбар немесе қысқа белдемше киеді.

4. Тенниске арналған аяқ киімнің ішінен шұлық киеді.
V. Сабақты қорытындылау.

2. 2-тапсырма. Мақалдың мағынасын түсіндіріп, орысша баламасымен танысу. Мақалды жаттау.

Адам көркі - шүберек, Дерево листья украшают,

Ағаш көркі - жапырақ. Человека - одежда.


VI. Үй тапсырмасы.

5-тапсырма. Волейбол, баскет­бол, футбол спорт түрлеріне арналған киім қандай болу керек? Сипаттап беру.



4-сабақ Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Б. Әділовтің мысалдарын түсініп оқып, рөлге бөліп орындау. Өз пікірлерін білдіру. Шартты райда тұрған етістіктерді құрамына қарай талдау.

Осы тапсырманы терме диктант ретінде де өткізуге болады.

Сол арқылы етістіктің шартты райын қамтып, оқушының білім деңгейін пысықтауға көмектеседі. Оқушыларға «Киімілгіш» мәтіні ұсынылып, тек шартты райда тұрған етістіктерді теріп жазуға тапсырма беріледі. Оқушылар көшіріп қана қоймай, олардың жасалу жолдарын түсіндіреді.


2. 2-тапсырма. Жоғарыда берілген мысалдар негізінде үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

1. Төменде берілген сөздердің аудармаларын табыңдар. Сөздерден сөз тіркестерін құраңдар.

Есік – дверь киімілгіш - вешалка

Қанағатсыз – неудовлетворенный күшті – сильный

Ілу - вешать құлау – упасть

2. Сөйлемдерді «Киімілгіш» мәтіні бойынша толықтырыңдар.

1) Есік жақстағы киімілгіш «бәрін маған іле берсе ...» ... .

2) Үйге көп қонақ ... .

3) Адамдар сырт киімдерін есік жақтағы киімілгішке ... .

4) Киімілгіш қисалаңдап, жалп етіп ... .

ІІ деңгей

1. Төмендегі шартты райда тұрған етістіктерден тұйық етістік жасаңдар.

Болсаң, берсе, ілсе.

2. Б.Әбілов мысалдарының мазмұнын айтып беріңдер.



І деңгей

Берілген мысалдарда адамдардың қандай қасиеттері туралы айтылғанын анықтаңдар.


V. Сабақты қорытындылау.

«Соқыр бәтеңке» мәтіні бойын­ша сұрақтарға жауап беру.



Сұрақтар:

1. Жұп бәтеңкенің мінезі қандай болды?

2. Сол аяқтың бәтеңкесі өзін өзі қалай көрсетті?

3. Оң аяқтың бәтеңкесінің сөзіне қалай жауап берді?

4. Оң аяқтың бәтеңкесі неге көпке шыдамады?

5. Иесі бәтеңкелерді не істеді?


VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. Мазмұндама жазу
5-сабақ Жолға шыққанда киетін киім

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1.1-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырма­ларды орындау.

Құрал-жабдығы:

1. Бағалау парағы.

2. Үш күрделілік деңгейдегі тапсырмалары бар парақ.

3. Жауап үлгілері. Жетондар.

Ойынның жүру барысы

Бұл сабақта оқушылар өз даярлық деңгейіне қарай тапсырмалар таңдай алады. Әр оқушының алдында үш деңгейлі барлық сұрақтар бар парақтар жатыр (өр парақта 2-3 тапсырмадан).

Оқушылар деңгейді таңдайды:

• III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.

• II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.

• I деңгей (едәуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс.

Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес балдық жүйемен бағаланады.

Оқушыларға өздеріне тиісті деңгейді таңдап алуға уақыт беріледі (2-3 минут). I деңгейді таңдап алған бала­лар бөлек отырады (оларға көбірек уақыт беріледі). Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7-10 минут уақыт беріледі. Оқушылар екі-екіден оты­рады. II және III деңгей тапсырмаларын таңдап алғандар бір-біріне бірінші сұрақ бойынша жауап береді. Содан соң мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне баға қояды.

Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады. I деңгей тапсырмасын алған оқушылардың жауабын мұғалім өзі тексеріп бағалайды. Бұдан әрі 2, 3-сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады.

Жұмыс аяқталған соң, II және III деңгей тапсырма­ларымен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптастарына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді.

I деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады.
V. Сабақты қорытындылау.

2. 2-тапсырма. Сурет бойынша жоспар құрып, әңгіме жазу.


VI. Үй тапсырмасы.

3. 3-тапсырма. Сөйлемді көшіріп жазып, етістіктердің шақтарын анықтау.



6-сабақ Жастардың киімі

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. «Жастардың киімі» мәтіні бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.



Сөздік:

Жастар – молодежь үйлесу – соответствовать

Жарасымды – подходящий арзан – дешевый

Маңызды – значимо



ІІІ деңгей

1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) Қазіргі кезде жастардың киімі қандай болу керек?

2) Ол неге байланысты?

2. Мәтіндегі етістіктерді теріп, рай түрлеріне қойып жазыңдар.

ІІ деңгей

1. Мәтінді оқып, мазмұнына сәйкес келмейтін сөйлемді алып тастаңдар.

1) Жастарға арналған киімге ерекше назар аударылады.

2) Денені айқындап тұратын және қымбат маталар жастарға арналған.

3) Киімдер ыңғайлы және орынды қолданылатын болуы керек.

2. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, тұйық етістік формасына қойыңдар.



І деңгей

1. «Жастардың киімі қандай болу керек?» деген сауалға өз пікірлеріңді білдіріңдер.

2. Тұйық етістіктің жасалу жолдары мен емлесі туралы мәлімет беріңдер.
2. 2-тапсырма. Сөйлемдердің мазмұнын сақтап, қысқартып жазу (толықтыруға болады).

1. Ең алдымен, күнделікті киімнің жайын ойластырған жөн.

2. Сымбатты қыздарға спорттық кеудеше мен пуло­вер немесе күртешемен бірге шалбар қию жарасады.

3. Қыздың екі белдемшесі: біреуі - неғұрлым қалың матадан күнделікті киюге, жұқа матадан сәнге киюге арналып тігілген түрлері болуы керек.



4. Түсі мен өрнегі әр түрлі, арзан және оңай жуылатын матадан тігілген кеудеше, жүннен тоқылған свитерлер немесе күртешелер киім түрлерін байыта түседі.

5. Бас киімдерден тоқыма бөрік немесе капюшон жа­расымды.

6. 16-17 жасар қыздың мерекелік киім-кешегінде биік өкшелі аяқ киім де болуы мүмкін.

7. Қыздарға маржан тігілген моншақ, түйреуіш, қарапайым тасы бар жүзік сияқты әсемдік заттар жарасады.


3. 3-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесу.

- Жасөспірімге қандай киім кию керек?

- Спорттық үлгімен тігілген киім жарасымды.

- Күндіз қандай киім ыңғайлы?

- Жылдың мезгіліне қарай: жаз мезгілі болса, жеңіл футболка, қысқа шалбар немесе жейде мен жеңіл матадан тігілген шалбар. Ал қыс мезгілінде - қалың матадан тігілген шалбар мен жылы жейде.

V. Сабақты қорытындылау.

4. 4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеу.

Осы тапсырманы шығармашылық диктант негізінде де жүргізуге болады. Өз ойларын сауатты жазуға төселдіру үшін қолданылады. Өздерінің оқығандарынан мәтін I құрап, өз ойларын жазу талап етіледі.

VI. Үй тапсырмасы.

5. 5-тапсырма. Суреттерге сипаттама беру.



7-сабақ Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Берілген сөйлемдегі етістіктің райын анықтаңдар. Талғаммен киінгім келеді.

А. ашық рай В. қалау рай С. шартты рай D. бұйрық рай

2. Сырт киімді неге байланысты қию керек?

A. үйдегі ауа райына байланысты

B. қасыңдағы адамдарға байланысты

C. даланың ауа райына байланысты

D. қай жерге баратыныңа байланысты

3. Етістіктің райы нешеге бөлінеді?

A. 2 B. 3 C. 4 D. 5

4. Қандай киімдер адамды жасартып, ажар береді?

A. кене киімдер B. жаңа киімдер

C. үйде киетін киімдер D. спорттық киімдер

5. Жазғы киімдер қандай матадан тігілуі тиіс?

A. түрлі түсті жүн матадан B. қалың матадан

C. былғарыдан D. жеңіл маталардан

6. Ресми орындарға төмендегінің қайсысын киюге болмайды?

A. костюм B. көйлек C. шолақ шалбар D. белдемше

7. Қандай киімдер температураны барынша сақтап тұрады?

А. жібек матадан тігілген киімдер В. былғарыдан тігілген киімдер

C. тоқыма киімдер D. түрлі түсті жүннен тігілген киімдер

8. Берілген сөйлемдегі етістіктің райын анықтаңдар. Шаңғышылардың киімі қимылдауға кедергі жасамайтын, ауа өткізетін, желден қорғайтын болсын.

A. ашық рай B. қалау рай C. шартты рай D. бұйрық рай

9. Жоғарыда берілген «Сотқар бәтеңке» атты мәтін арқылы автор адамның қандай мінезін көрсеткісі кел­ген?

A. жағымпаздық B. жеккөрушілік C. өзімшілдік D. қатыгездік

10. Ұлттық киімге қайсысын жатқызуға болады?

A. галстук B. Костюм C. сәукеле D. халат-көйлек



ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

  1. Киім кигенде қандай ерекшеліктерді аңғару керек?

  2. Бұйрық райдың өтіну мақсатындағы жұмсалуын мысал арқылы дәлелдеңдер.

  3. Жұмыс киіміні күн сайын ауыстырып отыру қажет пе?

  4. Жұмысқа киетін аяқ киімді күнделікті өзгертіп отыру қажет пе?

  5. Киімнің түрлерінен өзіңе ұнайтынын сипаттап беріңдер.

  6. Үйге киетін киім қолайлы, әдемі, таза болса, жарасымды болар еді. Берілген сөйлемдегі етістіктің райын анықтаңдар.

  7. Мектептегі дене шынықтыру сабағына киетін спорттық киімдеріңе сипаттама беріңдер.

  8. Етістіктің райы дегеніміз не?

  9. Үш шақтың бірінде қолданылып тұрған райдың түрін анықта: киіндік, киініп отыр, киінбекшіміз.

  10. «Адам көркі шүберек» деген тақырыпқа шағын мәтін құраңдар.


V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.




7-сынып Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы

Диктант «Хат»

Жалпы мақсаттар

Етістіктің райлары, жұрнақ түрлері, тұйық етістік бойынша диктант жүргізу. Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау. Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау.

Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету.

Оқыту нәтижелері

Топта белсенділік көрсетуге тырысады; Теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады; пысықтауыштың күнделікті әрекетте кездесіп жүргенін біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады.

Негізгі идеялар

Диктант- сауаттылықты тексеру жұмысы, оқушылар жұмыстарының қалай бағаланатын біледі. Шымкент қаласы туралы толық мәліметтермен танысу.

Дереккөздер,сілтемелер

«Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы» 5-9 сыныптар.

М.С.Атабаева. 2002ж




Ынтымақтастық атмосфера тудыру

Мұғалім жазбалары

Еркін әңгімелесу. Мектепке келе жатып нені байқадыңыздар? Ауа- райы қалай? Сен сыныпқа келгенде кімдер болды?

Тұсаукесер

Өтілген ережелер бойынша сұрақтар, диктант мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін бірігіп жасау. Мәтінге кіріспе сұрақтар беру.

Емле ережелерін қайталау.

Мағынаны тану

Ескіден жаңаға көшу, меңгеру қадамдары.
Хат

Үлгерімімен де, тәртібімен де ерекше көзге түскен қызды бірге оқитын оқушылар ғана емес, мұғалімдер де сыйлаушы еді.

Бірде әдебиет пәнінің мұғалімі хат жазуды тапсырды.

Хаттың жазылу көркемдігіне қарап бағалайтындығын айтты. Сарықыз хатты кімге жазу керек екендігін әрі-беріден ойлап таба алмай-ақ қойды. Мұратәлі мен Керімбалаға жазар еді, олардың жаңа қоныстары қай жерде екенін де білмеді. Қыз әрі-сәрі күйде екі-үш күн жүрді. Кенет қыз хатты әкесіне жазғысы келді. Ақыры ол хатты әкесіне жазуға біржола ұйғарды да, сол туралы тәтті қиялға беріліп кетті.



(77 сөз)





Жазу кезеңі Бес сөзді құрамына қарай талдау.

Үш сөзге морфологиялық талдау жасау, бір сөзді септеу.

Қосымша тапсырмалар

Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.

Ой толғаныс

Кімге хат жолдар едің?

Үйг тапсырма:

Ережелерді қайталау.

Бағалау

Тексеріп, емле қателері мен пунктуациялық қателерін шартты белгімен көрсету.


XI МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: Ұлттық киім

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру Лексикалық тақырып Бекіту. «Ұлттық киім»

45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

«Сырт киімдер» мәтінімен жұмыс Суретпен жұмыс Жаттығуларды орындау

45 минут

3-сабақ

«Киімге қатысты тыйымдар» мәтіні Жаттығу жұмыстары

45 минут

4-сабақ

«Қазақтың ұлттық бас және аяқ киімдері»

Деңгейлік тапсырмалар

Жаттығуларды орындау


45 минут

5-сабақ

Тіл дамыту

Жаттығуларды орындау



45 минут

Қорытынды

6-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары



45 минут


Кіріспе бөлімі

65-1-сабақ Ұлттық киім

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Мақал-мәтелдермен танысып, мағынасын түсіндіру.

1. Жылы киім тәнді жылытар,

Жылы сөз жанды жылытар.

(Теплая одежда тело согревает, теплое слово - душу).

2. Киім кірі жуса кетеді,

Көңіл кірі айтса кетеді.

(Одежда очищается при стирке, душа – от задушевной беседы).


2. 2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеу.
4. 4-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсыр­маларды орындау.

ІІІ деңгей

1. Сөздер мен сөз тіркестерінің аудармаларын дұрыс табыңдар.

Қолайсыз – неудобный ыңғайлы – удобный

Қаһарлы – крепкий қорғану үшін – чтобы защититься

Жауын-шашын – дождь мал терісі – кожа животного

Күздің суығы – холод осени

2. Сөйлемдерді мәтін негізінде толықтырыңдар.

1) Қазақ халқының киімдері төзімді де ыңғайлы, қарапайым да әсем болған.

2) Қазақтың ұлттық киімдері туралы Сәбит Мұқанов айтқан.

3) Адамға ауа райының қолайсыз жағдайынан қорғану үшін және көріктілік үшін де киім қажет.

4) Қазақтар ішкі-сыртқы киімдерді жүріп-тұруға бөгет жасамайтындай етіп, ықшамдап тіккен.

ІІ деңгей

1. Қазақтың ұлттық киімдерінің жасалуы жөнінде С.Мұқанов не деген?

2. Қазіргі заманда қыстың қаһарлы аязында, жаздың ыстығында, күздің қара суығында адамдар қандай киім киетінін сипаттап беріңдер.

3. Төменде берілген тұйық етістіктерден қалау рай формасын жасаңдар.

Кию, алу, қорғану, пайдалану, тігу, жүру.

І деңгей

Қазақтың ұлттық киімдері туралы қосымша әдебиеттерден мәлімет жинап, реферат дайындаңдар.


V. Сабақты қорытындылау.

3.3-тапсырма. Тірек сызба негізінде «Киімдердің әлеуметтік дәрежесі» деген тақырыпқа әңгіме құрастыру.


VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

Сөйлесу бөлімі

2-сабақ Сырт киімдер

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. Сөздік жұмысы. Сөздік:

бағалау - ценить иық - плечо

құрмет - уважение сый - подарок

қатынас - отношение
2. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұның жазбаша әңгімелеу.

Шапан

Шапан қазақ халқының сыртқы киіміне жатады. Қазақтар шапанды аса бағалайды. Адамға «шапан кигізу», «иығына шапан жабу» - үлкен құрмет. Бұрындары хандар батыр, билерге дәреже бергенде соның белгісі ретінде арнайы тіктірткен шапанды олардың иығына жапқан, түрлі мемлекеттік қатынастарды бекіту белгісі ретінде де шапан жіберетін болған. Ханның өзі киген шапанын сыйға алу – қазақ халқында үлкен мәртебе. Қазақта ат мінгізіп, шапан жабу дәстүрі қазір де бар.


3. 2-тапсырма. Диалогті сұрақтармен толықтырып, өзара сөйлесу.

Жауап үлгісі:

- Шапан қандай киім?

- Қазақстан мен Орта Азия халықтарына тән ұлттық сырт киім.



- Ол неден тігіледі?

- Оны қалың матадан, арасына жүн, мақта салып тігеді.



- Шапанның қандай түрлері болады?

- Оның тік жағалысы және қайырма жағалысы болады.



- Шапанға қатысты қандай дәстүр бар?

- Шапанға қатысты дәстүр - оны сыйлы адамдарға, қонақтарға, үлкен кісілерге сыйлық ретінде береді.


V. Сабақты қорытындылау.

4. 3-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрау.

Қазақтың ұлттық киімдері өте сәнді және ыңғайлы. Үлкендер шапан, кимешек, шекпен, киген. Бастарына тақия, құлақшын, бөрік, кимешек, сәукеле, тымақ киген. Аяқтарына етік, шоңқайма етік киген. Әйелдер мен қыз-келіншектер бүрмелі көйлек, жеңіл көйлек киген.
VI. Үй тапсырмасы. 4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

3-сабақ Киімдерге қатысты тыйымдар

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Қазақтың бас киіміне қатысты тыйымдарын түсініп оқып, есте сақтау. Дәптерлеріне жа­зып алу. Ашық райда тұрған етістіктерді табу.



Бас киімге қатысты тыйымдар.

- Бас киімді іліп қояды, жерге тастамайды, астыға басып отырмайды.

- Жалаң бас ас-су әзірлемейді.

- Бас киімнің төбесін басып кимейді, оны айырбастамайды, ешкімге сыйламайды, сатпайды.

- Сыйлыққа киілмеген, жаңа бас киім алып беруге болады.

Сырт киімдерге қатысты тыйымдар.

- Киімнің жағасын баспайды.

- Киімді оң қолдан, оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан, сол қолдан бастап шешеді.

- Киімді желбегей жамылуға болмайды.

-Тозбаған киімді тастамайды.

Аяқ киімге қатысты тыйымдар.

- Аяқ киімді төңкеріп қоймайды.

- Аяқ киімді теріс кимейді.

- Қазақ аяқ киімнің табанына қарамайды, себебі аяқ киімнің баспайтын заты жоқ.

(М.Науанұлынан)

2. 2-тапсырма. Берілген сөйлемдерге сұрақтар құрау.



Тымақ

Жауап үлгісі:

1. Ол қандай бас киім болып саналады?

2. Бас киіммен не істеуге болмайды?

3. Қазақта тымаққа байланысты қандай дәстүр болған?

4. Біреуге бас ұрғанда не істеуге болмайды?

5. Тымақ тастап кешірім сұрау ненің белгісі?


V. Сабақты қорытындылау.

3.3-тапсырма. Сөйлемдердің екінші бөлігін мағынасына қарай тауып жазу.



1. Тақия -

2. Тақияны бір түсті матадан

3. Қыздар киетін тақиялар

4. Тақияға



1. дөңгелек, жеңіл бас киім.

2. дөңгелек төбелі етіп тігеді.

3. моншақ, асыл тастармен безендіріледі.

4. үкі тағылады.




VI. Үй тапсырмасы. Киімге қатысты тыйым сөздерді есте сақтау.

4-сабақ Қазақтың ұлттық бас киімдері мен аяқ киімдері

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Кесте бойынша үш деңгейлі тапсыр­маларды орындау.

Деңгейлік тапсырмаларды «Жеке-топтық» оқыта үйрету ойыны арқылы жүргізуге болады.

Құрал-жабдығы:

1. Бағалау парағы.

2. Үш деңгейлі тапсырмалары бар парақтар.

3. Жауап үлгілері.

Жетондар.

Ойынның жүру барысы

Бұл сабақта оқушылар өз даярлық деңгейіне қарай тапсырмалар таңдай алады. Әр оқушының алдында үш деңгейлі барлық сұрақтары бар парақтар жатады (әр парақта 2-3 тапсырмадан).

Оқушылар деңгейді таңдайды:

• III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.

• II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.

• I деңгей (едәуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс. Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес балдық жүйемен бағаланады.

Оқушыларға өздеріне тиісті деңгейді таңдап алуға уақыт беріледі (2-3 минут). I деңгейді тандап алған балалар бөлек отырады (оларға көбірек уақыт беріледі). Әрбір сұраққа не­месе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7-10 ми­нут уақыт беріледі. Оқушылар екі-екіден отырады. II және III деңгей тапсырмаларын таңдап алғандар бір-біріне бірінші сұрақ бойынша жауап береді. Содан соң, мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне баға қояды.

Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады. I деңгей тапсырмасын алған оқушылардың жауабын мұғалім өзі тексеріп, бағалайды. Бұдан әрі 2, 3-сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады.

Жұмыс аяқталған соң, II және III деңгей тапсырмалары­мен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптастарына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді.

I деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады.
V. Сабақты қорытындылау.

2. 2-тапсырма. Керекті жалғауларын қойып, көшіріп жазу.



Жауап үлгісі:

1) Қазақтың ұлттық аяқ киімдері табиғи былғарыдан тігілген.



2) Ою-өрнектермен әшекейленген.

3) Негізгі ою-өрнектер өсімдік, жануар тектес болған.



VI. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. «Қазақтың ұлттық бас киімдері мен аяқ киімдері» деген тақырыпқа шығарма жазу.




5-сабақ Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1.1-тапсырма. Б. Әділовтің мысалын оқып, мағынасын түсіндіру. Шартты райда тұрған етістікті тауып, қалай жасалғанын анықтау.



Аяқ киім

- Мен киімдердің ішіндегі ең жақсысымын, - деді Аяқ киім.

- Пшту! – деді Бешпент оған мұрнын шүйіріп. – Жақсы болсаң, есікте қалдырып кетпес еді.

Болсаңса-шартты рай жұрнағы; ң-жіктік жалғауының ІІ жағы.

Кетпес – с-шартты рай жұрнағы.
2. 2-тапсырма. Ашық райда тұрған етістіктердің шақтарын анықтау.

1. Сәукеле қазақ ұлттық киімдері ішіндегі ең қымбат және сәнді киім болып саналады.

2. Ертеде шеберлерге бір сәукелені жасауға бір жыл уақыт кеткен.

3. Сәукеле мақпалмен тысталып, арнайы зерлі моншақ бұйымдармен әшекейленеді.

4. Сәукеленің биіктігі 25-50 сантиметр аралығында болады.

5. Сәукеленің төбе ұшына міндетті түрде үлпілдеген үкі қауырсыны тағылады.


3. 3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

1. Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері қандай?

2. Қазақ халқының сыртқы киімдерін атаңдар?

3. Қазақтардың ішкі киімдері қандай?

4. Бас киім мен аяқ киім туралы не білесіңдер?

5. Киім туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

6. Қазақ халқының киімге қатысты тыйымдары қандай?
V. Сабақты қорытындылау.

4. 4-тапсырма. Ұлттық киімдердің ерекшелігі туралы пікірлесу.



Топтастыру:



Қазақ халқының

ұлттық киімдері

VI. Үй тапсырмасы.

5-тапсырма. Өлкетану мұражайындағы қазақтың ұлттық киімдері туралы мәліметтерді жинақтап, реферат немесе тұсаукесер дайындау.


6-сабақ Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

1. Тест сұрақтарына жауап беру.

І.Ұлттық киімдердің ішінен сырт киімді табыңдар.

A. кебіс B. Шапан C. сәукеле D. тақия

2. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар.... киімді төңкеріп қоймайды.

A. аяқ B. Бас C. Іш D. сырт

3. Берілген тыйым сөзді мағынасына қарай аяқтаңдар. Киімнің жағасын....

A. қайырмайды B. Үтіктемейді С. Баспайды D. жумайды

4. Сәукеленің биіктігі қанша сантиметр аралығында болуы керек?

A. 20-30 см B. 25-30 см C. 25-40 см D. 25-50 см

5. Сәтен, барқыт сияқты маталардан тігілетін қазақтың ұлттық бас киімін атаңдар.

А. Тақия B. Қалпақ C. Тымақ D. бөрік

6. Жас келіншектердің дәстүрлі бас киімін атаңдар.

A. бөрік B. кимешек С. Тақия D. сәукеле

7. Ұлттық киімдер пайдалану ерекшеліктеріне қарай қалай бөлінеді?

А. қыстық, маусымдық В. күнделікті, сәндік

C. сәби киімі, бозбала киімі D. неке киімдері

8. Берілген сөйлемдегі етістіктің рай түрін табыңдар. Қазақтың ұлттық киімі жойылмасын.



A. ашық рай B. қалау рай C. шартты рай D. бұйрық рай

9. Берілген сөйлемді аяқтаңдар. Тақия...

A. дөңгелек, жеңіл бас киім B. үшбұрышты, тік бас киім

C. екі жағы айыр келген қалпақ D. киізден жасалатын бас киім

10. Қалау рай жұрнақтарын табыңдар.

A. -са, -се B. -гы, -гі, -қы, -кі

C. -айын, -ейін, -йін D. -айық, -ейік
ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру.


  1. Ұлттық киімдердің түрлерін атаңдар.

  2. Ұлттық бас киімдердің түрлерінен қайсысын ұнатасыңдар? Ер, әйел адамдардың бас киімдерін жеке-жеке атаңдар.

  3. Киімдерге қатысты тыйымдарды атаңдар. Өздеріңе осы аталған тыйым сөздердің қайсысы таныс екендігін айтыңдар.

  4. Ұлттық киімдердің қазіргі кездегі маңызы қандай? Осы жөнінде пікірталас ұйымдастырыңдар.

  5. Ұлттық киімнің түрлерінен өзіңе ұнайтынын сипаттап беріңдер.

  6. Ұлттық киімнің түрлері қазіргі таңда да маңызын жойған жоқ. Берілген сөйлемдегі етістіктің райын анықтаңдар.

V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

ХІІ МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: Музыка әлемінде

Грамматикалық тақырыбы: Кірме сөздер. Өздік етіс. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалардың орфографиясы

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру Грамматикалық тақырып Лексикалық тақырып Бекіту. «Сұлу, әдемі музыка»

Деңгейлік тапсырмалар



45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

«Ән - көңілдің ажары» мәтінімен жұмыс Жаттығуларды орындау Деңгейлік тапсырмалар

45 минут

3-сабақ

Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан

Жаттығуларды орындау

Тірек сызбалармен жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар



45 минут

4-сабақ

«Ұлттық аспаптар» Диалогпен жұмыс

Мазмұндама жазу



45 минут

5-сабақ

Тіл дамыту

Жаттығулармен жұмыс



45 минут

6-сабақ

«Халық өндері» мәтіні Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау

Тірек сызбамен жұмыс



45 минут

Қорытынды

7-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары



45 минут


Кіріспе бөлімі

1-сабақ Сұлу, әдемі музыка

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалардың орфографиясы





1. Басқа тілден енген сөздерді кірме сөздер деп атаймыз. Қазақ тіліне араб, парсы, монгол тілінен енген сөздер бар. Мысалы: әдеп, әйел, мерген, пан, апта. т.б. Қазақ тілінде орыс тілі арқылы енген сөздер екі тәсілмен жасалған: бірі - қазақ тілінің дыбыстық қалпына түсіп өзгерген сөздер. Мысалы: жәшік, самаурын, кірпіш, т.б. Екіншісі - өзгеріссіз сол күйінде енген сөздер. Мысалы: глобус, метр, автобус, т.б.

2. Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі орындаушының өзі болып, -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрін ездік етіс деп атаймыз. Мысалы: киінді, жуынды, таранды, т.б.

3. Қазақ тіліндегі сөздерде дауысты дыбыстар не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып орналасады. Бірақ бұл үндестікті сақтамайтын қосымшалар да бар. Олар:

1. Көмектес септік жалғауы: адамдармен, қаламмен, садақпен, т.б.

2. -нікі (-дікі,-тікі), -тай, -тал, -дар, -еке,-тар

Мысалы: баланікі, көкетай, апаеке, сезімтал, т.б.

3. –би, -кер, -гep, -қор, -паз, -цой, -кеш, -хана, -кес.

Мысалы: саудагер, ойынпаз, санқой, дәріхана, т.б.

4. -ов, -ова. -ев. -ева. -ин.-ина.

Мысалы: Тәжібаев, Көтенбаева, Мағауин, Әбілқаев,

Хангелдин, Табылдиев, Шәріпов, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет