Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1-сабақ



бет7/18
Дата23.05.2017
өлшемі5,41 Mb.
#16587
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Кіріспе бөлімі

1-сабақ Асханада өзін-өзі ұстау әдебі

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Сөз тіркестерін пайдаланып, асханада тамақтану кезінде нені есте сақтау керектігін әңгімелеп беру.

Тамақтан соң қол жуу, тамақ ішу, түрегеп тұрып ішпе, санитарлық ережелерді сақта, нан қоқымын тастама, ыдысты тазала, кезекпен ал, өзіңді - өзің ұста, тамақ үстінде кітап оқыма, теледидар қарама, ас ішу кезінде тәртіппен тамақтан, қасықты оң қолда ұста, түзу отыр, тазалықты ұста.
2-тапсырма. Сурет бойынша асханада тапсырыс беру туралы диалог құрау.
3-тапсырма. Берілген сөйлемдерге тиісті жалғауларды жалғап, асханада өзін-өзі ұстау әдебіне назар аудару.

Тамақ алдында және тамақтан соң қол жуу - адамды көптеген ауру-сырқаулардан сақтайды. Тамақты түрегеп тұрып жеуге болмайды. Тамақты аузыңа аз-аздан сал. Ac пісіргенде санитарлық ережелері мұқият сақтау керек. Нанды бір қолыңмен үзбе, нан қоқымын жерге тастама. Дастарқанды таза ұстау керек. Тамақ ішіп болған соң, ыдысыңды ыдыс жуатын орынға апаруды ұмытпа.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті и, й әріптерін қою.

Жауап үлгісі:

Әдебиет, қиял, ағайын, бүлік, бейбіт, үйірме, рухани, тиімді, ғажайып, қиын, биіктік, әйгілі, ыңғайлы, саяси, емтихан.
V. Сабақты қорытындылау.
«Кім жылдам?» ойыны: Берілген сөзден көп сөз құра.

«Орамжапырақ» сөзі.

Орам, жапырақ, орама, пырақ, жап, қар, қам, жапа, ора, қара, қожа , жама, парақ, жар, ара, ақ , т.с.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.


Сөйлесу бөлімі 2-сабақ

Дастарқан басында сақталатын дәстүрлер, ырым - тыйымдар

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту. Сөздік жұмысы.

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, мазмұнын айтып беру. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Сұрақтар:

1. Қазақ халқы үшін дастарқан қандай рөл атқарады?

2. Дастарқанда қандай тағамдар болады?

3. Дастарқанға ең бірінші қандай тағам әкелінеді?

4. Дастарқанның төрінде кімдер отырады?

5. Дастарқан басындағы сыйлы адамнан не күтеді?

2-тапсырма. Керекті сөздермен толықтырып, берілген ырым - тыйымдарды есте сақтау.

Жауап үлгісі:

Дастарқанға бірінші нан әкеліп қояды. Қонаққа сынық ыдыспен ас беру - қонақты сыйламағандық. Ac ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Тамақты тұрып ішуге болмайды. Дастарқаннан аттауға болмайды. Әкесі отырғанда балаға бас тартылмайды. Таңғы асты тастама. Ac ішкен кезде дастарқан рәсімдері сақталу керек. Тамақты жасы үлкен адам бірінші болып бастайды.

3-тапсырма. Дастарқан басындағы рәсімдер туралы әңгімелеп беру.
V. Сабақты қорытындылау.

4-тапсырма. «Дастарқан басындағы дәстүрлер» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Дастарқан басында қандай рәсімдер орындалады?

2. Халық дастарқанды қалай атаған?

3. Дастарқан басында ас ең алдымен кімге ұсынылады?

4. Дастарқан басына адамдар қалай отырады?

5. Тамақтану кезінде қолға қандай су құйылады?

6. Қолға су қалай құйылады?

7. Тамақтанып болған соң қандай рәсім жасалады?
VI. Үй тапсырмасы.

5-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, жаттап алу.

39-3-сабақ Дұрыс тамақтану әдебі Күні: 14.11.15ж.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Әңгімені түсініп оқып, ат қою. Төмендегі сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Дұрыс тамақтану адам денсаулығы үшін қандай рөл атқарады?

2. Жандос інісіне қандай ақыл айтты?

3. Ол тамақтанудың қандай реттерін айтып өтті?

4. Інісіне ақыл айтқан Жандосты көрген ата-анасы не істеді?

Сөздік:

Бұлтию – обидеться асықпау – не торопиться

Амал – поступок қомағайлық – прожорливость

Баппен ішу – кушать не торопясь мәз болу – радоваться

Тауысу - доесть

2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді мәтінге байланысты дұрысын анықтау. Сөйлемнің мағынасы дұрыс болмаса, үлгі бойынша дұрысын жазу.

Жауап үлгісі:

1) Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.

2) Алдыңа қойылған асты үлкеннен кейін бастау керек.

3) Тамақты ұнатпау сияқты амалдан сақтану керек.

4) Тамақты тойып ішпеу керек.

3-тапсырма. Берілген тірек сызба бойынша тамақтанудың әдебін сақтау туралы әңгімелеп беру.

Тамақтану әдебі


Тамақтың алдында және тамақтан кейін қолды жуу керек



Тамақтану барысында қомағайлықтан сақтану керек

Мүмкін болса, тамақты көпшілікпен ішу керек



Тамақты ұнатпау сияқиты амалдан сақтану қажет

Тамақты үлкеннен кейін бастау керек



Тамақты тауыса жеу керек және жата-жастана тамақ ішпеу керек



Тамақты оң қолмен және ортақ ыдыстан жегенде өз алдыңнан жеу керек


4-тапсырма. Берілген мақал-мәтелді жаттап алу. Мағыналарын түсіндіру.

Сыйлап берсе суын іш.

Ат – адамның қанаты, Арпа, бидай ас екен,

Ас – адамның арқауы. Алтын, күміс тас екен.

Асы бар аяқтан аттама. Ас атасы – нан.

6-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қою. Жауап үлгісі:

Тамақта адам денесіне қажетті әр түрлі дәрумендер болады. Тамақты жақсылап шайнап жұту керек. Тамақты талғаммен ішіңіз. Тамақтың сапасына, құндылығына назар аудару қажет. Тамақты тартынып ішу керек.

V. Сабақты қорытындылау. Сұрақ – жауап әдісі:

1. Денсаулық мықты болу үшін қалай тамақтану керек?

2. Тамақтану әдебін білесің бе?

3. Асты қалай ішу керек?

4. Сен қалай тамақтанасың?

5. Үстел басында өзіңді қалай ұстау керек?

VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінен сөйлемдер құрау.
40-4-сабақ Тамақтану мезгілі Күні: 18.11.15ж.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, мазмұнын айтып беру.

Тамақтану тәртібі дегеніміз ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну және тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау дегенді білдіреді. Тамақтану тәртібіне мынадай ережелерді жатқызуға болады: тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу, тәулігіне үш немесе төрт рет тамақтану керек, тамақ құнарлы болғаны жөн, тәуліктік ас мәзірі әр түрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл күйіне назар аудару керек.

Сөздік:

Бағыну – подчинение мөлшер – норма

Сақтау – соблюдать ережелер – правила

Тәуліктік кесте – суточный график құнарлы - питательный
2-тапсырма. Тамақтанудың негізгі ережелерін қолдана отырып, әңгіме құрау.

Тамақтану ережелері: тойып тамақ ішпе, тағамның мөлшерін сақта, сапасына назар аудар, тәбет болмай, ас ішпе, тамақтанудың мезгілін сақта, тамақты асықпай іш.
3-тапсырма. Кестедегі сөздерді қолданып, сұрақтарға жауап беру.

Жауап үлгісі:

1. Күніне неше рет тамақтану керек?

Төрт рет.

2. Тәуліктің ас мәзірі қандай болу керек?

Әр түрлі тағамдар түрі болуы керек.

3. Тамақтану тәртібі дегеніміз не?

Ac қабылдағанда белгілі бір уақытқа бағыну.

4. Тамақтану мезгілін неге сақтау керек?

Денсаулық үшін.


4-тапсырма. Тамақтанудағы қателіктерді есте сақтау. Осы аталған қателіктер сендерде кездесе ме? Осы жөнінде достарымен өзара сөйлесіп, диалог құрау.

Тамақтанудағы он қателік:

1. Тамақты көп жейміз.

2. Майлы тамақты жақсы көреміз.

3. Қандай тағамды ішіп – жегеніміз жөн, оны таңдап – талғай білмейміз.

4. Әр түрлі сұйық асты көп ішеміз.

5. Өз уақытында тамақтанбаймыз. Дастарқан үстінде тамақты тез ішіп, тез жейміз. Тамақтану мерзімімен санаспаймыз.

6. Тәттіні көп жейміз. Қант, конфет, торт, т.б. асыра ішіп – жейміз.

7. Тамақты жақсы әзірлеп, дұрыс сақтай білмейміз.

8. Кешкілік теледидар көріп отырып, тамақ ішкенді ұнатамыз.

9. Тағамдардың құрамына көңіл бөлмейміз. Бізге міндетті түрде әр тамақтың құрамында қанша белок, май, көмір, дәрумендер мөлшері бар екенін білген жөн.

10. Тамақты жасқа қарай ішіп – жеуге тиістіміз.

(М.Сүлеймен)

V. Сабақты қорытындылау.

«Өрмекші торы» әдісі: Оқушылармен ойын арқылы сабақты қорытындылаймын.
VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Берілген диалогті сұрақтармен толықтыру.

41-5-сабақ Ac үйде қандай тағам дайындағанды ұнатасың? Күні: 19.11.15ж.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген диалогті оқып шығып, сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Жанар қандай салат дайындап жатыр?

2. Түскі асты кім әзірлейтін болды?

3. Түскі асқа не бар екен?

4. Сәбіз салатының әдісі қандай?

2-тапсырма. Берілген мәтінді түсініп оқып, көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қою.

Жауап үлгісі:

«Таңертеңгілік асты өзің же, түскі асты досыңмен бөліс, ал кешкі асты дұшпаныңа бер» деген қағида бар. Ол - өмірден алынған тәжірибе, ақиқат. Яғни үйықтар алдында тоя тамақтануға болмайды. Ол семіздікке алып келетін жағдай. Себебі тамақтанғаннан кейін 2-3 сағат өткенде іштегі тағамдық заттар белсенді түрде сіңіріле бастайды.

3-тапсырма. Берілген жұмбақтарды шешу.

Алға жайып тұз - дәмін,

Келтіреді үй сәнін.

Ол халқымның ақ жаны,

Жақсы дәстүр маржаны,

Кең пейіл де арайлы

Осы жерден тарайды. Бұл не? (Дастарқан)
Өзі ащы, Бірақ

Дәмді етер асты. Бұл не? (Тұз)
Түсі аппақ,

Тысы қатты – ақ.

Екі түрлі уызы,

Жесең тәтті – ақ. Бұл не? (Жұмыртқа)
Сұйық еді аппақ,

Бауырдай боп қатыпты.

Ішсең дәмі тәтті – ақ. Бұл не? (Сүт пен айран)
Әжем уыстап сығып,

Далада кептірген.

Қатты әрі тәтті,

Дәмін кім бар жеп көрген. Бұл не? (Құрт)
4-тапсырма. Берілген сөздерді септеу.

Тағам, досым, сәбіз, салат, мәзірі, дастарқан.

V. Сабақты қорытындылау.

Топтастыру әдісі:

Өздері білетін салат түрлерін жазу. Бір түрінің қалай дайындалатыны туралы айтып беру.
САЛАТ
VI. Үй тапсырмасы. Ас, тағамға байланысты жұмбақ тауып жазып келу.
42-6-сабақ Асхананың тазалығын сақтау Күні: 20.11.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген диалогті оқып, өзара сөйлесу.

2-тапсырма. Берілген сын есімдерге тиісті қосымшаларды қолданып, асхана тазалығы туралы әңгімелеу. Сын есімдердің негізгі, туынды түрлерін ажырату.

Жауап үлгісі:

Тірек сөздер

Сын есім

жарық

негізгі

таза

негізгі

кең

негізгі

ыңғайлы

туынды.

қоңыр салқын

негізгі

сөнді

туынды

көлемді

туынды

жарығырақ

туынды

көп бөлмелі

туынды

жинақы

туынды

жарасымды

туынды

3-тапсырма. Тірек сызбаны қолданып, асхананың тазалығы туралы әңгімелеп беру.



Асхана

тазалығы

4-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді дұрыс құрау.

Жауап үлгісі:

1) Мен досыммен бірге асханаға бардым.

2) Асханада ұлттық тағамдардан палау, қуырдақ, қазақша ет бар.

3) Асхананың іші жарық, кең әрі таза.

5-тапсырма. Тақырыпқа арналған қосымша сөздікті қолданып, шағын мәтін құрап жазу.

дастарқан мәзірі – меню тағам - еда, пища

түр – вид асхана - столовая

салқын тағам - холодные блюда ыстық тағамдар - горячие блюда

сүт тағамдары - молочные продукты тәтті тағамдар - сладкие блюда

сусындар - напитки даяшы - официант

ішемін - пью ұнатамын - нравится

ұнатпаймын - не нравится тамақтанамын - покушаю

әркім – каждый өзіне қызмет етеді - самообслуживание

кезек - очередь
V. Сабақты қорытындылау.

«Он сөз айт» әдісі:

Оқушылар ортаға шығып шеңбер құрады. Бір оқушы маңдайына белгілі бір сөзді жазып алады да, сол сөз туралы оқушыларға сұрақ қойып шығады. Он сұрақ қойып, сол сөзді тауып алса, жеңіске жетеді.
VI. Үй тапсырмасы.

6-тапсырма. Берілген сөйлемдерді үлгі бойынша келер шаққа айналдырып жазу.

43-7-сабақ Асханадағы үстелді сәндеу ережелері Күні: 21.11.15ж.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойып, сөйлемдердің бастауыш пен баяндауышын табу.
2-тапсырма. Берілген тірек сызбаны қолданып, өзара диалог құрау. Сызба бойынша сұрақтарға жауап беру. «Өз жартынды тап» ойынын өткізу. Ойынның шарты:

Мұғалім екі-екіден кеспелер дайындайды: біреуінде - сұрақтар, екіншісінде - жауаптар. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған кеспелердің түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті кеспені (әрқайсысы біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.

Сұрақтар:

1. Дастарқан әдемі көрінуі үшін үстелден қанша сантиметр салбырап тұруы қажет?

2. Ыдыс-аяқты қалай таңдап алу керек?

3. Тәрелкенің сол жағында және оң жағында нелер орналасады?

4. Үстелде майлықтар қандай болуы керек?

5. Үстелдегі қосымша элементтерге нелер жатады?
Кластер жасау:

Оқушылар дастарқанды сәнді әзірлеудің үлгісін қағаз бетіне түсіріп, ортаға шығып қорғайды. өз ойларын еркін жеткізіп, пікір тыңдайды.

V. Сабақты қорытындылау.

3-тапсырма. Сөйлемді мағынасына қарай толықтыру.

Мен тамақ іштім.

Сен үстелді сәндедің.

Сіз салат жасадыңыз.

Ол ой дайындады.

Біз асханаға бардық.

Сендер қонақ күттіңдер.

Сіздер жеміс-жидек сатып алдыңыздар.

Олар асқа тапсырыс берді.
VI. Үй тапсырмасы.

4-тапсырма. Тірек сызба бойынша толықтыру.
44-8-сабақ Асханада ыдыс жуу тәртібі Күні: 25.11.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып шығып, төмендегі үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Сөздік:

Талаптар – требование

Ішек аурулары – кишечные заболевания

Қоғамдық тамақтану орындары – места общественного питания

Ыдыстарды шаю – полоскать посуду

Ыдыстарды кептіру – просушить посуду

ІІІ деңгей

1. Мәтінге байланысты сұрақтар дайындаңдар.

2. Сөздерді пайдаланып, ыдыс жууға байланысты сөйлемдер құраңдар.

Таза, талаптар, шаю, жуғыш заттар, дайындау.

ІІ деңгей

1. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

Асхана ыдысын жуу кезінде талаптарды сақтау керек.

2. «Ыдысын көріп, асын іш» деген мақалдың мағынасын түсіндіріңдер.

І деңгей

Ата – аналарыңа ыдыс жууға көмектескендерің туралы шағын әңгіме құраңдар.
2-тапсырма. Ыдыс-аяқтың маңызы туралы мәтінді оқып, мағынасын түсіндіру. Аталған ыдыстар туралы әңгімелесу. Төмендегі сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Ата-бабаларымыз ыдысты неден жасаған?

2. Қазан қандай ыдыс?

3. Саба дегеніміз не?

4. Ешкі терісінен сусын құюға арналып жасалатын ыдыс қалай аталады?

5. Талқан, тары түю үшін не қолданылады?

Сөздік:

Тұрмыс – быт жылқы – лошадь

Ешкі терісі – козья шкура (шевро) қазан – казан

Кәделі – обрядовый шағын ыдыс – маленькая посуда

Тары – просо заман ағымы – течение времени
V. Сабақты қорытындылау.

4-тапсырма. Ыдыс-аяқ туралы жұмбақтарды шешу.

Отқа қойсаң елпілдеп, Сабы бар, басы шатыр,

Быж – быж етіп тұншығар. Табысын өлшеп әкеп,

Тақиясы селкілдеп, Құдыққа тасып жатыр.

Танауынан су шығар. (Шәйнек) (Қасық)
Өткір жүзді келеді, Баы – құдық, сабы – сырық.

Өте қажет құрал ол. (Ожау)

Ұсақтап та турар ол. (Пышақ)
VI. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. Мәтіндегі сөйлемдерге назар аударып, төмендегі мысалдардың дұрыстығын анықтау, үлгі бойынша жазу.
45-9-сабақ Асхананы жабдықтау Күні: 26.11.15ж.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті есімдіктерді қою.

Жауап үлгісі:

Олар кеңінен отырып ас ішті. Мен онымен бірге тамақтандым. Біз асхананы кешкі асқа әзірледік. Осы асханада достарыммен кездесу өткіземін. Бәріміз асхананы қажетті заттармен жабдықтадық. Самат бізбен асханада кездесетінін айтты.
2-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтау. Жауап үлгісі:


1. Асхананы жабдықтау үшін ...

2. Үстелдің үсті әрқашан ...

3. Асхана ыдыстары бірдей ...

4. Асхананың қабырғасына түрлі

5. Асхананың ауасы ...

6. Асханада тазалық әрқашан ...

1. тұрмыстық құралдар қажет.

2. тазартылып тұруы қажет.

3. болғаны абзал.

4. суреттер ілінгені әдемі.

5. таза болуы керек.

6. сақталуы керек.


4-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінен сөйлемдер құрау.

Асхана жабдығы, үстел тазалығы, кең бөлме, алма шырыны, салқын тағамдар, тамақ әзірлеу, майлықтарды дайындау, ыдыс-аяқты тазалау, әдемі суреттерді ілу, қажетті заттар.

Жауап үлгісі: Асхана жабдығы түгел болған жағдайда ғана тамақ әзірлеуге кірісу керек. Үстел тазалығы белгілі бір этикаға сай келуі тиіс. Үстелдер мен орындықтар тұрған кең бөлме жарық болғаны дұрыс. Даяшы үстелдерге алма шырынын қойып шықты. Бұл асханада салқын тағамдар өте дәмді жасалады. Тамақ әзірлеу үшін керекті заттарды алдын – ала даярлап қою керек. Әр үстелге майлықтарды дайындап, сәндеп қойыпты. Ас ішіліп болған соң ыдыс-аяқты тазалау керек. Асхананың қабырғаларына әдемі суреттерді іліп қойыпты. Қажетті заттардың бәрі өз орындарында тұр.
V. Сабақты қорытындылау.

3-тапсырма. Берілген диалогті оқып, өзара сөйлесу. Төмендегі сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Жақында анасы не ашқан?

2. Асхананы жабдықтауға кімдер көмектескісі келді?

3. Асхананы жабдықтауға байланысты кеңесті қайдан қарайтынын айтты?
VI. Үй тапсырмасы.

5-тапсырма. Сөздерге фонетикалық талдау жасау.


46-10-сабақ Нәтиже сабақ Күні: 27.11.15ж.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Тамақ ішкенде ... оқыма. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар.

А) теледидар В)радио С) кітап Е) тігін

2. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңдар.

Ac ішіп болған соң, «...» деуге болмайды, «...» деу керек.

A) іштім, болдым

B) тойдым, болдым

C) тойдым, қанағат

D) қанағат, болдым

3. Бата жасау, ас қайыру сияқты жораларды сыйлы адам... күтеді. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауын қойыңдар.

A) –ды B) –нан C) –ға D) -нда

4. «Дастарқанға ең бірінші (не?) қойылады». Берілген сұраққа жауап беріңдер.

A) сүт B) қант C) нан D) бал

5. Тамақтану барысында неден сақтану керек?

A) тамақтан

B) қомағайлықтан

C) аштықтан

D) тәтті тағамдардан

6. Берілген сөйлемдегі көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар.

«Тамақтың ... назар аудар».

A) ащылығына B) сапасына C) тәттілігіне D) көптігіне

7. Асханада кезекке не үшін тұрамыз?

A) оқу құралдарын алу үшін

B) сабақ оқу үшін

C) асқа тапсырыс беру үшін

D) ыдыс жуу үшін

8. Берілген мақалды мағынасына қарап аяқтаңдар. «... көріп, ... іш».

A) ыдысын, асын B) ыдысын, сүт C) асын, тамағын D) ыдысын, жу

9. Қымыз құюға арналған жылқы терісінен жасалған ыдыс қалай аталады?

А) саба B) торсық C) қазан D) ожау

10. Асхананың қабырғасына түрлі нелер ілінуі керек?

A) суреттер B) кітаптар C) жапқыштар D) теледидарлар
ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.

  1. Этикеттік орамдардың түрлерін анықтап, әрқайсысына сипаттам беріңдер.

  2. Мектеп асханасында өздеріңді қалай ұстайтындарың туралы әңгімелеп беріңдер.

  3. Қазақ халқында дастарқан басында қандай ырыс – тыйымдарды сақтау керек.

  4. Өзің күніне неше мезгіл тамақтанасың? Асханаға жиі барып тұрасың ба?

  5. Мектеп асханасы қалай безендірілгені туралы айтып беріңдер.

  6. Үйіңде анаңа ыдыс жууға, тамақ пісіруге көмектесесің бе? Үйдегі ас үй қалай жабдықталған? Шағын әңгіме құраңдар.


V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау


46-11-сабақ

8-сынып Қазақ тілі Күні: 28.11.15ж.


Сабақ тақырыбы

Диктант «Ертіс өзені»

Жалпы мақсаттар

Сөйлем мүшелері , сөйлемдегі орны, тыныс белгілері бойынша диктант жүргізу. Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау.

Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау.

Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету.


Оқыту нәтижелері

Топта белсенділік көрсетуге тырысады;

Теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады;

пысықтауыштың күнделікті әрекетте кездесіп жүргенін біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады.


Негізгі идеялар

Диктант- сауаттылықты тексеру жұмысы, оқушылар жұмыстарының қалай бағаланатын біледі.


Дереккөздер,сілтемелер

Қазақ тілі «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы». М. С.Атабаева.

2002 ж .



Ынтымақтастық атмосфера тудыру

Мұғалім жазбалары

Еркін әңгімелесу.

Мектепке келе жатып нені байқадыңыздар?

Ауа- райы қалай?

Сен сыныпқа келгенде кімдер болды?



Тұсаукесер

  • Өтілген ережелер бойынша сұрақтар, диктант мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін бірігіп жасау.

  • Мәтінге кіріспе сұрақтар беру.

  • Басқа да білетін өзендері туралы айту.

Мағынаны тану

Ескіден жаңаға көшу, меңгеру қадамдары.
Ертіс өзені

Табиғаттың адамға, оның мінез – құлқына ететін әсері туралы айтқанда, есіме Ертіс өзені, Шыңғыстау аймағы түседі. Ертіс – сұлу, сылқым өзен. Сонау Зайсаннан бастап, алтынды аймақ кербез Алтайды қақ жарып өтеді. Ерке мінезді, сылаң қағып ағатын өзен. Арнасы кең, тоғайы мол өңірді жара ағып, алысқа кетіп жатқан үлкен өзен өз өңіріндегі елге, жерге, тіпті, ерге талай мінез, талай сый берген. Кейде толқып, кейде кенересінен аса төгіліп, неше түрлі бұраңға, бұлтарысқа салып ағатын сұрғылт түсті асау ағын өз тұрғындарына талай ой салып, жанын тербеген болар.

Ертіс жағасында өскен Темірбек бойында сол өзі туған жердің суреті, жүрегіне салған ізі бардай.

(96 сөз) .








Жазу кезеңі

Бір сөзге дыбыстық талдау жасау.

Бір сөзді септеу.


Қосымша тапсырмалар

Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.

Ой толғаныс

Есіл өзені туралы не білесіңдер?

Үйг тапсырма:

Емле ережлерін қайталау.

Бағалау

Тексеріп, емле қателері мен пунктуациялық қателерін шартты белгімен көрсету.

48-12-сабақ. 8-сынып. Күні: 2.12.15ж.

Тақырып: Мазмұндама «Қазақ халқы қонақжай» ( қысқы мазмұндама)


Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың қазақ халқы,ның қонақжайлығы туралы білмдерін бақылау,білім деңгейін тексеру;
2.Дамытушылық: жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда қолдануға,ойлау еңбегіне,өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге,қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: оқушыларды мәтінді оқығанда ынтамен тыңдауға,есте сақтауға,бағыттау,оқушының зейінін,ойын дамытуға,оқушының іс-әрекетке ұйымдастыру.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
II. Мазмұндама жазуда нені ескеру керек?
1. Оқушының білім деңгейін;
2. Дағдысын
3. Жас ерекшілігін
4.Оқушыны неге үйрету
5.Мазмұндама түрін ( негізінде мазмұндаманың 5 түрі бар:бақылау мазмұндама,үйрету
мазмұндама,қысқа мазмұндама,тапсырмасы бар мазмұндама,таңдамалы мазмұндама)
III. Кірспе әңгіме: мұғалім оқушының назарын ұйымдастыру үшін мәтін туралы оларға қысқаша түсінік береді,мәтіннің мазмұнын түсінуге дайындайды, өйткені кіріспе әңгіменің мазмұндама сапасына әсері үлкен.
IV. Мәтінмен танысу, мәтін бойынша жұмыстар:
1. Мәтінді асықпай,жағымды дауыспен,салмақпен оқу керек. Түсініксіз сөздерді сөздік дәптерлерге жаздырады,кейбір қиын,жаңа сөздерді тақтаға жазып қояды.Оқушылар мәтіннің ең басты сөздерін теріп бірінші бағанаға жазады,екінші бағанаға етістіктерді жазады. Содан кейін оқушылар бірінші мен екінші бағаналардағы сөздермен сөз тіркестерімен, сөйлем құрастырады.
2. Оқушының мәтін мазмұнын түсінген-түсінбегенін тексеруі қажет. Оқушылар мәтін мазмұнын түсінбесе түсіндіруі керек. Мұғалім өзі түсіндірмей тек сұрақ арқылы оқушыларды мәтінді түсінуге жетелейді.
Мысалы: - Мәтінде не туралы айтылған ? Басты дәстүрлер қандай ? деген сияқты сұрақтар арқылы іске асады.
3.Жоспар құрастыру. М.М.Жанпейісованың «Мәтін бөліктері» ойынын өткізуге болады. Оқушылар 3 топқа бөлінеді.Әр топ мәтіннің белгілі бөлігін табады.
Мысалы: I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
III.Қорытынды бөлім
IV.Толықтыру.
4.Мәтінді екінші рет оқу,не өте жақсы оқитын оқушыға оқыту.Бұдан соң мәтінді 2-3 оқушыға жоспар бойынша әңгімелетеді.
5.Тілдік тапсырмалармен байланыстырады.Ол үшін тірек сөздерді қолдану,сөйлемнің сөз тіркестерін білгілі бір үлгілерін қолдану т.б. осы сияқты тапсырмалар арқылы жүзеге асыру қажет.
6.Дұрыс жазу.Қазақ тілінде ауызша тіл мен жазбаша тілде кейбір сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейтінін оқушыларға ескерту керек.
7.Үндестік заңын ескерту. Сөздік жұмысы.

8.Мазмұндама жазу.


"Қазақ халқы қонақжай"
Жоспар:
1. Қазақтарда қонаққа қатысты қандай түсініктер бар.
2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері:
а) Қонақ күту - ең жауапты іс.
б) қонақтарға сусын беруі.
в) "мырза үй" мен "сараң" үй
3. Шетелден келген қонақтардың пікірі.
Қазақ халқы танымаса да, "құдайы қонақпын" деген адамды қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға, үйге келіп, қонақ бола береді. Қазақ халқында "қазақтың бірі қыдыр" деген сөз бар. Бұл сөздің мағынасы: "Алланың жіберген сыйы қырық адаммен бәрге келуі мүмкін". Сондықтан "қонақпен бірге құт, ырыс келеді, қонақты қусаң, құт, ырыс, кейін қашып кетеді" деген түсінік бар.
Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күпеу- ұят. Қонақты қарсы алуға, шығарып салуға ерекше мән береді. Қонақ келгенде үй иесі алдынан шығып қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге кіргізіп, өзі қонақтардан кейін кіріп, есікті жабуы керек. Бұл - қонақпен келген "құт", "ырыс" бәрге кірсін дегені.
Қонақ күту - қазақ халқының ең жауапты ісі. Оларды риза етуге тырысады. ең алдымен, қонақтарға сусын (қымыз, шұбат) беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі жағдай жасайды. ауылдағы әнші, күйшілерді шақырып, қонақтардың көңілін көтереді. Қонвқты жақсы қарсы алған үйді "мырза үйі", ал дұрыс қарсы алмаған үйді "сараң" дейді.
Осы дәстүр қазір де бар. Шетелден келген қонақтар "қазақ халқы- қонақжай халық " деп бекер айтпайды.
( Ш. Бектұров)
V. Үйге тапсырма беру: ережелерді қайталау.

VII МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: Қазақстанның ірі қалалары

Грамматикалық тақырыбы: Күрделі сөздер.

Біріккен сөздер

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру Грамматикалық тақырып

Лексикалық тақырып Бекіту. «Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары» мәтіні Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау

45 минут

Сөйлесу


2-сабақ

«Ортағасырлық Отырар» мәтінімен жұмыс Фонетикалық талдау Жаттығуларды орындау М. Ерімбетовтің «Отырар» өлеңімен жұмыс

45 минут

3-сабақ

«Қазақ елінің бас қалалары» мәтіні

Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау

45 минут

4-сабақ

Тірек сызбамен жұмыс Жаттығуларды орындау Сұрақтармен жұмыс

45 минут

5-сабақ

«Орынбор - түңғыш астана» мәтінімен жұмыс Диалогпен жұмыс Жаттығулармен жұмыс

45 минут

6-сабақ

«Алматы қаласы» диалогі Жаттығулармен жұмыс «Алматы қаласы» мәтінімен жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар

45 минут

7-сабақ

Тірек сызбамен жұмыс Жаттығулармен жұмыс

45 минут

8-сабақ

«Қызылорда қаласы» мәтіні Деңгейлік тапсырмалар Жаттығулармен жұмыс

45 минут

9-сабақ

«Орал» мәтінімен жұмыс Жаттығулармен жұмыс

45 минут

10-сабақ

«Астана тарихы» мәтінімен жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау Суретпен жұмыс

45 минут

11-сабақ

«Бас қаланың бойтұмары» мәтінімен жұмыс Жаттығуларды орындау «Бәйтерек» мәтінімен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар

45 минут

Қорытынды

12-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары

45 минут

Кіріспе бөлімі

1-сабақ Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.

Берілген мәліметтермен танысып, есте сақтау.





1. Қазақ тіл білімінде кемінде екі түбірден жасалып, бір мағынаны білдіретін сөздерді күрделі сөздер дейміз. Оның 4 түрі бар: біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, тіркескен сөз.

2. Біріккен сөз - екі немесе одан да көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіретін, бір сұраққа жауап беретін сөз. Мысалы: Талдықорған (Талды+қорған), Екібастұз (Екі+бас+тұз), т.б.

3. Кіріккен сөз - құрамындағы сөздердің ең кемінде бір дыбысы өзгеріп біріккен сөз. Мысалы:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет