Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1-сабақ



бет8/18
Дата23.05.2017
өлшемі5,41 Mb.
#16587
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
V. Сөздік жұмысы.

1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу.

2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы;

ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы.

3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.

4. Сөйлем құрау.

Мәдениет тірегі – центр культуры

Бой көтеру – возвышаться

әлемдік қарым – қатынас – международные отношения

жазба деректеме – рукопись

монша – баня

безендірілген – украшен

керуен - караван

VI. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беру. Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

  1. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.

  2. Сөйлемдерге тиісті септік жалғауын жалғаңдар.

Қалалар мәдениеттің тірегіне айналды. Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалалардың бірі – Отырар. Тараз қаласының моншасы болған. Сығанақ – қыашақ бірлестігінң орталығы.

ІІ деңгей

  1. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңдер.

Жоспар:

Қалалардың дамуы.

Жібек жолының қалаларға ықпалы.

  1. Көне қалалардың ішінде қазір сақталған Тараз, Түркістан қалалары туралы мәлімет жинастырыңдар.

І деңгей

«Орта ғасырдағы Қазақстанның ірі қалалары» атты реферат жазыңдар. Мәліметтерді тарихпен байланыстырып, әңгімелеп беріңдер.
Сұрақтар:

1. Орта Азия мен Қазақстан қалалары нешінші ғасырда гүлдене бастады?

2. Қазақстанда қандай қалалар бой көтерді?

3. Сырдарияның бойында орналасқан ірі қала қалай аталады?

4. VII ғасырда Ұлы Жібек жолының ірі мекеніне айналған қай қала?

5. Айша бибі күмбезі қай қалада көтерілген?

6. Сығанақ қаласы қайда орналасқан?

3-тапсырма. Берілген біріккен атауларды пайдаланып, үлгі бойынша сөйлем құрау.

Үлгі: Біз Көкшетауға бардық.

Сырдария, Қарағанды, Ақтөбе, Екібастұз, Қызылорда, Ақтау, Талдықорған, Көкшетау.
VII. Сабақты қорытындылау.

4-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрау.

Жауап үлгісі:

1. Батыс Түркістан жерінде ...

2. Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі Исфиджаб, одан соң ...

3. Тараз жазба деректемелерде ...

4. Тараз қаласының ...

1. Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді.

2. Сайрам деп аталды.

3. 568 жылдан бастап аталады.

4. моншасы болған.


VIII. Үй тапсырмасы. Ережелерді жаттау.

Сөйлесу бөлімі

2-сабақ Ортағасырлық Отырар

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беру. Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындау.

Ортағасырлық Отырар

Арыс өзенінің Сырдарияға құяр аралығында ежелгі Отырар жатыр. Отырар сол кездің өзінде қолөнері дамыған, мал, егін шаруашылығымен айналысқан ірі орталық, жауынан қорғана алатын мықты бекінісі бар қала болды.

Отырардан бастау алған жол шығысында Қытаймен, батысында Византиямен оңтүстігінде Орта Азиямен байланысып жатты.

Ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби Отырар топырағында дүниеге келді.

Отырар өмір сүрген дәуірде жаугершілік, шапқыншылық көп болды. Сол тұста Монғол жорығы мен Жоңғар шапқыншылығы бүкіл елді есеңгіретіп кетті. Бұл кезде Отырар қаласы Оңтүстік өңірін мекендеушілердің орталығы болды. Жан – жақтан келушілер Отырарды төңіректей қоныс тепті. Сөйтіп, Алтынтөбе, Жалпақтөбе, Құйрықтөбе, Пышақшытөбе деген шағын елді мекендер пайда болды.

Отырар ҮІІ ғасырдан бастап өсе келе ІХ ғасырда сол төңіректің астанасы араб деректеріндегі Фараб деген атпен дүние жүзіне мәлім бола бастады.

(К.Байпақов)

Сөздік:

Ежелгі – древний Қолөнер – рукоделие

Орталық – центр Бекініс – укрепление

Жаугершілік – смута Шапқыншылық – нашествие

Есеңгірету – обессилить Мекендеушілер - проживающий

2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап жазу. Сұрақтарға жауап жазу кезінде өзара диалог құрау.

1. Ежелгі Отырар қай жерде орналасқан?

2. Отырар қандай қала болды?

3. Отырарда кім дүниеге келген?

4. Отырарды қандай шапқыншылық есеңгіретіп кетті?

5. Отырарда қандай елді мекендер пайда бола бастады?

6. Араб деректерінде Отырар қандай атпен танымал болды?

3-тапсырма. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасау.

Орта ғасыр, Отырар, араб.

5-тапсырма. Сөйлемдерден күрделі сөздердің түрлерін ажыратып, үлгі бойынша құрамына қарай талдау.

Үлгі: байланысып жатты – не істеді? тіркескен сөз, күрделі етістік.

Отырар оңтүстігінде Орта Азиямен байланысып жатты. Отырарда Алтынтөбе, Жалпақтөбе, Құйрықтөбе, Пышақшытөбе деген шағын елді мекендер пайда болды. Отырарда сол кездің өзінде қолөнер дамыды.

V. Сабақты қорытындылау. Сипаттама беру.

О – орнықты

Т - тынысты

Ы - ырысты

Р - рақымды

А - ардақты

Р - рухты

VI. Үй тапсырмасы. 4-тапсырма. Мәтіндегі біріккен сөздерді қолданып, үлгі бойынша сөйлем құрау.
3-сабақ Қазақ елінің бас қалалары

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. «Қазақ елінің бас қалалары» мәтінін оқып, үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Сөздік:

Белгі – символ

Басқару - управлять

Қағандық – ханство

Шаһар – город

ІІІ деңгей

1. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар дайындаңдар.

2. Мәтін ретімен қазақ елінің бас қалаларын атап шығыңдар.

ІІ деңгей

1. Сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.

Ежелгі, астана, ғасыр, дәуір.

2. Мәтіндегі әр абзацқа жоспар құрып, әңгімелеңдер.

Жоспар:

Қазақ елі мемлекеттігінің белгісі.

Орта ғасырдағы бас қалалар.

Кеңес дәуіріндегі бас қалалар.

І деңгей

Мәтін бойынша сөйлем құраңдар.

1. Басқару үшін ...

2. Алғашқы мемлекет ...

3. Ірі қалалар ...

4. Суяб ...

5. Отырар ...

6. Түркістан ...

7. Орынбор ...

8. Қызылорда ...

9. Алматы ...

10. Ақмола ...

3-тапсырма. Төмендегі сөздердің аудармасын табу. Жауап үлгісі:

басқару

қағандық


шаһар

астана


іргетас

дәуір

сауда

управлять

ханство

город

столица

фундамент

эпоха

торговля


V. Сабақты қорытындылау.

Оқушыларға қала аттары жазылған қағаздар таратылады. Сол аталған қала туралы мәліметтер айту. Қай оқушы көп мәліметтерді айтса, сол оқушы бағаланады.
Алматы, Астана, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтау, Атырау, Орал, Көкшетау, Павлодар, Ақтөбе, Өскемен, Шымкент, Тараз, Түркістан.
VI. Үй тапсырмасы. 2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жазу.

4-сабақ Қазақстанның астаналары

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Тірек сызбаны толықтырып, Қазақстан астаналары туралы мәлімет жинастыру.

Мемлекеті астанасы

Батыс түрік Суяб

Қарахан Баласағұн

Қарлұқ қағанаты Қойлық

Оғыз мемлекеті Янгикент

Қыпшақ хандығы

Ақорда мемлекеті сығанақ

Әбілқайыр мемлекеті

Қазақ хандығы

Кеңес дәуірі Орынбор,

ҚазКСР Қызылорда, Алматы

Қазақстан Республикасы Алматы, Астана

2-тапсырма. Жақшаны ашып, сөйлемді дұрыс құрау.

Жауап үлгісі:

1. Суяб - Батыс түрік қағанатының астанасы,

2. Астана қаласы - Қазақстан Республикасының астанасы,

3. Орынбор, Қызылорда, Алматы - ҚазКСР-інің астанасы.
3-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, мәтінге ат қою.

Төмендегі сұрақтарға жауап беру.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру:

1. Қандай қалалар XX ғасырда Қазақстанның астаналары болды?

2. Орынбор қаласы қай жылдары Қазақстанның астанасы болды?

3. Қызылорда қаласы астана болған кезде қалай аталды?

4. Алматы қаласы жөнінде не білесіңдер?

5. Ақмола қай жылы «Астана» деген атпен аталды?

6. Астананың ресми түсаукесері қашан болды?
4-тапсырма. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасау.

Үлгі: республикамыздың: республика – түбір, -мыз – жіктік жалғау, -дың – ілік септігінің жалғауы.

Қаласының, көшелерінде, тұсаукесеріне.

V. Сабақты қорытындылау. Венн диаграммасы.

Алматы Астана


VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Сызбадан Қазақстанның ірі-ірі 10 қаласын атап, қай қаланың қазіргі Астанаға жақын тұрғандығын айтып беру. Сөйлеу үлгісі бойынша диалог құрау.
5-сабақ

Орынбор - тұңғыш астана

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, мәліметтерді есте сақтау.

Орынбор – тұңғыш астана

Қазақстан жерінде түрік қағанатынан бергі елдің астанасы болған қалалар жеткілікті. Олар - өз заманында мемлекеттің дамуында ерекше орын алып, тарихта қалған қалалар.

1920 жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы республика болып құрылады. Осы тұста Орынбор бас қала болып жарияланады. Орынбор өлкесі сол кезде қазақ жерінің құрамдас бөлігі болып саналады.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, диалогті толықтыру.

- Қазақ жерінде қандай қалалар астана болды?

- ... .

- Олар еліміздің дамуына қалай ықпал етті?

- ... .

- 1920 жылы Қазақстан астанасы қай қала болды?

- ... .

- Қай жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы республика болды?

- ... .

- Орынбор қай жылға дейін Қазақстанның астанасы болды?

- ... .
3-тапсырма. Сөйлемдер құрау.

Орынбор (тұңғыш, құрылды, астана).

Республика астанасы (Орынбор, Ақмешіт, Алматы) болды.

Орынбор өлкесі (Ресей, қазақ жері, бас қала) болып саналады.
V. Сабақты қорытындылау.

4-тапсырма. Күрделі сөздерді қатыстырып, тұңғыш астана жөнінде сөйлемдер құрау.
Біріккен сөз Қос сөз Қысқарған сөз Тіркескен сөз

Қолөнер тату – тәтті ҚазКСР Орынбор өлкесі

VI. Үй тапсырмасы.

5-тапсырма. «Қазақстанның астаналары» атты тақырыпқа шағын шығарма жазу.
6-сабақ Алматы қаласы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген диалогті оқып, өзара сөйлесу. Берілген диалог бойынша сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Алматы қаласы қай уақытта еліміздің астанасы болды?

2. Алматы бұрын қалай аталған?

3. Алматы қандай қала?

4. Алматыда нелер бар?

5. Көшелерде нелер жүріп жатыр?

6. Бұл кісі қайда келген?

7. Ұлттық кітапханаға бару үшін нешінші троллейбусқа мінуі керек?

3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беру. Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Сөздік:

өнер – искусство

мұз айдыны – ледовый каток

ескерткіштер – памятники

ғимарат – здание

мейрамхана – ресторан

мүсін – статуя

ІІІ деңгей

1. Сөйлемдерді толықтырыңдар.

Алматы – (ненің?) орталығы. Алматыда (нелер?) бар. Медеу мұз айдыны (қайда?) жақын. Алматы қаласында (нелер?) жеткілікті.

2. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті септік жалғауларын жазыңдар.

Қалада опера және балет театрының үйі бар. Алматының ықшамаудандары көрікті. Республика тәуелсіздігінің белгісі – Алтын адамның мүсіні алыстан көз тартады.

ІІ деңгей

1. «Алматы қаласына саяхат» атты шағын диалог құрыңдар.

2. Сөздерден сөйлем құраңдар.

Үлкен, қала, және, Алматы, қаласы, әдемі.

Көп, бар, үйлер, қаласында, Алматы, қабатты.

І деңгей

«Алматы – бас қала, Астана – жас қала» атты шағын шығарма жазыңдар.
V. Сабақты қорытындылау. «Топтастыру» әдісі:




Алматы
VI. Үй тапсырмасы. 2-тапсырма. Жақшаны ашып, сөйлем құрау.
7-сабақ Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Қалаларға сипаттама берілген жұмбақтарды шешіп, өздеріне ұнағандарын жаттап алу.
2-тапсырма. Біріккен қала атауларын қолданып, сөйлемдер құрау.

Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Екібастұз, Талдықорған, Қызылорда, Шымкент.
4-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесу.

- Сен қай қалада тұрасың?

- ... .

- Ол қандай қала?

- ... .

- Сенің қалаңда нелер бар?

- ... .

- Көшелерде нелер жүреді?

- ... .

- Сен қаладағы нешінші мектепте оқисың?

- ... .

- Мектебің қаланың қай ауданында орналасқан?

- ... .

- Қаланың сырт жағында қандай демалыс орындары бар?

- ... .

- Сен жазда қай қалаға барасың?

- ... .

- Қандай қалаларды көргің келеді?

- ... .

V. Сабақты қорытындылау.

5-тапсырма. Берілген тақырыпқа қатысты қосымша сөздікті қолданып, шағын мәтін құрау.

Сөздік:

өзен - река жақын - близкий

көше - улица мәдениет - культура

сарай - дворец әмбебап дүкені - универмаг

ықшамаудан - микрорайон балабақша - детский сад

орталық - центр, центральный кітапхана - библиотека

өлкетану мұражайы - краеведческий музей

ескерткіш - памятник мақтаныш етеді - гордятся

саябақ – парк оқу орындары - учебные заведения

ұнайды - нравится
VI. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. Сөздерді тәуелдеу, септеу және сөйлемдер құрау.

8-сабақ Қызылорда қаласы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, үш деңгейлік тапсырмаларды орындау. Сұрақтарға жауап беру.

Қызылорда ХІХ ғасырдың ортасында «Ақмешіт» бекінісі деп аталды. 1853 жылы «Перовск» деп аталған, революциядан кейін Қызылорда атадып кетті. 1922 жылы наурызда Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті. Сөйтіп Ақмешіт бекеті, қазіргі Қызылорда қаласы астана болды. Қазіргі Қызылорда – ақ күріштің атасы.

Сұрақтар:

1. Қызылорда XIX ғасырда қалай аталды?

2. 1853 жылдары қалай аталды?

3. Қай жылы Қазақстанның астанасы болды?
ІІІ деңгей

1. Жоғарыдағы берілген сұрақтарға жазбаша жауап жазыңдар.

2. Сөздерді септеңдер. Күріш, бекініс.

ІІ деңгей

1. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауларын жазып, сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті.

2. Қызылорда қаласының табиғаты туралы сөйлемдер құраңдар.

І деңгей

Өз қалаларың туралы мәтін құраңдар.
2-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, күрделі сөздерді теріп жазу. Мәтіннен үлгі бойынша қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстар қатар келген сөздерді теріп жазу. Мәтінге ат қою.

Үлгі: қатаң дауыссыздар қатар келген сөздер: орналасқан, ...

Ұяң дауыссыздар қатар келген сөздер: біздің, ...

Үнді дауыссыздар қатар келген сөздер: жайлы, ...
V. Сабақты қорытындылау. «Топтастыру» әдісі:



Қызылорда

VI. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі жақшаны ашып, сөйлемдер құрау.

9-сабақ Орал қаласы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Батыс Қазақстан облысының орталығы қай қала?

2. Орал қай өзеннің бойында орналасқан?

3. Орал қаласында кімдер болған?

4. Оралда кім дүниеге келген?
2-тапсырма. Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрау, осы сөздер қатысқан мақал-мәтел, нақыл сөздер жазу. У дыбысының дауысты, дауыссыз түрлерін ажырату.

Сулы, сұлу, куә, қуаныш, қуат, жуас, уәде, уақыт, дәулет, ояну, өру, отау, дәуір.
3-тапсырма. Берілген сөйлемдерді үлгі бойынша сұраулы сөйлемге айналдыру.

Үлгі: Менің үйім Орал қаласында ма?

Орал қаласы әдемі ме?

Орал қандай қала?

Орал қаласының көшелері қандай?

Оралда туыстарың бар ма?
4-тапсырма. Төмендегі сөздерді орфографиялық нормаға сәйкес жазу.

Ақбөкен, көбелек, тұздыкөл, жұлдыз, жүргінші, бұйрық, құлын, құдық.
V. Сабақты қорытындылау.

5-тапсырма. Берілген мәтінді оқып. Сұрақтарға жауап беру:

Сұрақтар:

1. Барлық адам баласы қай мезгілді күтеді?

2. Орал қаласының таңы қандай?

3. Бау-бақшасы қалай өседі?
VI. Үй тапсырмасы.

6-тапсырма. а) Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге құрамына қарай морфологиялық талдау жасау. ө) Орал қаласы туралы қосымша мәлімет жинап, реферат жазу.


10-сабақ Астана - бас қала

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, Астана тарихы туралы әңгімелеу. Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Сөздік:

Күмбез – купол бейіт – могила

Қаланған – основан өңдеу – перерабатывать

Илеу – дубление, выделывание қайнату – кипятить

Қасапхана – бойня Жарлық – Указ
ІІІ деңгей

1. Мәтіннен күрделі сөздерді теріп жазып, сөйлемдер құраңдар.

2. Сөйлемдерді толықтырыңдар.

Астана – Қазақстанның астанасы.

Алғашында Ақмола әскери бекініс болған.

1998 жылы Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.

ІІ деңгей

1. Мәтіннен күрделі сан есімдерді теріп, үлгі бойынша жазыңдар.

Үлгі: он үш – тіркескен сан есім

2. Мәтін мазмұнына байланысты 10 сұрақ дайындаңдар.

І деңгей

1. Мәтіннің мазмұнына жоспар құрып, толық әңгімелеңдер.

2. «Астана – жас қала» атты шығарма жазыңдар.
2-тапсырма. Сөйлемдердегі сұрақтарға жауап беру.

Жауап үлгісі:

Астана - Қазақстан Республикасының астанасы. Қала Есіл өзенінің оңтүстік жағасында жазық жерде орналасқан. Ақмола атауы XIII-XIV ғасырларда тұрғызылған ақ күмбезді бейітке байланысты туған. Ақмола қаласының негізі 1830 жылы қаланған. Алғашында Ақмола әскери бекініс болған.

1914 жылдары қалада үш кірпіш, төрт май өңдеу, екі тері илеу, екі сабын қайнату, екі тон тігу, бір сыра қайнату зауыттары, қасапхана, жиырма шеберхана жұмыс істеді.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болып жарияланды. 1998 жылы Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.

3-тапсырма. Сұрақтар бойынша диалог құрау.

Сұрақтар:

1. Астанада болып көрдіңдер ме?

2. Астана туралы не білесіңдер?

3. Астананың табиғаты қандай деп ойлайсыңдар?

4. Астананың зәулім үйлері көп пе?
4-тапсырма. Суретке қарап, Астана қаласы туралы диалог құрау.
V. Сабақты қорытындылау. «Синквейн» әдісі:

«Астана» сөзіне бес жолды өлең құрап жазу.
VI. Үй тапсырмасы.

5-тапсырма. Берілген сөйлемдерге тиісті септік жалғауларын қойып жазу.

11-сабақ Бас қаланың бойтұмары

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Астана қаласының символы не?

2. Бәйтерек неге ұқсас?

3. Ол неше бөліктен тұрады?

4. Мұнараға кіреберістегі холда не орналасқан?

5. «Даму» кешені қандай?

6. Онда қандай фирманың жедел сатысы қондырылған?

7. Шардың ішінде не орналасқан?

8. Ең жоғарғы жағында қандай композицияны тамашалауға болады?

9. Бәйтерек идеясының авторы кім?

10. «Аялы алақанға» қол тигізгенде қандай ән ойналады?

2-тапсырма. Берілген мәтінді қолданып, сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтау.

Жауап үлгісі:




дұрыс

бұрыс

1. Астана қаласының басты символы -

«Бәйтерек» кешені.

2. Ол ашылып келе жатқан қызғалдақ сияқты.

3. Бәйтерек төрт бөліктен тұрады.

4. Мұнараға кіреберістегі холда белгілі

суретші Ерболат Төлепбайдың өнер

туындылары ілініп түр.

5. Ал «Даму» кешенінің орта бөлігі үй тәріздес.

6. Шардың ішінде жедел сатылы холл, дәмхана.

панорамалық зал орналасқан.

7. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан»

композициясын тамашалауға болады.

8. Бәйтерек идеясының авторы - Нұрсұлтан

Назарбаев.

+













-




-

+













_







+






















+











4-тапсырма. Берілген аңыз әңгімені оқып, үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құрау.

12-сабақ Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.
I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Берілген сөйлемдегі күрделі сөздің түрін табыңдар.

Арыс өзенінің Сырдарияға құяр аралығында ежелгі Отырар жатыр.

A) біріккен сөз B) қос сөз C) қысқарған сөз D) тіркескен сөз

2. Берілген қатардағы қалалардың қайсысы ортағасырлық қала болып табылады?

A) Астана B) Орынбор C) Отырар D) Ақмешіт

3. Орта ғасырдағы Исфиджаб қаласы кейін қандай атпен белгілі болды?

А)Сайрам B) Суяб C) Фараб D) Отырар

4. XX ғасырдағы Қазақстан астаналарының ішіндегі ең алғашқы астана қайсы?

A) Алматы B) Ақмешіт C) Астана D) Орынбор

5. Қызылорда қаласы қай уақыт аралығында астана болды?

A) 1922-1929 жж. B) 1922-1928 жж. C) 1922-1927 жж. D) 1922-1926 жж.

6. Алматы қаласы қай уақытқа дейін еліміздің астанасы болды?

А) 1996 ж. B) 1997 ж. C) 1998 ж. D) 1999 ж.

7. Қызылорда қаласы қандай дақыл өсіреді?

A) астық B) мұнай C) күріш D) көмір

8. Дүние жүзіне радио жасап берген А.С. Попов қай қалада дүниеге келген?

А) Алматы В) Астана C) Қызылорда D) Орал

9. Ақмола қаласына қай уақытта Астана атауы берілді?

A) 1997 ж. B) 1998 ж. C) 1999 ж. D) 2000 ж.

10. Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

A) Ертіс B) Іле C) Есіл D) Талас
ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларын орындаңдар.

1. Күрделі сөздер дегеніміз не? Біріккен сөздерге мысал келтіріп, оларды қатыстырып сөйлемдер құраңдар.

2. Орта ғасырдағы қалалардың маңызы қандай? Отырардың қазақ елі үшін қандай орны бар?

3. Қазақстан астаналары туралы айтып беріңдер. Біріккен сөздерден тұратын қала атауларын атаңдар.

4. Қызылорда, Орал қалалары туралы айтып беріңдер. Өз қалаларыңмен салыстырыңдар.

5. Қазіргі астанамыз Астана қаласына барып көрдіңдер ме? Қай жерлері көрікті? Суреттеп айтып беріңдер. Шағын мәтін құраңдар.

6. Сенің тұрып жатқан қалаң Қазақстанның ірі қалаларына жата ма? Жер көлемі, халқы, т.б. қай жағынан орын алады?
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.





8-сынып Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы

Диктант «Қысқы таң»

Жалпы мақсаттар

Сөйлем мүшелері , сөйлемдегі орны, тыныс белгілері бойынша диктант жүргізу. Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау.

Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау.

Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету.


Оқыту нәтижелері

Топта белсенділік көрсетуге тырысады;

Теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады;

пысықтауыштың күнделікті әрекетте кездесіп жүргенін біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады.


Негізгі идеялар

Диктант- сауаттылықты тексеру жұмысы, оқушылар жұмыстарының қалай бағаланатын біледі.


Дереккөздер,сілтемелер

Қазақ тілі «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы».

М. С. Атабаева. 2002 ж .




Ынтымақтастық атмосфера тудыру

Мұғалім жазбалары

Еркін әңгімелесу.

Мектепке келе жатып нені байқадыңыздар?

Ауа- райы қалай?

Сен сыныпқа келгенде кімдер болды?



Тұсаукесер

  • Өтілген ережелер бойынша сұрақтар, диктант мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін бірігіп жасау.

  • Мәтінге кіріспе сұрақтар беру.

  • Жыл мезгілдері туралы айту.

Мағынаны тану

Ескіден жаңаға көшу, меңгеру қадамдары.
Қысқы таң

Күн бұлыңғыр. Жер жүзі әлі ашыла қоймапты. Суық боз тұман басып тұр. Онша қою емес. Сәл ғана ызғырық еседі.

Түні бойы қылаулаған болуы керек. Кеше ғана айнадай ғып сыпырып, күреп тастаған есік алдында жаздағы көк теректің басынан төгілген ақ үлпек сияқты болып, жұлықтан асар – аспас қылау қар көлпілдеп жатыр. Сатай торы дөнен тұрған қораға барғанша, үлпек қар табанына шодырайып жабысып қалды.

Бұл кезде таң әбден атқан. Тұман сәл сейілгендей болды, бірақ сол бұлыңғыр қалпы. Аспан мен жердің еш айырмашылығы жоқ, біртегіс ақ бұлыңғыр. Ұшқындаған ақ қырау таусылар емес, құйылып тұр.

(89 сөз)

(С.Мұратбеков)








Жазу кезеңі

Үш сөзге морфологиялық талдау жасау, бір сөзді септеу.



Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріне бір мысалдан келтіру.

Қосымша тапсырмалар

Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.

Ой толғаныс

Қылау деген не?

Үйге тапсырма:

Ережелерді қайталау.


Бағалау

Тексеріп, емле қателері мен пунктуациялық қателерін шартты белгімен көрсету.



VIII МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы:

Қазақстан облыстарының табиғаты, шаруашылығы


Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру Лексикалық тақырып Бекіту. «Орталық Қазақстанның табиғаты» мәтінімен жұмыс Диалог құрау Жаттығуларды орындау Тірек сызбамен жұмыс

45 минут

Сөйлесу



2-сабақ

«Қазақстан облыстарының өнеркәсібі» тірек сызбамен жұмыс Диалог құрау

«Батыс Қазақстан өнеркәсібі»

мәтінімен жұмыс «Оңтүстік Қазақстан өнеркәсібі» мәтінімен жұмыс

45 минут

3-сабақ

«Қазақстан облыстарының табиғи байлықтары» тірек сызбасымен жұмыс Жаттығуларды орындау Жұмбақтарды шешу

45 минут

4-сабақ

«Қазақстан облыстарының халқы» тірек сызбасымен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Диалогпен жұмыс Жаттығуларды орындау

45 минут

5-сабақ

«Көкшетау» мәтінімен жұмыс Жаттығулармен жұмыс Диалогпен жұмыс

45 минут

6-сабақ

Диалогпен жұмыс Кестемен жұмыс Жаттығулармен жұмыс

45 минут

7-сабақ

Диалогпен жұмыс Жаттығулармен жұмыс

45 минут

8-сабақ

«Астана» мәтінімен жұмыс Диалогпен жұмыс Жаттығулармен жұмыс Т. Молдағалиевтің өлеңімен жұмыс

45 минут

9-сабақ

Тіл дамыту

Деңгейлік тапсырмалар Жаттығулармен жұмыс

45 минут

Қорытынды

10-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары

45 минут


Кіріспе бөлімі 1-сабақ

Орталық Қазақстанның табиғаты

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, мазмұнын айтып беру.

Бұл жердің климаты республиканың басқа аудандарының климатымен салыстырғанда жазы ыстық және құрғақ, ал қысы суық, қары аз, күшті жел соғып тұрады. Жауын – шашын аз жауады.

Топырағы қоңыр қызыл, ал ауданының бүкіл ортаңғы бөлігін ақшыл қызғылт топырағы бар шөл дала зонасы алып жатыр. Оңтүстік бөлігі жусанды, негізінен, мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

(А.Бейсенбаевтан)

Сөздік:

Құрғақ – сухой

Аяз – мороз

Шөл – пустыня

Мал жайылымы - пастбище
2-тапсырма. Төмендегі сөздерден қаланың табиғаты жөнінде шағын диалог құрау.

Ыстық, құрғақ, суық, аяз, аз, күшті, жел, жауын – шашын.
3-тапсырма. Сөйлемге жақшадағы керекті сөзді қою.

Жауап үлгісі:

1) Бұл жердің жазы (ыстық).

2) Қысы (суық) болады.

3) Күшті (жел) соғады.

4) Қар (көп) жауады.
4-тапсырма. Тірек сызба бойынша басқа облыстардың климаты туралы әңгімелеп беру.

V. Сабақты қорытындылау.

5-тапсырма. Сызбаны толықтырып, сөйлемдер құрау.
Біздің қаламыздың табиғаты


болады.
VI. Үй тапсырмасы. 6-тапсырма. Сен Қазақстанның қай қаласында тұрасың? «Менің қаламның табиғаты» деген тақырыпта шағын мәтін құрау.

2-сабақ Қазақстан облыстарының өнеркәсібі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет