Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1-сабақ



бет5/18
Дата23.05.2017
өлшемі5,41 Mb.
#16587
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
V. Бекіту.

1-тапсырма. Әр халықтың мақал-мәтелдерінің мағынасын түсіндіру.

1. Терлемеген – терең білмес.

2. Мен білмеймін деме, үйренейін де. (украин)
1. Оқыған ұл атасынан да үлкен.

2. Пірің көп болғанша, білімің көп болсын. (өзбек)
1. білім – елге, су – жерге. (қырғыз)
1. Білім еңбекпен ғана кемелденеді.

2. Білім – ағашы, еңбек – алмасы. (араб)
1. Аға – еңбекпен көркем, бала – біліммен көркем.

2. Ақылсыз адам – еріншек, адал адамның аты арып , тоны тозбас.

3. Еңбектің наны - тәтті, жалқаудың жаны – тәтті.

4. Аз ауыл өніп - өссе, ел болады. (қазақ)

VI. Сабақты қорытындылау.

2-тапсырма. Мәтінді әңгімелеу.


VII. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. Берілген бір тақырып бойынша шығарма жазу.


22-22-сабақ Тіл дамыту Күні: 8.10.15ж.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

2-тапсырма. Сабақтас құрмалас сөйлемнің әр түріне сызба негізінде бір сөйлемнен құрап, тұрлаулы мүшелерінің астын сызу.

Жауап үлгісі:

1. Мен ауылға барсам, міндетті түрде атам мен әжеме көмектесуім керек.

2. Олар ауылға барса да, көп уақыт болған жоқ.

3. Олар ауылға барғандықтан, өте жақсы демалып қайтты.

4. Олар ауылға барып, ата - әжесіне көмектесті.
4-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау. Мәтінге ат қою. Тапсырмаларды топтық оқыта үйрету ойыны арқылы да жүргізуге болады.

Сынып 3 адамнан топтарға бөлінеді. Тақырып материалы бірнеше блоктарға бөлініп, әрқайсысына үш нұсқадағы тапсырма дайындалады. Бір сабақта әр оқушыға 4 тапсырмадан болса, жеткілікті. Тапсырмаларды бәрі орындайды, бір-біріне көмектеседі (мұғалімнен кеңес алуға болады). Әр тапсырма бағаланып, нәтижесі бағалау парағына жазылып отырылады. Сабақ соңында барлық тапсырмаларға берген жауаптарын қорыта келе, әр оқушыға ортақ баға қойылады.

ІІІ деңгей.

1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Қазақ халқының сыйлы тағамының бірі қандай?

2. Оның тағамдық қуаты қандай?

3. Майды неден жасайды?

4. Майды қалай жасайды?

5. Май жасап көрдіңдер ме?
2. Сабақтас құрмалас сөйлемді талдап түрін анықтаңдар.

Содан соң қаймақ туырылып, май түзіле бастады.
ІІ деңгей.

1. Мәтін бойынша диалог құрап, өзара сөйлесіңдер.

2. Құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, талдаңдар. Жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

3. Мәтіннен есімшелерді теріп жазыңдар.
І деңгей.

Берілген мәтінді әрі қарай жалғастырыңдар.

V. Сабақты қорытындылау.

3-тапсырма. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін анықтау.

Жауап үлгісі:

1. Жұмыс аяқталған соң, біз қайтуға кірістік. (қашан? мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем)

2. Ауылда өткізілген соңғы жиырма күн аз болса да, көп жұмыс істелді. (қайтсе де? қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем)

3. Әкемнің бұл әңгімесін бұрын естімегендіктен, мен де қызыға тыңдадым. (неліктен? себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем)

4. Мен қызық кітаптарды көп оқып, бұл кітаптардағы әңгімелерді әжеме айтып бердім. (қайтіп? қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем)

5. Мен шошып оянып кетсем, атам мен әжем шай ішіп отыр. (қайтсем? шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем)

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау. Мәтінді жалғастыру.

23-23-сабақ Күні: 9.10.15ж.
Ата көрген оқ жонады, ана көрген тон пішеді

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айт.

IV. Бекіту.
1-тапсырма. Ұлағатты сөздерді түсініп, жауап алу. Құрмалас сөйлемдердің түрлерін анықтау. Есімшенің қандай қызмет атқаратынын айту.

1. Тәртіп көрген адам бала күнінде, өнерімен қуандырар түбінде. (Ж.Баласағұн)

2. Ата көрген оқ жонады, ана көрген тон пішеді.

3. Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі. (Мақал)
2-тапсырма. Жақшаны ашып, сөздерді аударып жазу. Құрмалас сөйлемдерді табу.

Жауап үлгісі:

Көргенділік - тәрбиеліктің (көрсеткіші). (Сол себепті) көргенді кісі басқалармен қарым-қатынасында адамды сыйлап, құрметтеп қарайды, кішіпейіл, сыпайы, кешірімді болады. (Көргенді) адам басқаның еңбегін, өзіне көрсеткен қызметін сыйлайды, рақметін, алғысын айтуды шын көңілмен өзіне міндет, парыз деп біледі.

Көргенді кісінің өзіне де, қоғамға да, ел-жұртқа да тигізетін зор (пайдасы) - балаларын әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді.
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

«Өз жартынды тап» ойынын өткізу.

Ойынның шарты:

Мұғалім жұп кеспелер дайындайды: біреуінде - сұрақтар, екіншісінде - жауаптар. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған кеспелердің түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті кеспені (әрқайсысы біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.

1. Есімше дегеніміз етістіктің қандай түрі? Қалай жасалады? Мысал келтіру.

2. Есімше сөйлемнің қандай мүшесі болады?

3. Есімшені қатыстырып, «Ата-анама көмектесемін» деген тақырыпта бірнеше құрмалас сөйлем құрау.
V. Сабақты қорытындылау.

Автор орындығы әдісі: Оқушыларға «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген тақырыпқа эссе жазу тапсырмасы беріледі. Жазып болған сон оқушылар ортаға шығып, орындыққа отырып жазған эсселерін оқып береді.
VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. «Ата көрген оқ жонады, ана көрген тон пішеді» деген мақалға шығарма жазу.

24-24-сабақ Әкеме көмектесу Күні: 10.10.15ж.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту,

1-тапсырма. Сөз тіркестерінен құрмалас сөйлем құрап, үлгі бойынша талдау.

Шелекепен су тасу, балтамен отын жару, балғамен шеге қағу, арамен ағаш кесу, күрекпен жер қазу, тырмамен топырақты майдалау, айырмен шөп жинау.

Үлгі: Мен шелекпен су тасып, аулада өсіп тұрған алма ағашын суғардым. (Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем).

2-тапсырма. Сұрақтарға төменде берілген керекті сөздерді пайдалана отырып, жауап беру. Төменде берілген сұрақтарға жауап беру немесе «Сұрақ-жауап» оқыта үйрету ойыны арқылы жүргізуге де болады.

«Сұрақтар мен жауаптар» ойыны

Ойынды материалды өз бетінше игерудің бірінші кезеңінде, яғни сөйлеу бөлімінің бірінші сабақтарында өткізуге болады.

I тур

Оқушылар, әдеттегідей, қатармен партада отырады. Барлығы 6 қатар.

1 қатар

2 қатар

3 қатар

4 қатар

5 қатар

6 қатар

Мұғалім әр жұпқа барлық игеріліп жатқан тақырып бойынша 10 сұрақ жазылған қағаздарды таратады (немесе тақтаға жазады), 20 минут ішінде әр жұп оқулықтардан жауап іздеумен айналысады.

II тур

2 және 3-қатарда отырған оқушылар орын ауыстырды, 4 және 5-қатарлар да солай істейді, яғни жаңа жұптар пайда болады.

1-қатар + 3-қатар

4-қатар + 6-қатар

2-қатар + 5-қатар

Енді қатар отырған оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақтарды қоя бастайды (сұрақтардың бұрынғы тізімі бойынша).

Әр оқушыда жауаптарды бағалау үшін жеке бланк болады.

Осылайша оқушы тек жұп (немесе тақ) сұрақтарға ғана жауап береді. Әр жауаптың уақыты - 2 минут. Бағаны екіншісі қояды.

III тур

II турдағы жұмыс біткеннен кейін қатарлар қайтадан алмасады.

Енді кездесетіндер: 1-қатар + 6-қатар

2-қатар + 3-қатар

4-қатар + 5-қатар

(қатарлардың нөмірлері ойын басынан сақталады). Басында берілген сұрақтардың тізімі бойынша оқушылар бір-бірін қайтадан тексереді. Егер II турда оқушылар жұп нөмірлері сұрақтарға жауап берсе, онда III турда тақ нөмірлері сұрақтарға жауап береді.

Әкеме көмек беру үшін, мен төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап беруім керек.

1. Ағаштарды суғару үшін не керек?

2. Ағашты кесу үшін қандай құралдарды алуым керек?

3. Жерді қаздыру үшін не керек?

4. Шеге қағу үшін маған не керек?

5. Ауланы тазалау үшін не керек?

4-тапсырма. Диалогті оқып, өзара сөйлесу.

V. Сабақты қорытындылау.

«Синквейн» әдісі: Көктем.

VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. 2-тапсырмада берілген құралдарды пайдаланып, әкесіне қандай көмек бере алатыны туралы әңгіме құрау.
5-сабақ Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.
1-тапсырма. М. Қуанышбековтің өлеңін түсініп, жаттау.

Анаң – күнің, жүрегің, Әкең – асыл ардағың,

Әкең - өмір тірегің. Атаң - дана қорғаның.

Сен бақытты ұлансың, Сен – бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.! Бәрі саған қуансын.!
Ағаң – қамқор асқарың, Қарындасың – қанатың,

Інің – мөлдір аспаның. Ел – Отаның, жаннатың.

Сен – бақытты ұлансың, Сен – бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.! Бәрі саған қуансын.!

(М.Қуанышбеков).
2-тапсырма. Берілген өлеңнен бір құрмалас сөйлем алып жоспар бойынша синтаксистік талдау жасау.

Синтаксистік талдау жоспары:

1. Сөйлемді оқып, дауыс ырғағын анықтаңдар.

2. Сөйлемнің мағынасына, құрылысына, құрамына қарай қандай сөйлем екенін тұүсіндіріңдер.

3. Сөйлемнің сөйлем мүшелерін, олардың байланысын талдаңдар.

4. Сөйлем мүшелерін шартты белгілермен сызып көрсетіңдер. [бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш].
V. Сабақты қорытындылау. «Автор орындығы»:

«Бақытты отбасы» деген тақырыпқа оқушылар шағын әңгіме жазады. Содан соң жазып болған оқушы ортаға шығып оқып береді.
VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. Берілген жай сөйлемдерді жалғаулықтар арқылы құрмалас сөйлемге айналдырып жазу.

25-25-сабақ Нәтиже сабақ Күні: 14.10.15ж.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Берілген сөйлемдегі есімшені табыңдар. Мен жазғы демалысымда ата-әжеме баратын болдым.

A) жазғы B) демалысымда C) ата-әжеме D) баратын

2. Жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақсыз болатын құрмалас сөйлем қалай аталады?

А) салалас В) сабақтас C) аралас D) құрмалас

3. Төмендегі жұрнақтардан есімшенің жұрнағын табыңдар.

A) –ыс B) –т C) –ып D) -ған

4. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмаластың жасалу жолын табыңдар.

A) -са, -се + ж.ж. B) -у үшін C) -ғанда, -генде D) -ып, -іп

5. Берілген сөйлем сабақтастың қай түрі екенін ажыратыңдар. Жұмыс аяқталғаннан кейін, біз тысқа шықтық.

A) шартты бағыныңқылы сабақтас B) мезгіл бағыныңқылы сабақтас

C) себеп бағыныңқылы сабақтас D) қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

6. Іс-әрекеттің болу, болмау себебін білдіретін сабақтастың түрі қалай аталады?

A) шартты бағыныңқылы сабақтас B) мезгіл бағыныңқылы сабақтас

C) себеп бағыныңқылы сабақтас D) қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

7. Берілген сабақтастың түрін табыңдар. Олар сабақ оқымақ болып, әдейі уақытын бөлді.

A) мақсат бағыныңқылы сабақтас B) мезгіл бағыныңқылы сабақтас

C) себеп бағыныңқылы сабақтас D) шартты бағыныңқылы сабақтас

8. Сабақтастың түрін табыңдар. Ауылға барғанда, әжеме май шайқауға көмектесемін.

A) мезгіл бағыныңқылы B) шартты бағыныңқылы

C) себеп бағыныңқылы D) қимыл-сын бағыныңқылы

9. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар. Ата көрген оқ жонады, Ана көрген ... пішеді.

A) көйлек B) кеудеше C) тон D) белдемше

10. Есімшенің неше жасалу жолы бар?

A) үш B) төрт C) бес D) алты
ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.

1. Сабақтас құрмаластың әр түріне мысал келтіріп, ата - әжеңе көмек бергендерің туралы айтып беріңдер.

2. Етістіктің ерекше мағыналық түрі есімше туралы, жұрнақтары туралы айтыңдар. Бірнеше мысал келтіріңдер.

3. Жазғы демалыста ата - әжелеріңе барасыңдар ма? Оларға қандай көмек бересіңдер?

4. Отбасындағы адамдардың орны туралы әңгімелесіп, өзара диалог құраңдар.

5. Есімшені қатыстырып, бірнеше сабақтас құрмалас сөйлем құраңдар.
V. Сабақты қорытындылау. Топтастыру:

Сабақтас құрмалас сөйлем


VI. Үй тапсырмасы. Ережелерді қайталау.

1.Пән аты:  Қазақ тілі

2.Сыныбы: 8-сынып         

3.Күні, айы, жылы: 15.10.2015ж.

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды  қоршаған ортаны  қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың  жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: бақылау сабағы.

Сабақтың түрі: мазмұндама

Сабақтың әдіс-тәсілі:  сұрақ-жауап, түсіндіру, жазба жұмысы.

Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы.

Пәнаралық байланыс:  тіл, әдебиет.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.  Оқушыларды мазмұндама мәтінімен таныстыру.

Құс – табиғат перзенті

Көктем күшіне еніп, бүкіл дала құстардың әсем үніне бөленді.

Атамыз қазақ қашан да құс атаулыны ерте заманнан ерекше құрметтеп келген. Қыран бүркіт, алғыр қаршыға, көк дауыл сұңқар, ұшқыр тұйғын баулып, оларды қиянға салып, өнерін құмарта тамашалаған. Құс біткенді жәбірлеуді өздеріне рақымсыздық, қиянат көрген. Бұл жөнінде ел аузында мынадай бір аңыз бар.

Жоңғар шапқыншылығы кезінде адамдар ел-жұртын тастап, бас сауғалап,

жан-жаққа қашқаны белгілі. Сонда жау келе жатқан жолда атақты Төле би көшпей, жалғыз үй қалып қойыпты. Ентелеп келіп бас қойған жау еш қаперсіз жұртта отырған жалғыз үйді көріп, оның бұл қылығына таң-тамаша қалады. Өктем жау ордаға келіп ойран салмақ болғанда, Төле би шығып:

— Ей, адамзаттың балалары! Биыл көктемде шаңырағыма қарлығаш ұя салып еді. Қазір сол ұяда оның қызылшақа балапандары жатыр. Соларды аяп, өзгелерге ұқсап үдере көшпей, шаңырағымды, жолдарыңда қалып қойдым. Ең болмаса, сол балапандарды аяңдар. Өзіме тисеңдер  де,  шаңырағыма тимеңдер, — деп, өтініш жасаған екен дейді.

Сонда жауыздығымен әлемге аты жайылған жоңғар басқыншыларының өзі Төле бидің асқан адамгершілігіне риза болып, оның шаңырағына  тиіспеген көрінеді.

Саятшылық – үлкен өнер, ата салтымыз. Саятшылық құру – аң-құсты қырып жою деген сөз емес, қайта оған қамқор болу, жанашырлық ету деген сөз. Ел арасында аңдар мен құстардың қайсысының қай уақытта өсіп-көбейетінін, жүретін жерін, олардың мекендейтін, жайылатын орнын, жүріс-тұрыс, мінез-дағдысын өте жақсы білетін адамдар көп. Олар аң-құстың өсіп-көбейетін кезінде мазасын алмайды,  үркітпейді, қайта қамқор болып жүреді. Қазақ салтында жалт еткенді жамбастан, бүлк еткенді бүйректен, сырт еткенді сирақтан тигізетін, құралайды көзге атқан мергендердің өзі аң-құстың бәріне бірдей тие бермейді, қалағанын ғана таңдап ататын болған.  Өйткені Табиғат-ана әркімнен өзгеге залалын тигізбей, қажет тап басып тауып алуды, өзін аялауды, шапағатты көзбен қарауды қалайды.

 

Мазмұндау жоспары:

Аталар құрметі.

Аңыз ізімен.

Саятшылық деген не?

Құс – табиғат.

Ата – баба дәстүрін сақтау.

    Сөздік жұмысы:



бас сауғалау, қаперсіз.

 ІІІ. Сабақтың аяқталуы.



ІҮ. Үй тапсырмасы: Қайталау





8-сынып Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы

Диктант «Аңшы»

Жалпы мақсаттар

Сөйлем мүшелері , сөйлемдегі орны, тыныс белгілері бойынша диктант жүргізу. Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау.

Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау.

Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету.


Оқыту нәтижелері

Топта белсенділік көрсетуге тырысады;

Теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады;

пысықтауыштың күнделікті әрекетте кездесіп жүргенін біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады.


Негізгі идеялар

Диктант- сауаттылықты тексеру жұмысы, оқушылар жұмыстарының қалай бағаланатын біледі.


Дереккөздер,сілтемелер

Қазақ тілі «Сборник диктантов» С.Дюсебаев.

2011ж .



Ынтымақтастық атмосфера тудыру

Мұғалім жазбалары

Еркін әңгімелесу.

Мектепке келе жатып нені байқадыңыздар?

Ауа- райы қалай?

Сен сыныпқа келгенде кімдер болды?



Тұсаукесер

  • Өтілген ережелер бойынша сұрақтар, диктант мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін бірігіп жасау.

  • Мәтінге кіріспе сұрақтар беру.

  • Аңшылық туралы айту

Мағынаны тану

Ескіден жаңаға көшу, меңгеру қадамдары.

Аңшы

Аңшы жылдамдатып, боз жорғаны қамшылап, дабылды ыңғайлап алып, шаба жөнеледі. Бірер секундтың шамасында қаздарға жақындап келіп, қаршығаны серпіндетіп лақтырып жіберіп, дабылды қағып – қағып қалды.

Дабылдың дауысынан шошынып ұшқан қаздар қарбаласып, тік ұшты. Садақтың оғындай суылдай ұшып қыран жөнеледі.

Құлшынып жөнелген Саршегір ұшқыр қанатын екі – үш қаққанда, әлі жөнеле алмай бара жатқан қаздардың астына жетіп қалды.

Келесі секундта аспандағы үш құстың ұйқы – тұйқы болып жанталасқан қарбаласы көрінеді. Қыран қазды шұбатып алып түсіп, басып қалды. Саршегір жемін жіберген жоқ ... әне, аңшы да атын борбайлап шаба жөнелді. (81 сөз)

(М.Әуезов. «Қыр суреттері»)








Жазу кезеңі

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріне бір мысалдан келтіру.



Қосымша тапсырмалар

Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.

Ой толғаныс

Аңшыға дабылдың қандай пайдасы тиді?




Қайталау ережелері

Бір сөзге дыбыстық талдау жасау, бір сөзді септеу.



Бағалау

Тексеріп, емле қателері мен пунктуациялық қателерін шартты белгімен көрсету.

V МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: Асханадан тамақтану

Грамматикалық тақырыбы: Өтініш, тілек айтуға қатысты этикеттік орамдар


Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру

Лексикалық тақырып

Грамматикалық тақырып

Бекіту

Жаттығуларды орындау

Мақал-мәтелдермен жұмыс

45 минут

Сөйлеу

Қорытын

ды

2-сабақ

«Мектеп асханасы» мәтінімен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар

Жаттығуларды орындау

45 минут

3-сабақ

«Менің үйім» мәтіні

Жаттығуларды орындау

Тұрақты тіркестермен жұмыс жасау

45 минут

4-сабақ

«Асхана қай жерде орналасқан?» сұхбатымен жұмыс

Жаттығуларды орындау

Тақырыпқа байланысты шығарма жазу

45 минут

5-сабақ

«Асханада отбасыммен тамақтану» мәтінімен жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар

Жаттығулармен жұмыс

45 минут

6-сабақ

«Асханадағы ас мәзірі» мәтінімен жұмыс Жаттығулармен жұмыс

Тақырыпқа байланысты сұхбатпен жұмыс Кестемен жұмыс

45 минут

7-сабақ

«Асқа тапсырыс беру» сұхбаты

Деңгейлік тапсырмалар

Жаттығулармен жұмыс

45 минут

8-сабақ

Мазмұндама

Мәтінмен танысу

Жоспар құру

45 минут




9-сабақ

Диктант

Мәтінмен танысу

Сауатты жазу

45 минут




10-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары

45 минут

Кіріспе бөлімі

27-27-сабақ 16.10.2015ж.

Өтініш, тілек айтуға қатысты этикеттік орамдар

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.

Белгілі бір әлеуметтік ортада, ұжымда, мәдени-көпшілік орындарда және т.б. жерлерде балалар адамдармен араласады. Олар: сәлемдесу, қоштасу, танысу, кешірім сұрау, жұбату, құттықтау, тілек айту, ризашылық білдіру, өтініш жасау, т.б.



Оқушылар оқулықта берілген сызбаларды қарап, ережелерді оқып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет