Сабақ саны Модульдің мазмұны Уақыты, мин кіріспе 1-сабақ



бет3/3
Дата22.05.2017
өлшемі488,32 Kb.
#16560
түріСабақ
1   2   3






1. Сұраулы сөйлем бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылатын сөйлем. Сөйлем соңында сұрау белгісі (?) қойылады.

Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдары:

1) сұрау есімдіктері арқылы (кім? не? қанша? т.б.);

2) сұраулық шылаулар арқылы (ма, ме, ба, бе, па, пе, ше);

Мысалы: Сенің отбасыңда қанша адам бар?

2. Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем.

Мысалы: Жазда мен ауылға бардым, бір ай жақсы



демалып қайттым.

3. Шылау — сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына беретін сөз табы. Шылау сөздер: септеулік, жалғаулық, демеулік.

1) Септеулік шылау белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданылады. Септеулік шылаулар: туралы, үшін, дейін, кейін, соң, бірге, қатар, т.б.

Мысалы: Мен ана туралы өлең оқыдым.

2) Демеулік шылау өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді.

Демеулік шылаулар: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше; -ақ, -ау, -ай, да, де, та, те, ғана, тек, т.б.

Мысалы: Сен үйге барасың ба?

3) Жалғаулық шылау сөздер мен сөйлемдерді салыстыра, тең дәрежеде байланыстырады.

Жалғаулық шылаулар: және, әрі, да, де, немесе, өйткені, себебі, т.б.

Мысалы: Мен кешке кітап оқимын немесе кино көремін.



Оқушылар оқулықта берілген сызбаларды қарап, ережелерді оқып шығады.

V. Сөздік жұмысы.

1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу.

2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы.

3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.

4. Сөйлем құрау.



VI. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Жұмбақтарды шешу.

2. 2-тапсырма. Ы. Алтынсариннің өлеңін түсініп, жаттау.

3. 3-тапсырма. «Әженің таңдануы» мәтінін рөлге бөліп оқу.

4. 6-тапсырманы орындау.

VII. Сабақты қорытындылау.

VІІІ. Үй тапсырмасы. Ы. Алтынсариннің өлеңін жаттау.


Сөйлесу бөлімі

2-сабақ

Мінездің ұнамды белгілері

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. Сөздік жұмысы.

Сөздік

келбет - внешность



жан дүниесі - внутренний мир

көркі - вид

үңілу - заглянуть

құдай сақтасын! - боже упаси!

ештеңемен - ничем

жуып кетіре алмау - не смыть

2. 1-тапсырма. А. П. Чеховтың айтқан сөзін қалай түсінесіңдер? Өз пікірлерін ортаға салу. Мәтіндегі жалғаулық шылаулары бар сөйлемдерді жазып алу.

3. 2-тапсырма. «Мінездің ұнамды белгілері» мәтіні бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.



Жеке-топтық жұмыс формасы

Құрал-жабдығы:



1. Бағалау парағы.

2. Оқулықтағы үш күрделілік деңгейдегі тапсырмалар.

3. Жауап үлгілерін мұғалімнің өзі дайындайды. Жетон дар.
Ойынның жүру барысы

I нұсқа:


Бұл сабақта оқушылар өз білім деңгейіне қарай тап­сырмалар таңдай алады. Үстелде әр оқушының алдында үш деңгейлі барлық сұрақтар бар парақтар жатады (әр парақта 2-3 тапсырмадан).

Оқушылар деңгейді таңдайды:

• III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.

• II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.



• I деңгей (едеуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқу­шылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс.

Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес балдық жүйемен бағаланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет