Сабақ: Сауат ашу
|
Мектеп:М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебі
|
Тақырыбы: Жыл мезгілдері. Буын
|
Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті
|
Бастауыш сынып мұғалімі
|
Мұғалімнің есімі:Изтилеуова Жадыра Сансызбаевна
|
Сынып: 1 «е»
|
Қатысқандар саны: 25
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Жыл мезгілдері туралы түсінік қалыптастыру.Балалардың сөздік қорын, ауызекі сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Буын туралы түсінік беру. Сөздерді буынға бөлуге үйрету. Өз ойларын еркін жеткізе білуге дамыту. Өзара достыққа, құрмет сезіміне тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Суреттерге қарап жыл мезгілдерін ажырата алады.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Жыл мезгілдеріндегі табиғат өзгерістері жайлы әңгімелей алады.Сөздерді буынға бөле алады.
|
Кейбір оқушылар:
|
Жыл мезгілдерінің атауларын үш тілде айта алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Мәтіндегі табиғаттың маңыздылығы туралы біледі.
Жыл мезгілдерінің адамға және адамның іс-әрекетіне әсерін түсінеді.
Жыл мезгілдерінің аттарын үш тілде айта алады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
Буын, буын сызбасы, әңгіме
|
Сыныптағы диалог\жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
1.Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
2.Күз айларында табиғат қалай өзгереді?
3.Күзгі еңбек туралы не білеміз?
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
-Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз айларын білемізбе?
|
-Жыл мезгілдерін үш тілде айта аламызба?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Жыл мезгілдерінің аттарының бірінші әріптерін ауада жазып үйрену.
Дәптерге жазу
|
Алдыңғы тақырып
|
Мен жақсы көретін жануарлар. Буын.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
Шаттық шеңбері: «Жүректен –жүрекке» тілектер айтқызу.Жыл мезгілдеріне байланысты топға бөлу. «Жаз», «Қыс», «Көктем», «Күз».
|
Топ атауы жазылған парақшалар.
|
Ортасы
|
1.Жыл мезгілдері туралы жұмбақ өлеңде қай жыл мезгіл суреттелгенін тауып айтады.
2.Слайдтан жыл мезгілдерінің суреттері бойынша әңгімелейді.
3. Табиғат құбылыстарына байланысты қима қағаздарды құрастырады.
4. Әр топ өздерінің жыл мезгілдері туралы ақпарат айтып, постер қорғайды
5. Жыл мезгілдеріне сызба бойынша дыбыстық талдау жасайды. Үш тілде атауын айтады.
Жаз- Лето- Summer
Күз –Осень – Autumn
Қыс –Зима – Winter
Көктем –Весна - Spring
Сергіту сәті «Төлдер» әнін айту.
|
Интербелсенді тақта, қима қағаздар, түрлі-түсті каламдар .
|
Аяқталуы
|
Бағалау.
1.Мадақтау сөздер арқылы «керемет», «жақсы», «әттеген-ай».
2. «Бесбармақ» әдісі.
3.Үй тапсырмасына оқулықтағы суреттер бойынша әңгіме құрау.
|
|
Қосымша ақпарат оқулықтан тыс
|
Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс құндылықтардағы байланыс.
|
А деңгейіндегі (үлгерімі жақсы)оқушыға: Қай мезгілде туылғаны туралы әңгімелеп беру.Үш тілде жыл мезгілдерін атау.
Ә деңгейіндегі (үлгерімі орташа)оқушыға: табиғаттағы өзгерістер туралы айтып беру,
Б деңгейіндегі (үлгерімі нашар) оқушыға - сурет бойынша әңгімелеу.
|
Екі жұлдыз бір тілекпен бағалау.
Бармақпен бағалау. Керемет-бармақ жоғары. Жақсы-бармақ көлденең.
|
Жаратылыстану, орыс тілі, ағылшын тілі.
|
Рефлексия
Сабақ\оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Сабақ шынайы мақсатта құрылды.
- Оқушылар жыл мезгілдерін ажырата білді.
- Жыл мезгілдерін үш тілде аудара білді.
- Сыныпта жағымды ахуал туды.
- Оқушылар деңгейлі тапсырмаларға ақаусыз жауап берді.
- Жоспарланған уақыт тиімді пайдаланылды.
|
|
Қорытынды бағалау.
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
Топпен жұмыс.
Бейнематериал.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Жыл мезгілдеріне байланысты жұмбақ өлеңдер.
Суреттермен жұмыс.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
«Кім жылдам» ойыны балаларды шапшаң ойлауга бағыттайды.
Жұптық жұмыс ұйымдастыру.
|