Тапсырма
1. функция мәнін есептейтін қосымша жаса
2. шартты анықтап, функция мәнін есептеуге бағдарлама жаз.
3. Арифметикалық төрт амалды орындайтын құрал - Арифмометр қосымшасын жаса.
№20 слайд, №20 флипчарт «арифмометр" сілтемесі көмегімен «арифмометр" қосымшасының интерфейсі және қызметі көрсетіледі. Түсініктеме беріледі.
4. a,b,x бүтін сандары берілген. Меншіктеу қажет:
5. Рауан асық атып ойнау үшін радиусы 2 м шеңбер сызды. Ол шеңбердің жиегінде тұрып ортасындағы асықты атқанда, асық 3 м қашықтыққа ұшып түсті. Асық шеңбердің ішіне түсті ме, әлде сыртына түсті ме? Нәтижені мәтін түрінде: «Асық шеңбердің сыртына түсті» немесе «Асық шеңбердің ішіне түсті» деп беру керек.
6. Фирма қызметкерді жұмысқа қабылдауда. Қабылдау шарты жұмыс стажының 3 жылдан кем болмауын және жасы 35-тен үлкен болмауын талап етеді. Үміткердің осы талапты қанағаттандыратынын тексеретін бағдарлама жаз.
Бекіту сұрақтары
Шартты оператор қандай алгоритмдік құрылымды іске асыру үшін қолданылады?
Шартты оператордың жазылу синтаксисі қандай түрде пайдаланылады?
Шартты беру үшін қандай амалдар қолданылады?
Тест
О
№25-26 слайд,
қушылардың бұрынғы және жаңа сабақ материалын меңгеруін анықтайтын 4 жауаптан тұратын 10 сұрақты тест тапсырмасы Activote құралын пайдалану арқылы Test_10.flp атты тест файлымен орындалады.
Тест
1. VB қосымшаларын жасауда қолданылатын компоненттер орналасуы мен дизайнын
жасау үшін қызмет атқаратын бас терезені не деп атайды?
а) Пішін
ә) Код терезесі
б) Пішін жобасы
в) Қасиеттер терезесі
2. Пішін, батырма, енгізу өрісі, жазу т.б. іспеттілерді не деп атауға болады?
а) Оқиға
ә) Қасиет
б) Әдіс
в) Обьект
3. Обьектінің сипаттамаларын не оның күйін белгілейтін атрибут қалай аталады?
а) Оқиға
ә) Қасиет
б) Әдіс
в) Обьект
4. Обьектімен танылатын әрекетті не деп атаймыз?
а) Оқиға
ә) Қасиет
б) Әдіс
в) Обьект
5. Обьектіге қатысты жасалатын әрекетті қалай деп атайды?
а) Оқиға
ә) Қасиет
б) Әдіс
в) Обьект
6. Экранда пішін көрінбей тұрса, онда оны көрінетін ететін әрекеттің қатесін тап.
а) ++ Shift+F7
ә) Проект – Добавить форму
б) Вид – Проводник проект ов – Form1 екі рет шерту
в) Вид – Объек
7. Экранда код терезесі көрінбеген жағдайда, оны ашу әрекетінің қатесін тап.
а) Вид – Код
ә) Вид – Проводник проектов
б) Компонентке «тышқанды» екі рет шерту
в) F7 пернесіне шерту
8. Экранда қасиеттер терезесі көрінбей тұрса, онда оны жүктейтін әрекеттің қатесін анықта.
а) Проект – окно параметров
ә) Вид – окно параметров
б) Құрал-саймандар панеліндегі «окно проектов» пиктограммасына шерту
в) F4 пернесін шерту арқылы
9. Деректерді енгізу функциясы:
а) Input
b) Input a,b
c) InputBox
d) Input(“…”)
10. If … then … else қалай аталады?
a) Тармақталу алгоритмі
b) Егер онда әйтпесе
c) Басқарма операторы
d) Шартты оператор
№25 флипчарт, №27 слайд,
Үйге тапсырма
1. Шартты оператор туралы оқу;
2. а, в, с нақты сандары берiлген. Тексерiңдер: а<в<с теңсiздiгi орындалама? Жауапты мәтiн түрiнде: “теңсiздiк орындалады” немсе “теңсiздiк орындалмайды” – деп берiңдер.
2≤х≤4, 2≤у≤4 координаттарымен шаршы берiлген. Егер М(х,у) нүктесi квадрат iшiнде жататын болса, осы нүктенiң координаттарын еске ұстау керек.
Компьютер ойлаған санды табу қосымшасын жасаңдар
№25 флипчарт «сан тап" сілтемесі көмегімен «сан тап" қосымшасының интерфейсі және қызметі көрсетіледі. Жобаны құру жөнінде түсініктеме беріледі.
Ашық сабақтың өздік талдауы
27 қазан 2010 жылы 10Ә сыныбында «Visual Basic ортасында бағдарлама құру процесінде Шартты операторды оқу» атты тақырыпта ашық сабақ өткіздім.
Шартты оператор қызметі туралы жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты флипчартқа жазылды.
Жаңа сабақ интерактивті тақтаны пайдаланып, ActivStudio программасында құрылған флипчарттарды қолдану арқылы демонстрациялық жолмен жүргізуге негізделді.
Жаңа сабақты оқушылардың қызығушылық ниетін ояту, белсенділігін арттыру мақсатында проблемалық мысалдар келтірумен бастадым.
Оқушылар флипчартта келтірілген мысалдар мәнін ой елегінен өткізу және талдау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын, сабақтың мақсатын түсінді.
Бұл кезеңде оқушылардың назарын өзекті мәселереге аударуға ықпал жасалынды. Өздік ізденуге мүмкіндік тудыруға жағдай жасалынды.
Оператордың қызметі, оны бейнелеу түрлері, жазылу форматы, бағдарлама құрудың жолдарын көрсетуге арналған бағдарламалық мысалдар ActivStudio программасының флипчарттарын пайдалану арқылы көрсетілді.
Демек сабақты түсіндірудің демонстрациялық әдісі іске асырылды. Жаңа компьютерлік құрал – интерактивті тақтаны пайдалану жүзеге асты.
Математикамен пән аралық байланыс ұштастырылды.
Индукция кезеңінде шартты оператор қызметін ашу процесінде ойларын жинақтауға флипчартта жазылған бағдарлама үзіндісі ұсынылды.
Сабақтың мазмұны техникалық көрнекілік құралдар - ActivStudio программасын, флипчарттарды, интерактивті тақтаны қолдану арқылы ашылды.
Тапсырмалар флипчарттар арқылы берілді.
Эксперименттік жұмыс ретінде Visual Basic ортасында жасалынған «Арифмометр» атты қосымшасы «ехе» файл арқылы сілтемені қолдану көмегімен көрсетілді. Оқушыларға ақпаратты көзбен көріп алуға мүмкіндік жасалынды.
Оқушылар берілген тапсырманы орындау мақсатында қосымша жобасын, код мәтіндерін Activpen электронды қарындаш көмегімен флипчарттқа жазу арқылы жүзеге асырды.
Оқушылардың өтілген материалды түсініп, ұққанын бақылау мақсатында 10 сұрақтан тұратын 4 жауапты тест ұсынылды.
Оқушылар Activote құралын пайдаланып жауап беру, нәтижесін тез көру, бағасын білу мүмкіндігіне ие болды.
Қорытынды кезеңінде программа құру жолдарын талқылап, жіберген қателері, басқа қандай тәсілдерді пайдалануға болатыны туралы пікірлерін ортаға салды.
Үй тапсырмасының кейбір қиындық тудыратын жерлеріне қысқаша түсіндірмелер берілді.
Сұраққа жауап беріп, тапсырма орындаған оқушылар білімі бағаланды.
Сабақ өз уақытында аяқталды.
Информатика пәні мұғалімі: Есенғұлов М.К.
Достарыңызбен бөлісу: |