Күнделікті өзін-өзі бағалау журналы Күнделікті өзін-өзі бағалау журналы мұғалім оқушылардың сабақ барысында қабылданған білімін, дағдылары мен шеберліктерін бағалауға және оларды қандай әдіспен жүзеге асырғандарын қадағалау үшін құрылады. Күнделік ұстазға оқушылардың алға жылжу деңгейлерін және соған сәйкес білімдерін әрі карай жетілдіруі үшін жәрдемдеседі.
Формативті сұрау Бұл әдіс презентациядан кейін бірден немесе қандайда бір сабақтағы тексеруге арналған. Мұғалім «Неге? Қалай? Қайтіп?» деген қосымша нақтылау сұрақтарын қояды.
Олар несімен ұқсас әлде айырмашылығы қандай?
Мінездемесі қандай______?
Ондағы негізгі идеясы, тұжырымдамасы қандай?
Сіз қандай идея немесе қосымша мағлұмат қоса аласыз?