Жаңа материалды қабылдауларын тексеруге арналған жаттығулар Мұғалім «Болжау», «Түсіндіру», «Айтып беру», «Бағалау» деген төрт терезеден (шаршы) тұратын кесте құрады. Жаңа материалды түсіндіріп болған соң ол оқушылардан берілген шаршылардың бірін таңдауларын ұсынады. Бұл арада мұғалім әрбір оқушыға бұл әдіс арқылы өтілген тақырып бойынша өздеріне өздері тапсырма алып, орындайтындығын түсіндіріп өтуі қажет. Сонан соң олардың шаршыларды таңдауларына қарай мұғалім сұрақтар қояды.
Мысалы: Егер оқушы «Айтып беру» деген шаршыны таңдаса, мұғалім оған «Жаңа материалдағы негізгі идеяларды атап шық» деген тапсырма береді.