Сабақ соңында, келесі сабақта қай тақырыпты өтетіндігі жайлы хабарлайды


«Рефлексиялық нысана» техникасы әдісі



бет9/11
Дата08.02.2022
өлшемі34,79 Kb.
#117353
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
«Рефлексиялық нысана» техникасы әдісі

Тақтаға секторларға бөлінген нысана салынады. Әр секторларда рефлексия кезеңіндегі параметрлі сұрақтар жазылады.Айталық, мазмұнның сарапшылығы, пішіннің және сабақтың беру әдісін сарапшылығы, педагогтың қызметінің сарапшылығы, өзінің қызметінің сарапшылығы. Қатысушы белгілерді секторларға алған бағаның нәтижесі бойынша орналастырады: орталыққа неғұрлым жақын қойса соғұрлым ондыққа жақын; неғұрлым шетке қойса соғұрлым нөлге жақын. Содан кейін қысқа сараптама жасалынады.




«Арал» әдісі
Эмоционалдық тұжырымдамалық карта үлкен ақ қағазға «арал» бейнесінде салынады (қуаныш, көңілсіздік, қорқыныш, күту, қанағаттану, Бермуд үшбұрышы және т.б) Сабақтың соңында немесе аптаның соңында оқушылар өздерінің көңіл-күйлерін, эмоциональдық көңіл-күйлерін тақтада ілініп тұрған тұжырымдамалық «арал» картасына маркермен (фломастермен) сурет салу арқылы немесе кеме суретін ілу арқылы бейнелейді.


«Жаттығу» әдісі
Қозғалыс арқылы рефлексиялық сарапшылықты ұсынамыз. Ұсыныстың мынандай қозғалыстары:
- жартылай отыру - өте аласа сарапшылық, жағымсыз қатынас;
- отыру, яғни тізелерді аз бүгіп отыру - орта сарапшылық, немғұрайлы қатынас;
- әдеттегі қалыпты тұрыс, қолдары тігістерде ұстау - қанағаттанарлық сарапшылық, байсалды қатынас;
- қолдарын шынтақтарға қойып көтеру - жақсы сарапшылық, жағымды қатынас;
- қолдарын жоғары көтеріп, алақандарын соғу және аяқтарының ұшымен тұру – өте жоғары сарапшылық, мәз-мейрамдылық қатынас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет