Байланысты: 8-күн, Жұмыс дәптері, толқындық оптика
Тапсырма. Сандық есептерді шығару Оқу мақсаттарына сәйкес өз топтарыңыздағы есептерді шешіңіз.
1 топ
11.6.1.2- 11.6.1.2 - призма арқылы өткен кездегі ақ жарықтың жіктелуін түсіндіру;
Есеп 1. Шыны призманың өзіне түскен жарықтың толқын ұзындығына тәуелді сыну көрсеткіші бар.Вакуумдағы толқын ұзындығы 700 нм қызыл жарық үшін (700 х 10-9 м) сыну көрсеткіші1,50, ал вакуумдағы толқын ұзындығы 480 нм көк жарық үшін сыну көрсеткіші 1,60 құрайды. Ақ жарық сәулесі сол жақтан, суретте көрсетілгендей бірінші бетке перпендикуляр түсіп, призма арқылы өткенде ақ жарық құрамдас бөліктерге ыдырайды.
а. Шыныдан өткен көк жарық толқынының жылдамдығын анықтаңыз.
в. Шыныдан өткен қызыл жарықтың толқын ұзындығын анықтаңыз.
c. Шыныдан өткен қызыл жарық толқынының жиілігін анықтаңыз.
d. Жоғарыдағы суретке қызыл және көк жарық сәулелерінің шыны арқылы өтіп, қайта вакуумға оралу жолдарын шамамен салыңыз.
е) төмендегі суретте жоғарыда берілген шынының үлкен бөлігіндегі сына тәрізді қуыс кеңістік көрсетілген. Осы суретке қызыл және көк сәулелердің қуыс призма арқылы өтіп, шыныға қайта оралуы кезіндегі жолын шамамен салыңыз.
.
Тапсырма 2 Суретте шыны призманың Р нүктесіне түскен ақ жарық бейнеленген. Призмада сынған қызыл сәуле PQ ғана көрсетілген.
а) Суретте қызыл сәуле жолының жалғасын және күлгін сәуленің экранға дейінгі бүкіл жолын салыңыз
б)Түскен ақ жарықтың түсу бұрышы 40 ° дейін ұлғайтылды. Қызыл жарық үшін сыну көрсеткіші 1,52 . Қызыл жарықтың Р нүктесіндегі сыну бұрышын есептеңіз.
в) жылдамдығын есептеңіз:
(i) Р нүктесіне түскен ақ жарық толқынының
(іі) призманың Q нүктесіннен шыққаннан кейінгі қызыл жарық толқынының
Тапсырма 3 а)Оқушы қуысы тұз ерітіндісімен толтырылған призма көмегімен жарықтың сынуын зерттейді
Ол көгілдір сәулені А нүктесінен В нүктесіне бағыттап,оның жолын призма арқылы бақылайды. Суретте көгілдір жарық сәулесінің жолы көрсетілген.
а) Суреттегі В нүктесіне нормалды тұрғызыңыз және түсу бұрышын өлшеңіз.
б) Содан кейін оқушы қызыл жарық сәулесін А нүктесінен В нүктесіне бағыттайды, қызыл жарықтың тұзды ерітіндінің сыну көрсеткіші, көк түске қарағанда төмен.Суретке қызыл жарықтың тұз ерітінді арқылы және призмадан шығу жолын салыңыз.
в) егер оқушы сыну көрсеткіші жоғары тұзды ерітінді қолданса, көгілдір жарықтың жолында қандай өзгеріс болатынын ұсыныңыз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2 топ 11.6.1.4 - жұқа пленкаға түскен және шағылған жарықтардан пайда болған интерференциялық максимумдар мен минимумдарды бақылау шарттарын анықтау Есеп 1.Шыны пластинкаға, сыну көрсеткіші n = 1,41 шынының сыну көрсеткішінен аз болатын жұқа мөлдір жабын қабатпен жабылған.Пластинкаға α = 30 ° бұрышпен ақ жарық шоғыры түседі. Шағылысқан жарықтың түсі жасыл сияқты болса, dmin жабын қабаттың минималды қалыңдығы қандай? Жасыл жарықтың толқын ұзындығы λ = 0,53 мкм.
2 есеп. Алыс нүкте көзінен толқын ұзындығы λ = 550 нм болатын жарық шыны сына бетіне қалыпты түрде түседі (n = 1,6). Шағылысқан жарықтың шыны сынаның бетіндегі интерференциялық жиектердің ені 0,21 мм құрайды. Сына қырларының арасындағы бұрышты табыңыз