Кіріспе
Қазақстан Республикасының білім беру саясатындағы негізгі принциптерінің бірі, ол: жеке адамның білімділігін ынталандыру және дамыту. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының білім туралы заңында былай айтылған: «Білім саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдалған негізгі принциптеріне тұңғыш рет... білімділікті ынталандыру мен дамыту принципі енгізілген, сол арқылы интелектуалдық еңбектің беделін көтеруге болады».
Бүгінгі әлемде білім беру ісіндегі жоспарлаудың маңыздылығын айта келіп, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев былай дейді: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білімінің көрсеткішімен белгіленеді». Шындығында қазіргі уақытта бүкіл әлемге балалардың білімділігін ынталандыру мен дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.
Соңғы кездерде «педагогикалық технология» жөнінде жиі сөз қозғалып жүр. Педагогикалық технология оқытудың тың әдістемесі немесе мүлде жаңаша жолдарын қарастырады деп түсінбеу керек. Оқыту мен тәрбие беру үрдістері ешқандай «науқандық» өтпелілікті көтере алмайтыны белгілі. Керісінше адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.
Сабақ – ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы «шығарманы» алдында отырған оқушыларға игерту де оңай шаруа емес. Ол үшін мұғалімнің біліктілігі, іскерлігі, көптеген әдіс-тәсілдерді қолдана білуі, айтқанын оқушы жүрегіне жеткізе алатындай шешендігі, шебер ой-өрнегі болуы керек.
Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, оқыс әрекеттер кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей сабақ үрдісін түрлендіріп отырады. Бүгінгі таңда озат педагог-ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіріп өткізудің неше түрлі жаңа тәсілдері жеткілікті.
Ал енді мен бүгін «Квадраттық теңдеулерді шешу тәсілдері» баяндамамда оқушыларға квадрат теңдеулерді шешу жолдарын түсіндіру әдістерін қарастырып өтемін.
Мазмұны:
Толымсыз квадрат теңдеулерді шешу.
Квадрат теңдеулерді формулалар арқылы шешу.
Квадрат теңдеулерді екінші коэффициенті жұп сан болған жағдайдағы шешу формуласы.
Квадрат теңдеулерді Виет теоремасы арқылы шешу.
Квадрат теңдеулерді шешудің графиктік тәсілдері.
Бірінші толымсыз квадрат теңдеулерге тоқталып кетейік. Осы тақырыпты түсіндіруде келесі сызбаларды қолданған жөн. Бұл сызбалардағы дөңгелектерінің түстерін әр түрлі етіп оқушыларға көрсеткен жағдайда, олар толымсыз квадрат теңдеулерді еске сақтап, шығару жолдарын қолдана біледі.
Квадрат теңдеулерді формулалар арқылы шешу тақырыбын оқушыларға түсіндіріп, ал берілген тапсырмаларды орындауда келесі кестелерді қолданған жөн, өйткені бұл кестелер арқылы оқушылар өздері теңдеудің түбірлерін табуға логикалық тұжырымдама жасауға тырысады. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |