Сабақ тақырыбы : 7 саны (шебер класс)



бет1/2
Дата14.02.2018
өлшемі1,27 Mb.
#37631
түріСабақ
  1   2
Ақтөбе облысы ,Шалқар ауданы

12 бөбекжай-бақшасы тәрбиешісі:

Аманғожина Халима Әлжанқызы. І-ші санатты тәрбиеші


Сабақ тақырыбы: 7 саны (шебер класс)

Сабақ мақсаты: балаларды 7-санының құрамыме таныстыру. Қосу мен азайту амалдарын қолданып, сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

-Балалар, біз ертегі тыңдағанды жақсы көреміз. Біз көп ертегілермен таныспыз. Мына суретте қандай ертегілерді бейнеленген? «Мақта қыз бен мысық», «Бауырсақ», «Маша мен аю», «Алтын сақа», «Жеті лақ» ертегісі».

Жеті лақ ертегісінің кейіпкерлерін атаңдаршы?

-қасқыр, ешкі және жеті лақ.

-балалар, ешкі орманда лақтарымен серуендеп жүргенде, лақтары көбелек қуып ойнап жүріп аналарынан адасып қалыпты. Енді біз осы ешкінің лақтарын тауып беруіміз керек., ол үшін бірнеше тапсырмалар орындаймыз.

1.ші тапсырма: «Сандарды сана» (тура және кері санау, көзбен санау, қазақша, орысша, ағылшын тілінде айту керек)

1-ші тапсырманы орындаған балаға боялмаған лақтың суретін беріп,оған ермексазды жіңішке ұзыншалағанын беріп шиыршықтауды тапсыру



2.ші тапсырма: «Жоғалған сандарды тап?»

2-ші тапсырманы орындаған балаға сұйық ермексаз арқылы боялмаған лақтың суретін бояуды тапсыру.



3.ші тапсырма: Логикалық есептер.

-Қазір мен сендерге қызықты есептер оқимын, сендер мұқият тыңдап, ойланып тапсырманы орындаңдар жарайма?.

-Орманда аңдар арасында жүгіруден жарыс өткізілді. Жүгіруге қоян, балық, түлкі дайындалыпты. Осы жарыста балық нешінші болып келеді деп ойлайсыңдар? (Балық жүгіре алмайды.)

Бес қонжық орманға,

Бара жатты қорбаңдап

Бірі олардың шаршады

Әрі қарай бармады.

Жауабын қане,тез айтшы,

Қанша қонжық кетті алда? (4)

Ұлпа жүнін қыздырып

Күн шуақта бір күшік

Отыр еді маңына,

Келді тағы төрт күшік

Нешеу болды, сен сана? (5)

-ұяға құс тез ұшып келе ме, әлде жұлдыз құрт па? (құс)

-өте жақсы балалар ойларың ұшқыр екен.

3-ші тапсырманы орындаған балаға боялмаған лақтың суретін беріп желім арқылы жіппен орындалатын тапсырма беру.

4 тапсырма:»Көршілес сандарды тап!



4-ші тапсырманы орындаған балаға мақтамен жұмыс жасату.(боялмаған лақты мақтамен желім арқылы жапсыру)

5. тапсырма «Сөздік ойын».



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет